Әл-Фараби кітапханасы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Интересные книги для чтения
Әбу Насыр әл-Фараби. Бақыт туралы кітап
Бұл кітапта Әбу Насыр әл-Фарабидың философиялық, әлеуметтік-этикалық трактаттары, музыка туралы үлкен кітап және ғылым саласына (оның ішінде геометрия жайлы) арналған еңбектеріне тоқталған.
Читать
Әбу Насыр әл-Фараби. Қайырымды қала
Адамның қоғамды және өзара көмекті керексінуі туралы, адам қоғамдарының түрлері туралы және ізгілікті қоғамдар дегеніміз не, қайырымды қала қандай, қайырымды қалаларда әділ билеу әдістері қандай және бірінші ізгілікті әкімнің лауазым орны жайлы.
Читать
Әл-Фараби және қазіргі заман
Оқу құралында орта ғасырдың ұлы ғалымы және философы Әбу Насір әл-Фарабидің негізгі ғылыми және философиялық көзқарастары қазіргі заманмен байланысты қарастырылған. Әл-Фараби Аристотельдің энциклопедиялық ғылыми жүйесін жалғастырушы ретінде көрсетіледі.
Читать
Машанов Ақжан Жақсыбекұлы. Әл-Фараби
Заманында бүкіл шығысқа әйгілі болған ұлы оқымысты Әл-Фарабидің туғанына 1100 жыл толуына орай шыққан бұл кітапта әл-Фарабидің өмірі, өскен ортасы, көне замандағы шығыс ғылым-мәдениетінің тұңғыш өркен жаю кезеңі кеңінен баяндалады.
Читать
Аронсон, Эллиот. Көпке ұмтылған жалғыз
Бұл кітап әлеуметтік психологияның жаңа қырларын ашады. Мамандар бұл ілімді, салыстырмалы түрде, ғылымның жас саласы деп есептегенмен, оның алғышарттары Аристотель заманында-ак көрініс тапқан.
Читать
Пинкер, Стивен. Тіл - инстинкт
Бұл классикалық еңбек көпшiлiк ойындағы тiлге катысты сан түрлі сұраққа жауап бередi.
Читать
Хесс, Реми Философияның таңдаулы 25 кітабы
Белгілі француз ғалымы Реми Хесстің бұл кітабы жас оқырманды батыстың аса көрнекті ойшылдары және олардың шығармаларымен таныстырады.
Читать
Куратко, Дональд Ф. Кәсіпкерлік
Бұл кітап XXI ғасырдағы экономикалық, қоғамдық және әлеуметтік дамудың басты қозғаушы күші болып саналатын кәсіпкерлік құбылысын теориялық және практикалық тұрғыдан зерделеуге арналған.
Читать
Гэмбл, Джон. Стратегиялық менеджмент негіздері: бәсекелік артықшылыққа ұмытылу
«Стратегиялық менеджмент негiздерi: бәсекелiк артықшылыққа ұмтылу» оқулығы стратегиялық менеджмент принциптерi мен талдау тәсiлдерiне концептуалдық тұрғыда маңызды әрi мазмұнды әдiстеме жасап ұсынган.
Читать
Ритцер, Джордж. Әлеуметтану теориясы
Оқулық әлеуметтану саласын зерттеушi мамандар мен оқытушыларға, әлеуметтану пәнi арнайы оқытылатын жоғары оқу орнының студенттерiне, сондай-ақ осы ғылымға қызығушылық танытқан оқырманға арналған.
Читать
Мағауин, Мұхтар. Шақан-Шері және әдепкі әңгімелер
Көрнекті жазушы Мұхтар Мағауиннің оқырман қауымнан өз бағасын алған "Шақан-Шері" романының көркемдік шеберлігі, шұрайлы тілімен баурайды.
Читать
Әметов Әбибілла Әметұлы. Ботаника
Университеттердің, ауылшаруашылық оқу орындарының студентгеріне арналған оқулық болып табылатын бұл кітап ботаниканың негізгі бөлімдерінің барлығын қамтиды (цитологиясын, гистологиясын, оргонографиясын, систематикасын).
Читать
Қойгелдиев, Мәмбет. Алаш қозғалысы
Азаттық қозғалыстың екінші кезеңі (1917-32 жж.) советтік биліктің қалыптасуы мен жүргізген реформалық шараларына түспа-түс келді. Зерттеу жұмысының екінші кітабы азаттық үшін күрестің осы мезгілдегі бағыттары мен ерекшеліктерін көрсетуді мақсат етеді.
Читать
Жиі қойылатын сұрақтар
Кітаптарға тапсырыс беру үшін алдымен электронды каталогта қалаған кітаптың бар-жоғын тексеру керек. Кітап біздің қорда бар болса, Сіз сайттағы онлайн- тапсырыс бөлімі арқылы, нұсқауларға сәйкес тапсырыс бере аласыз. Онлайн-анықтама Интернет қосылысы бар кез келген жерден библиографиялық, биобиблиографиялық және басқа да кітапханалық анықтамаларды алуға мүмкіндік береді.
Егер кітапхана кітабын жоғалтқан немесе бүлдірген болса, қолданушы келтірген залалының орнын толтыруға келесі міндетті: 1. Тура сондай кітаппен; 2. Кітапхана жоғалған кітаптың орнына тең келеді деп таныған басылыммен (ұсынылатын басылымдар тізімі); 3. Жоғалған басылымның нарықтық құнын төлеумен.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері, қызметкерлері оқу және көркем әдебиетті абонементтен бір оқу жылына алуына болады, тек тамыздың бірінен кешіктірмей қайтаруы керек
Оқу залында өз-өзіне қызмет ету терминалы арқылы, оқу және ғылыми әдебиеттерді бір күнге, көркем әдебиетті он күнге алуға болады.
Қорымыздағы кітаптардың цифрлық нұсқаларымен таныстыру үшін кітапханамыз әзірлеген жеке деректер базасы карантин кезеңінде барлық адамдар үшін ашық, ал кейін бұл базаны қашықтан тек тіркелген қолданушылар ғана пайдалана алатын болады.
Электрондық каталог біздің қордан оқу, ғылыми, көркем әдебиеттерді, газеттер мен журналдарды және басқа да басылымдарды іздеуге мүмкіндік береді, ол үшін жоғарғы сол жақ бағанда тиісті базалар бар. Ортаңғы бөлігінде жеңілдетілген іздеу режимі (кілт сөз бойынша), кеңейтілген іздеу (автордың аты-жөні, басылым атауы, жылы және электронды нұсқасын белгілеу), сонымен қатар кәсіптік іздеу режимдері бар.

Не нашли что искали?

Задайте вопрос библиотекарю

Оставленному отзыву тоже будем рады



Яндекс.Метрика