Кемел Тоқаев (1923—1986) 2 қазанда Алматы облысының Қаратал ауданында туған.
Ұлы Отан соғысының ардагері. 1948 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан»), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттері редакцияларында жауапты қызметтер атқарған.
1960–1977 жж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Ведомостарының» бас редакторы боп істеген, 1980–1984 жж. Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі болған.
Кеңес чекистері тақырыбына арналған оннан астам кітабы қазақ және орыс тілдерінде басылып шықты. Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақ КСР Ішкі істер министрлігі жариялаған әдеби бәйгелерде бірінші бәйге алып, төрт мәрте лауреат атанды (1956, 1972, 1977, 1980). «Қызыл комиссар», «Қылмыскер кім?» және «Сиқырлы сырлар» деп аталатын пьесалардың да авторы.
Ұлы Отан соғысының І және ІІ дәрежелі ордендерімен, екі мәрте «Ерлігі үшін» медалімен және басқа көптеген медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, КСРО Ішкі істер министрлігінің Құрмет Грамотасымен және омырауға тағатын арнаулы белгісімен марапатталған.
Кемел Тоқаев – соғыс тақырыбына арналған сүбелі шығармаларымен қатар, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының жолын ашқан қаламы қарымды көрнекті жазушы, оқырманды баурап алар шытырман оқиғалы көптеген роман, повестерімен қалың қауымның ықылас-ілтипатына бөленген қаламгер.
Шығармалары: Жұлдызды жорық. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1954; Қыс қарлығашы. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1958; Болашақ туралы ойлар. Повестер мен әңгімелер. А., «Қазақстан», 1955, 1958, 1972, 1975; Түнде атылған оқ. Повестер. А., «Жазушы»; «Қазақстан», 1971—1972, 1976; Қастандық. Повесть. «Жазушы»; «Қазақстан», 1971, 1972, 1975, 1976; Арнаулы тапсырма. Повесть. А., «Жазушы»; «Қазақстан»; 1965, 1968, 1976; Сарғабанда болған оқиға. Повесть. А., «Жазушы», 1975; Таңбалы алтын. Повесть. А., «Қазақстан», 1977; Соңғы соққы. Роман. А., «Жазушы», 1981; Солдат алысқа кетті. Роман. А., «Жазушы», 1983; Ұясынан безген құс. Роман. А., «Жазушы», 1983.
Фонотека
Подкаст «ТАСКЫН», посвященный жизни и творчеству Кемеля Токаева
Кемел Тоқаевтың кітаптары:
Кемел Тоқаев. Шығармалары 1 том Кемел Тоқаев — соғыс тақырыбына арналған сүбелі шығармаларымен қатар, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының жолын ашқан қаламы қарымды көрнекті қаламгер. Оқырманды баурап алар шытырман оқиғалы көптеген роман, повестерімен қалың қауымның ықылас-ілтипатына бөленген қаламгердің көп томдығының бірінші кітабына Солдат соғысқа кетті романы мен Түнде атылған оқ, Тасқын повестері берілді. | Оқу | |
Кемел Тоқаев. Шығармалары 2 том Көрнекті қаламгер Кемел Тоқаевтың бес томдық шығармалар жинағының 2-ші томына «Соңғы соққы» романы берілді. Туындыда Жетісу өңіріндегі жиырмасыншы жылдардың от-жалынға оранған күреске толы күндері кеңінен сипатталады. Ширыққан сюжетке құрылған кең ауқымды шығармада ел мен жер үшін күрескен тағдырлар тұлғасы дәуір мен деректің шындығы тұрғысында көркемдікпен суреттеледі. Романның оқырманды бей-жай қалдырмасы сөзсіз. | Оқу | |
Кемел Тоқаев. Шығармалары 3 том Қаламгердің бес томдық шығармаларының 3-томына «Ұясынан безген құс» романы мен «Қастандық» повесі енді. Бұл аталған туындылар кезінде республикалық әдеби бәйгелерде үздік шығып, жоғары бағаланған дүниелер. Шытырман оқиғалы роман мен повестің қызғылықты оқылатыны өмірде дәлелденіп, талай рет қайта басылғаны мәлім, орыс тілінде де көп данамен жарық көргені баршаға аян. Туындылардың оқиғасы қою, тілі көркем. Оқырман көңілінен шығары сөзсіз. | Оқу | |
Кемел Тоқаев. Шығармалары 4 том Қаламгердің бұл 4 томына адалдық пен әділдікті, батылдық пен тапқырлықты арқау еткен шынайылығы әсерлі шытырман оқиғалы «Сарғабанда болған оқиға», «Көшкен үйдің қонысы қайда?», «Таудағы жаңғырық» повестері мен «Көмескі із», «Солдат қабірының басында», «Жұлдызды жорық» әңгімелері енді. Шығармалардың тілі жатық, оқиғасы тартымды, қызғылықты оқылады. | Оқу | |
Кемел Тоқаев. Шығармалары 5 том Бесінші томға қаламгердің «Замандастар сыры» атты деректі жазбалары еніп отыр. Мұнда ол соғыс жылдарында туысқан Украина жерінде қайсарлық танытып күрескен партизандар өмірін байсалдылықпен әңгімелейді. Бес томдық шығармалар жинағының түйін сөзі ретінде Қ.Тоқаевтың «Әке туралы ой-толғау» эссесі, сондай-ақ қаламдастары мен замандастарының естеліктері де берілді. Олардың терең тебіреніске толы жан-жақты сараптау тұрғысында жазған естеліктері қаламгердің бар болмас-бітімін айрықша шынайылықпен сыр етіп шертеді. Кітаптың қызғылықты оқылатыны сөзсіз. | Оқу | |
Тоқаев, Кемел. Түнде атылған оқ : повестер / К. Тоқаев. — Алматы : Жазушы, 1971. — 227, [3] б. Жазушы Кемел Тоқаевтың «Түнде атылған оқ» атты бұл кітабы милиция өмірін көрсетуге арналған. «Қастандық», «Түнде атылған оқ» повестерінде милиция қызметкерлерінің алаяқтарды әшкерлеудегі айлакер әрекеттері тартымды суреттеледі. | Оқу | |
Тоқаев, Кемел. Тасқын : повестер және әңгіме / К. Тоқаев. — Алматы : Көркем әдебиет, 1958. — 203, [1] б. Бұл повестерде баяндалатын әрқилы жайлар жазушының құрғақ қиялынан туған емес, әр кезде, әрқилы жағдайда болған оқиғалардың негізіне сүйеніп жазылды. Мұндағы кейіпкерлердің кейбірі – милиция органдарының қызметкері. Тек олардың аты-жөні өзгертіліп алынған. | Оқу | |
Тоқаев, Кемел. Таңдамалы : жинақ / К. Тоқаев ; сый: Ж. Д. Дәдебаев. — Алматы : Ана тілі, 2010 . 5-т. : Повестер. — 246, [2] б. Оқырманға көптеген шытырман оқиғалы деректі дүниелерімен белгілі қаламгердің таңдамалы шығармаларының бесінші томына «Таудағы жаңғырық», «Замандас сыры» атты повестері еніп отыр. Қаламгер өз кейікерлерінің тағдырын, олардың тіршіліктегі соқпақты жолдарын шеберлікпен суреттеп оқырманын қызықтыра баурайды. Сондай-ақ бес томдық таңдамалының түйін сөзі ретінде қазақ әдебиетінде детектив жанрының негізін қалаған көрнекті қаламгердің өмірі мен шығармашылығы жайында терең толғап зерделі көңілмен жан-жақты баяндайтын Қ. Тоқаевтың «Әке туралы ой-толғау» эссесі де берілді. | Оқу | |
Тоқаев, Кемел. Таңдамалы : жинақ / К. Тоқаев ; сый: Ж. Д. Дәдебаев. — Алматы : Ана тілі, 2009 . 4-т. : Роман және повесть. — 309, [3] б. Қаламгердің таңдамалы шығармаларының төртінші томында оқиға өрімі өмірдің өзінен алынған сүбелі шығармасы «Ұясынан безген құс» атты романы мен «Қастандық» повесі берілді. | Оқу | |
Тоқаев, Кемел. Таңдамалы : жинақ / К. Тоқаев ; сый: Ж. Д. Дәдебаев. — Алматы : Ана тілі, 2009 . 3-т. : Роман. — 309, [3] б. Қаламгердің таңдамалы шығармаларының үшінші томында кезінде қалың оқырман көңілінен шыққан кесек туындысы «Соңғы соққы» романы берілді. | Оқу | |
Тоқаев, Кемел. Таңдамалы : жинақ / К. Тоқаев ; сый: Ж. Д. Дәдебаев. — Алматы : Ана тілі, 2008 . 2-т. : Повестер мен әңгімелер. — 294, [2] б. Қаламгердің таңдамалы шығармаларының екінші томында адалдық пен әділдікті, батылдық пен тапқырлықты арқау еткен шынайылығы әсерлі шытырман оқиғалы белгілі повестері мен әңгімелері берілді. | Оқу | |
Тоқаев, Кемел. Таңдамалы : жинақ / К. Тоқаев ; сый: Ж. Д. Дәдебаев. — Алматы : Ана тілі, 2008 . 1-т. : Роман, повесть. — 293, [3] б. Кемел Тоқаев – қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының жолын ашқан қаламы қарымды көрнекті жазушы. Оқырманды баурап алар шытырман оқиғалы көптеген роман, повестерімен қалың қауымның ықылас-ілтипатына бөленген қаламгердің көп томдығының бірінші кітабында «Солдат соғысқа кетті» романы мен «Түнде атылған оқ» повесі берілді. | Оқу | |
Тоқаев, Кемел. Соңғы соққы : роман / К. Тоқаев. — Алматы : Жазушы, 1981. — 292, [4] б. Жазушы Кемел Тоқаевтың «Соңғы соққы» деп аталатын бұл романында совет чекистерінің жиырмасыншы жылдардағы ішкі және сыртқы жаулармен күрестегі ерлік істері сипатталады. Туындының негізгі кейіпкері – белгілі совет чекисі Қасымхан Чанышев. Оқушы қауым мұнда М. В. Фрунзе, Д. Фурманов, О. Жандосов, Б. Шагабутдинов сияқты революционерлермен жүздеседі. | Оқу | |
Тоқаев, Кемел. Солдат соғысқа кетті : роман / К. Тоқаев. — Алматы : Жазушы, 1983. — 398, [2] б. Кемел Тоқаевтың 1983 жылы қазақ тілінде басылып щыққан «Солдат соғысқа кетті» атты романы «Солдат соғысқа кетті» және «Ұясынан безген құс» атты 2 бөлімнен тұрады. | Оқу | |
Тоқаев, Кемел. Сарғабанда болған оқиға : повестер / К. Тоқаев. — Алматы : Жазушы, 1975. — 330, [2] б. Кемел Тоқаев көптен бері милиция өміріне қалам тербеп келе жатқан жазушы. Автордың «Сарғабанда болған оқиға» атты бұл жаңа кітабы да сол тақырыпқа арналған. Отан алдындағы парыз, адалдық, ерлік – жинаққа енген повестердің негізгі арқауы. Повестердің сюжеті ширақ, оқиғалары шынайы, тартымды оқылады. | Оқу | |
Тоқаев, Кемел. Көмескі із : повестер / К. Тоқаев. — Алматы : Қазақстан, 1972. — 207, [1] б. Жазушы Кемел Тоқаев – совет чекистері мен милиционерлерінің қиын да қызықты өмірін баяндаған бірнеше повесть пен әңгімелер жинағының авторы. Жазушы бұл жинағында да өзінің осы сүйікті тақырыбынан айнымаған. «Арнаулы тапсырма» повесінде Ұлы Отан соғысы жылдарында жау тылындағы ауыр, қатерлі де қиын кезеңдер, партизандардың өшпес ерлік істері, орыс, украин, қазақ және басқа ұлттардың достығы суреттелсе, «Көмескі із» повесі совет чекистерінің жау агентін әшкерлеудегі тапқырлығы мен батылдығын сөз етеді. | Оқу | |
Тоқаев, Кемел. Замандастар сыры : журналистің жол дәптерінен / К. Тоқаев. — Алматы : Қазақстан, 1965. — 257, [3] б. Журналист, жазушы Кемел Тоқаевтың бұған дейін «Көмескі із», «Тасқын», «Жұлдызды жорық» атты повестер мен әңгімелер жинақтары жарияланған болатын. Автор бұл кітабында Ұлы Отан соғысы жылдарында туысқан Украина жерінде ту көтерген партизандар өмірін байсалды да мазмұнды әңгіме етеді. Мұнда орыс, украин, қазақ және басқа ұлттар өкілдерінің өшпес ерлігі мен мәңгі достығы баяндалады. Кітаптың бүгінгі өмір көріністерін суреттейтін бөлімдері де өз оқушысын таппақ. | Оқу | |
Тоқаев, Кемел. Азамат : Кемел Тоқаев : өмірі мен тағдыры / сый: Сыртқы істер министрлігінен. — Алматы : Парасат, 2003. — 431, [2] б. Туғанына 80 жыл толған көрнекті қаламгер Кемел Тоқаевтың арамыздан кеткеніне біраз уақыт болды. Араға жылдар түскенмен ол ұмытылған жоқ. Қаламгердің шығармаларын іздеп жүріп оқитындар аз емес. Оның туған халқымен бірге жасай береріне ешкімнің күмәні жоқ. Кемел Тоқаев кім, тірлігінде қандай адам болып еді? Осы сауалға оның замандастары жауап береді. Кітапқа жазушының ұлы, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әке туралы эссесі және бір топ қалам қайраткерлерінің естеліктері еніп отыр. | Оқу | |
Токаев Кемель. Особое поручение : повести / К. Токаев ; пер. с каз. П. Якушева. — Алма-Ата : Жазушы, 1968. — 196, [1] с. | Оқу | |
Токаев, Кемель. Ночной выстрел: повести / К. Токаев. — Алма-Ата: Жазушы, 1973. — 268, [1] с. | Оқу | |
Тоқаев Кемел. Сарғабанда болған оқиға: повестер / К. Тоқаев. — Алматы: Жазушы, 1975. — 330, [2] б. | Оқу | |
Токаев, К. Таинственный след / К. Токаев. – Алма-Ата, Казахстан. – 1976. – 408 с. | Оқу | |
Тоқаев, Кемел Шығармалары К. Тоқаев ; құраст. Ж. Дәуренбеков. — Алматы : Ана тілі, 2022. — ISBN 978-601-251-153-6. 1-т. — 386 б. — ISBN 978-601-251-152-9. | Оқу | |
Тоқаев, Кемел Шығармалары К. Тоқаев ;құраст. Ж. Дәуренбеков. — Алматы :Анатілі, 2022 . . — ISBN 978-601-251-153-6. 2-т. — 385 б. — ISBN 978-601-251-153-6. | Оқу | |
Тоқаев, Кемел Шығармалары роман және повесть / К. Тоқаев ; құраст. Ж. Дәуренбеков. — Алматы : Ана тілі, 2022. — ISBN 978-601-251-153-6. 3-т. — 386 б. — ISBN 978-601-251-150-5. | Оқу | |
Тоқаев, Кемел Шығармалары повестер мен әңгімелер / К. Тоқаев ; құраст. Ж. Дәуренбеков. — Алматы : Ана тілі, 2022. — ISBN 978-601-251-153-6. 4-т. — 386 б. — ISBN 978-601-251-149-9. | Оқу | |
Тоқаев, Кемел Шығармалары деректі жазбалар, естеліктер / К. Тоқаев ; құраст. Ж. Дәуренбеков. — Алматы : Ана тілі, 2022. — ISBN 978-601-251-153-6. 5-т. — 386 б. — ISBN 978-601-251-148-2. | Оқу |
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мұрағатынан алынған құжаттар
Кемел Тоқаев туралы кітаптар:
894.342(с)(092)Тоқаев А 29 19-22/А 29-C15 Азамат : Кемел Тоқаев : өмірі мен тағдыры. — Алматы: Парасат, 2003. — 431, [2] б. Экз. 98. |
070(574)(092)Тоқаев Т52 16-15/Т 52-C5 Кемел Тоқаев : жинақ / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ ; [бас ред. Ғ. М. Мұтанов ; ред. жұмыс тобы С. Медеубекұлы және т.б. ; құраст. Д. Смайыл]. — Алматы : Қазақ ун-ті, 2018. — 399, [1] б. : сур. — (Өнегелі өмір ; шығ. 156). Экз. 10. |
821.512.122-312.4(092)Тоқаев Т51 15-4/Т51-C2 Тоқаев, Қасым-Жомарт. Слово об отце = Әке туралы ой-толғау: монография / Қ.-Ж. Тоқаев. — [2-е изд., доп. и перераб.]. — Алматы: Жібек жолы, 2018. — 256 с.: фот. |
Кемел Тоқаевтың мақаласы
Тоқаев, Кемел Жол азабы: хикая / К. Тоқаев // Жұлдыз. — 2007. — № 8. — 3-17 б. |
Әл-Фараби кітапхана қорындағы ұсынылатын мақалар тізімі:
- Айдарқызы, А. Біреуді алаң, біреуді қалам асырайды / А. Айдарқызы // Aiqyn. — 2018. — 18 тамыз.
- Айжігітов, Б. Кемеңгер Кемел аға / Б. Айжігітов // Jetisý. — 2019. — 6 сәуір.
- Айтжанбай, Г. Текті буыннан шыққан тұлға / Г. Айтжанбай // Айқын. — 2014. — 30 сәуір.
- Айтұлы, Н. Кемел ағаны кеңінен тани түстік / Н. Айтұлы // Aiqyn. — 2019. — 10 желтоқсан.
- Асан, М. 10 мыңыншы нөмірдегі олжалы белестер / М. Асан // Egemen Qazaqstan. — 2021. — 1 ақпан.
- Аханбайқызы, А. Қаза болған бауырды қағаз ішінен іздеген / А. Аханбайқызы // Egemen Qazaqstan. — 2023. — 6 мамыр (№ 85).
- Ашири, А. Әр күні адам болып өмір сүрдік / А. Ашири // Қазақ әдебиеті. — 2021. — 2 сәуір.
- Әбдірашұлы, Б. Шымкенттегі Тоқаев көшесінің құпиясы / Б. Әбдірашұлы // Жас Алаш. — 2019. — 2 мамыр.
- Әбіш , М. Кемел Тоқаев атындағы зал ашылды / М. Әбіш // Egemen Qazaqstan. — 2021. — 24 маусым (№ 118).
- Әбіш, М. Детективтің дарабозы / М. Әбіш // Egemen Qazaqstan. — 2019. — 4 қазан.
- Әйтілеуұлы, Ә. Кемел ағаның қимас досымен кездесуі / Ә. Әйтілеуұлы // Айқын. — 2013. — 20 желтоқсан.
- Әкімжанов, М. Жақсылығын жар салмаған жан / М. Әкімжанов // Егемен Қазақстан. — 2013. — 25 қыркүйек.
- Әлдібаев, Н. Детектив жанрының жаһұты / Н. Әлдібаев // Жетісу. — 2003. — 30 қазан.
- Әліәкбар, Ә-С. Қазақтың Конан Дойлы және бүгінгі қазақ детективінің жай-күйі / Ә-С. Әліәкбар // Қазақ әдебиеті. — 2018. — 31 тамыз — 6 қыркүйек.
- Әлім, Қ. Кемел мен Әзілхан / Қ. Әлім // Egemen Qazaqstan. — 2023. — 9 мамыр (№ 86).
- Әлімжанов, Б. Кемел ағаның кеңдігі / Б. Әлімжанов // Қазақ үні. — 2021. — 17 мамыр (№ 19-20).
- Әуелбекова, Ғ. Кемел ұлыма «Кәлпе» анасынан / Ғ. Әуелбекова // Jetisý. — 2023. — 2 қыркүйек (№ 100).
- Байбол, Ә. Детективтің атасы / Ә. Байбол // Ana tili. — 2018. — 6-12 қыркүйек.
- Байқау! Байқау! // Заң газеті. — 2022. — 19 шілде (№ 57).
- Байтұрсынұлы, Д. Балалар әдебиетіне де олжа салған / Д. Байтұрсынұлы // Jetisý. — 2023. — 29 шілде (№ 86).
- Байтұрсынұлы, Д. Детективтің хас шебері / Д. Байтұрсынұлы // Qazaqstan dauiri. — 2023. — 24 тамыз (№ 34).
- Баратқызы, А. «Таңбалы алтынды» тапқан қаламгер / А. Баратқызы // Қазақ әдебиеті. — 2003. — 3 қазан.
- Батырбайқызы, Г. «Жауынгер. Жазушы. Журналист» / Г. Батырбайқызы // Қазақ әдебиеті. — 2023. — 12 мамыр (№ 19).
- Бахтиярқызы, Ж. Детектив жанрының сардары / Ж. Бахтиярқызы // Жетісу. — 2018. — 15 қыркүйек.
- Бейілхан, Е. Ақиқат пен арманды қабыстырған қаламгер (Кемел Тоқаевтың шығармашылығы жөнінде бірер сөз) / Е. Бейілхан // Заң газеті. — 2021. — 24 тамыз (№ 67) .
- Бектас, Г. Бір жоғын бұл қазақтың бүтіндеген / Г. Бектас // Aiqyn. — 2018. — 21 тамыз.
- Бізден қанат қаққандар… // Ұлт сазгерлері ұшқан ұя : әл-Фараби атын. ҚазҰУ мен журн. фак. 80 жылдық мерейтойына арналады / құраст. С. Медеубекұлы ; безендірген Қ. Мүбарак ; әл-Фараби атын. ҚазҰУ. — Алматы, 2014. — 20-220 б.
- Дәуренбеков, Ж. Детектив жанрының даңғайыры / Ж. Дәуренбеков // Алматы ақшамы. — 2018. — 6 қыркүйек.
- Детектив жанрының дарабозы Кемел Тоқаевтың 95 жылдығы өтті // Қазақ үні. — 2018. — 1 қазан.
- Ергөбек, Қ. Баянды мемлекет арқауы / Қ. Ергөбек // Egemen Qazaqstan. — 2022. — 13 желтоқсан (№ 238).
- Ержанұлы, Е. Байқаудың бесінші белесі / Е. Ержанұлы // Заң газеті. — 2022. — 1 қараша (№ 87).
- Есенжол, А. Қазақ детективінің дарабозы / А. Есенжол // Astana aqshamy. — 2019. — 5 қазан.
- Жайлаубаев, Ж. Тағылым : жазушы К. Тоқаевтың 85 жылдығына орай / Ж. Жайлаубаев // Жетісу. — 2008. — 22 қараша.
- Жунусова, А. К. Кемел Тоқаев — детектив жанрының атасы / А. К. Жунусова // Қазақ тілі мен әдебиеті. — 2021. — № 10. — 66-71 б.
- Жұмашбаев, С. Сүйген ұл, сүйсінткен ғұмыр / С. Жұмашбаев // Jetisý. — 2019. — 1 қазан.
- Жылқыбай, Д. Қимай жауға көл арнасын… / Д. Жылқыбай // Жас Алаш. — 2023. — 11 мамыр (№ 36).
- Ибашева, Т. Байқау жеңімпаздары — Түркістан төрінде / Т. Ибашева // Заң газеті. — 2021. — 28 желтоқсан (№ 103).
- Ибрайымов, А. Детектив жанрының сырбазы / А. Ибрайымов // Aqiqat. — 2019. — № 9. — 113-115 б.
- Ибрайымов, А. Сырбаз / А. Ибрайымов // Qazaq ýniversiteti. — 2019. — 10 қыркүйек.
- Игіман, Ж. Мәңгілік мұра қалдырған / Ж. Игіман // Jetisý. — 2023. — 2 қыркүйек (№ 100).
- Иса, Қ. Қалың ел оқыған қаламгер — бақытты жазушы / Қ. Иса // Қазақ үні. — 2021. — 17 мамыр (№ 19-20).
- Исабеков Д. Кемерінен аспайтын Кемел аға / Д. Исабеков // Қазақ әдебиеті. — 2023. — 25 тамыз (№ 34).
- Камитбаева, М. Детектив жанырының хас шебері / М. Камитбаева // Qazaqstan samany. — 2018. — 11 қазан.
- «Кемел қаламгер» // Қазақ әдебиеті. — 2023. — 21 шілде (№ 29).
- Кемел Тоқаев атындағы сквер ашылды // Prezident & HALYQ. — 2018. — 19 қазан.
- Кемел Тоқаев атындағы шығармашылық зал ашылды // Қазақ үні. — 2021. — 17 мамыр (№ 19-20).
- Кеңшілікұлы, А. Қазақ детективін қашан оқимыз? / А. Кеңшілікұлы // Egemen Qazaqstan. — 2021. — 28 сәуір.
- Күмісбек, М. Детектив жанрының дегдары / М. Күмісбек // Egemen Qazaqstan. — 2023. — 5 қыркүйек (№ 168).
- Қалиев, А. Колледж, мектеп, саябақ ашылды / А. Қалиев // Jetisý. — 2023. — 2 қыркүйек (№ 100).
- Қалиев, А. Қаламгер рухы асқақтады / А. Қалиев // Jetisý. — 2023. — 5 қыркүйек (№ 101).
- Қараман, Қ. Тың тақырыпқа түрен салған / Қ. Қараман // Жетісу. — 2014. — 12 шілде.
- Қарқын, К. Майдангер қаламгерге құрмет / К. Қарқын // Almaty aqshamy. — 2021. — 15 мамыр (№ 56).
- Қасымов, Д. Өшпес өнеге иесі : Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі қазақ жазушысы К. Тоқаев туралы / Д. Қасымов // Қазақ әдебиеті. — 2016. — 6 мамыр.
- Қирабаев, С. Сырбаз : [жазушы Кемел Тоқаев туралы] / С. Қирабаев // Түркістан. — 2004. — 6 мамыр.
- Қожантов, Ұ. Қазақтың № 1 детектив жазушысы Кемел Тоқаев туралы сыр / Ұ. Қожантов // Qazaqstan dauiri. — 2023. — 18 мамыр (№ 20).
- Қожахметова, М. Қазақ детективі дегенде ең алдымен Кемел Тоқаев есімі ойға оралады / М. Қожахметова // Қазақ әдебиеті. — 2008. — 22 тамыз.
- Құрманбайұлы, Ш. Термин жайын терең пайымдаған қаламгер / Ш. Құрманбайұлы // Қазақ әдебиеті. — 2023. — 11 тамыз (№ 32).
- Қыдырбек, Ә. Кемел тұлға : [көрнекті жазушы Кемел Тоқаев туралы деректі фильм, режиссерлары : Н. Жуманиязов, Д. Камзанова, Ж. Үмбетова; сценариін жазған продюсер М. Садық] / Ә. Қыдырбек // Егемен Қазақстан. — 2008. — 3 желтоқсан.
- Қырықбай, А. Детектив жанрының қарлығашы / А. Қырықбай // Ана тілі. — 2006. — 28 желтоқсан.
- Меңдігереева, Г. Кемел Тоқаев прозасы және қазақ әдебиетіндегі детектив жанры / Г. Меңдігереева; жетекші Е. М. Солтанаева // «Фараби оқулары»: IV халықаралық Фараби оқулары: студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конф., Қазақстан, Алматы, 10-13 сәуір 2017 жыл / ред. алқа: Ө. Әбдиманұлы, К. Қ. Күркебаев, Б. Құлжанова, А. Оспанова, С. Мухаметжанова, Н. Оңдасынова ; ҚР Білім және ғылым м-гі, Әл-Фараби атын. ҚазҰУ, Филология және әлем тілдері фак. — Алматы, 2017. — 64 б.
- Мұңалбаева, Ү. Басты мақсат — жастарды ерлікке баулу / Ү. Мұңалбаева // Қазақ үні. — 2021. — 17 мамыр (№ 19-20).
- Мұстафаұлы, Қ. Тереңнен тартқан тектілік / Қ. Мұстафаұлы // Astana aqshamy. — 2023. — 25 сәуір (№ 48).
- Мұхамедиұлы, А. Даналық дауылпазы / А. Мұхамедиұлы // Қазақ әдебиеті. — 2020. — 9 қазан.
- Мырза Әли, Қ. Жазушы мұраты / Қ. Мырза Әли // Егемен Қазақстан. — 2009. — 12 наурыз.
- Нәлібаев, М. Сенім мандаты / М. Нәлібаев // Qazaq. — 2022. — 22-29 қараша (№ 47-48).
- Ниязбек, Р. Қазақ детективнің атасы / Р. Ниязбек // Egemen Qazaqstan . — 2018. — 2 қазан.
- Ниязи, Н. Ұлағатты ұстазым менің / Н. Ниязи // Жетісу. — 2003. — 11 қазан.
- Нұрғазыұлы, А. Қазақ әдебиеті кемелін еске түсіреді / А. Нұрғазыұлы. // Алматы ақшамы. — 2014. — 26 сәуір.
- Нұрғалымұлы, Ұ. Майдан тудырған сөз / Ұ. Нұрғалымұлы // Egemen Qazaqstan. — 2019. — 19 шілде.
- Нұрғалымұлы, Ұ. Соғыс сомдаған суреткер / Ұ. Нұрғалымұлы // Egemen Qazaqstan. — 2020. — 12 мамыр.
- Нұрғожаев, Ж. Таң жұлдызы / Ж. Нұрғожаев // Жас Алаш. — 2021. — 18 наурыз.
- Омбыда Кемел Тоқаевқа мемориал тақта орнатып, М. Жұмабаев атындағы стипендия тағайындаған Махаббат Көптұров / М. Көптұров Омбыдағы Ш. Уәлиханов атындағы орыс-қазақ достығы орталығының басқарма төрағасы // Túrkistan. — 2023. — 04-11 сәуір (№ 14/15).
- Оспанұлы, Ж. Қаһарман қаламгер / Ж. Оспанұлы // Жетісу. — 2018. — 22 қыркүйек.
- Өксікбаев, О. Елін сүйген ерен ер / О. Өксікбаев // Egemen Qazaqstan. — 2021. — 18 мамыр (№ 91).
- Өмірбаев, А. Ел мен жердің жыршысы / А. Өмірбаев // Жетісу. — 2008. — 27 қараша.
- Өмірбаев, А. Жанр жүгін жалғыз көтерген / А. Өмірбаев // Jetisý. — 2023. — 8 тамыз (№ 90).
- Өмірбаев, А. Қаратал өңірімен танысты / А. Өмірбаев // Jetisý. — 2021. — 18 қыркүйек (№ 103).
- Панзабеков, К. Марқұм болған жазушылардың жазығы не? немесе ашық күнде адасу сыры / К. Панзабеков // Қазақ. — 2016. — 18-25 наурыз.
- Рахимова, Ж. Аты да, заты да — КЕМЕЛ / Ж. Рахимова // Алаш айнасы. — 2013. — 1 наурыз.
- Садық, М. Әке аманаттаған әділдік / М. Садық // Egemen Qazaqstan. — 2021. — 26 қазан (№ 203).
- Садық, М. Әке аманаттаған әділдік / М. Садық // Қала мен дала. — 2022. — 10 маусым (№ 22).
- Садық, М. Қаһармандық қағидасы / М. Садық // Egemen Qazaqstan . — 2022. — 9 мамыр (№ 86).
- Сайтбеков, А. Қазақ детективіне құрмет / А. Сайтбеков // Заң газеті. — 2022. — 9 желтоқсан (№ 98).
- Сайыстың басты кейіпкері – cудьялар // Заң газеті. — 2021. — 28 желтоқсан (№ 103).
- Сарбалаұлы, Б. Адалдықты аманаттап… / Б. Сарбалаұлы // Juldyz. — 2019. — № 2. — 152-164 б.
- Сарбалаұлы, Б. Талант пен тағдыр тұрлауы / Б. Сарбалаұлы // Almaty aqshamy. — 2018. — 25, 27 қыркүйек.
- Сәрсекеев, Қ. Жұлдыздар алыстаған сайын айқын көрінеді / Қ. Сәрсекеев // Қазақ. — 2014. — 18-25 сәуір.
- Сәрсенбаев, Н. Ұлттық құндылықтарға құрмет / Н. Сәрсенбаев // Ana tili. — 2020. — 11 — 17 маусым.
- Сәрсенхан, Б. «AQ JOL»-дың ғасырлық жолы / Б. Сәрсенхан // Egemen Qazaqstan. — 2022. — 9 қыркүйек (№ 172).
- Сәрсенхан, Б. Детективтің Кемелі / Б. Сәрсенхан // Қазақ әдебиеті. — 2018. — 28 қыркүйек.
- Сәттібайұлы, К. Тұңғыш / К. Сәттібайұлы // Қазақ әдебиеті. — 2018. — 31 тамыз — 6 қыркүйек.
- Сәттібайұлы, К. Жолбасы / К. Сәттібайұлы // Егемен Қазақстан. — 2015. — 15 сәуір.
- Сәттібайұлы, К. Кемел Тоқаевтың жазушылығы кинорецензиядан басталған / К. Сәттібайұлы // Gazaqstan arhivteri = Архивы Казахстана. — 2020. — № 4(56). — 53-60.
- Сәттібайұлы, К. Тұңғыш : [детектив жанрының тұңғышы, жазушы Кемел Тоқаевтың шығармалары жайында] / К. Сәттібайұлы // Алматы ақшамы. — 2016. — 16 маусым.
- Солтанаева, Е. Кемел Тоқаев шығармаларындағы шындық пен шеберлік / Е. Солтанаева // Qazaq unıversıteti. — 2023. — 21 тамыз (№ 31).
- Сұлтанғазы, А. Ғасыр қойнауындағы қазына / А. Сұлтанғазы // Jetisý. — 2023. — 19 тамыз, 2 қыркүйек (№ 95, 100).
- Сімәділ, Қ. Түнде оқ атылмауы үшін / Қ. Сімәділ // Ana tili. — 2023. — 7 қыркүйек (№ 36).
- Сымылтырова, А. Кемел аға аманаты / А. Сымылтырова // Үш қоңыр. — 2021. — 31 желтоқсан (№ 52).
- Тарази, Ә. Еркектің құрғақ көз жасы : естелік / Ә. Тарази // Егемен Қазақстан. — 2003. — 22 қазан.
- Тарази, Ә. Тұғыры биік тұлпар : (естелік-эссе) / Ә. Тарази // Қазақ әдебиеті. — 2023. — 2 маусым (№ 22).
- Таразы // Jetisý. — 2023. — 2 қыркүйек (№ 100).
- Тоқаев Кемел // Жетісу : энцикл. / ред. алқа: Ә. Қайдар (бас ред.), Ғ. Әнес, Е. Далбағаев, Е. Ерғожин, Ш. Құлмаханов, Т. Молдағалиев, К. Нұрпейісов, Н. Оразалин, Е. Рахмадиев, Қ. Сұлтанов ; шығармашылық топ: Ж. Адаев, Қ. Ахметов, Т. Әбдуәлиев, Ғ. Жазылбеков, К. Құныпияұлы, О. Сағидәулетұлы, Қ. Смаділова, М. Ізімұлы ; Алматы облысының әкімдігі. — Алматы, 2004. — 576 б., [48] бет түрлі түсті суретті жапсырма : фот.
- Тоқаев Кемел // Қазақстан : ұлттық энцикл. / бас ред. Б. Аяған ; бас ред. мүшелері: С. Әбиев, Б. Әйтімова, Б. Әлиаров, М. Әлиев, К. Бпйпақов, А. Бәкір (жауапты хатшы), Ә. Бейсенова, Г. Бельгер, К. Бұрханов, А. Гаркавец, А. Грибановский, Е. Ергожин, Е. Ертісбаев, Ғ. Есім, М. Жұрынов, С. Зиманов, Ә. Кекілбаев, Ә. Қайдар, С. Қасқабасов, А. Қошанов, К. Құсайынов, М. Мағауин, Б. Мұқашев, Н. Нұрғазин, К. Нұрпейіс, Ә. Омбаев, А. Рақышев, Т. Рсаев (бас ред. орынбасары), Т. Садықов, С. Сартаев, Д. Сүлеев, О. Сүлейменов, И. Тасмағамбетов, М. Тәжин, Ш. Уәлиханов. — Алматы, 2006. — 8-том. — 412 б. : фот.
- Тоқаев Кемел // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр : анықтамалық / құраст.: Е. Дүйсенбайұлы, А. Естен, Қ. Омарұлы, М. Есләмғалиұлы, Қ. Жұмашева ; ҚР Ақпарат м-гі. — Алматы, 2004. — 304 б.
- Тоқаев Кемел // Қазақстан жазушылары : анықтамалық / құраст. С. Қамшыгер, Қ. Жұмашева; ред. Б. Шаханұлы, А. Талаптан, М. Жұмағалиев, К. Айтжұманұлы; суретші дизайнер Ж. Болатаев, Н. Наурызбаев; компьютерге терген А. Атымтаева; ҚР Мәдениет және ақпарат м-гі, Ақпарат және мұрағат комитеті. — Алматы, 2009. — 387 б.: фот.
- Тоқаев, Қ. «Әке туралы ой-толғау» (үзінді) / Қ. Тоқаев // Jetisý. — 2023. — 2 қыркүйек (№ 100).
- Тоқаев, Қ. Әке туралы толғаныс / Қ. Тоқаев // Аңыз адам. — 2019. — № 8. — 8-10 б.
- Тоқаев, Қ. Әке туралы толғаныс / Қ. Тоқаев // Қазақ әдебиеті. — 2006. — 20-26 қаңтар.
- Тоқаев, Қ-Ж. Детектив шыңына шыққан / Қ-Ж. Тоқаев // Жетісу. — 2018. — 20 наурыз.
- Тұрысбек, Р. Авторлық ұстаным және соғыс шындығы / Р. Тұрысбек // Қазақ әдебиеті. — 2021. — 7 мамыр.
- Түменбай, Қ. Бір жыл / Қ. Түменбай // Ana tili. — 2020. — 11 — 17 маусым.
- Тілеужанқызы, Ә. Омбы сапары / Ә. Тілеужанқызы // Túrkistan. — 2023. — 30 наурыз (№ 12).
- Фараб кітапханасы қазынаға бай // Заң газеті. — 2021. — 28 желтоқсан (№ 103).
- Шытырман жанрдың шебері // Jetisý. — 2023. — 6 қыркүйек (№ 169).
- Ысқақбай, Ә. Шырағы бар мәңгілік сөнбейтұғын / Ә. Ысқақбай // Jetisý. — 2023. — 1 шілде (№ 123).
- Арин А. Писатель, воин, гражданин / Арин А. // Огни Алатау. — 2013. — 19 октября.
- Асилов, Н. Завет потомкам / Н. Асилов // AIBYN. — 2020. — № 5 (147). — С. 4-7.
- Асилов, Н. Завет потомкам: начальник Военно-исторического музея Вооруженных сил, доктор философии (PhD), ассоциированный профессор, подполковник / Н. Асилов // Sarbaz. — 2020. — 5 мая.
- Базарбаева, З. Слово о писателе и человеке / З. Базарбаева // Казахстанская правда. — 2023. — 6 мая (№ 85).
- Байтанаев, С. Взрослое детство, пороховая юность … / С. Байтанаев // Деловой Казахстан. — 2023. — 16 июня (№ 23).
- Брусиловская, Е. Казахская литература — память и люди / Е. Брусиловская // Казахстанская правда. — 2023. — 1 июня (№ 102).
- Ержанулы, Е. Возрождение казахского детектива / Е. Ержанулы; перевод О. Домаев // Юридическая газета. — 2022. — 4 ноября (№ 88).
- Канапьянов, Б. Пульс наручных часов: о ратном подвиге казахского писателя-фронтовика Кемеля Токаева / Б. Канапьянов // Литературная газета. — 2020. — 3-9 июня.
- Капалбекулы, Н. Судьба, благословленная Жамбылом / Н. Капалбекулы // Огни Алатау. — 2021. — 29 мая (№ 57).
- Карякина, И. Основоположник детективного жанра в Казахстане / И. Карякина // Огни Алатау. — 2021. — 21 окт. (№ 117).
- Касымов, Д. Война и мир: рассекреченные документы архива Министерства обороны России позволяют по-новому взглянуть на биографию Кемеля Токаева / Д. Касымов // Литер. — 2016. — 5 мая.
- Кемель Токаев // Писатели Казахстана: справ. / сост. М. Ауэзов, К. Жорабеков, Р. Жангужина; ред. Г. Дмитриева, М. Злобин. — Алма-Ата, 1982. — С. 236-237: фот.
- Кенжина, А. Вся его осознанная жизнь: [о кн. К. Токаева «Слово об отце»] / А. Кенжина // Экспресс К. — 2006. — 19 янв.
- Кешин К. Мастер нравственного сюжета / К. Кешин // Казахст. правда. — 2003. — 24 окт.
- Кратенко, А. Он казахский солдат, прошагал полземли / А. Кратенко // Экспресс К. — 2020. — 25 сент.
- Магзумова, М. Писатель-детектив / М. Магзумова // Казахстанская правда. — 2019. — 16 апр.
- Муканова, Г. Книга об отце: [о кн. К. Токаева «Слово об отце»] / Г. Муканова // Мысль. — 2006. — № 5. — С. 74-75.
- Писатель, воин, гражданин // Огни Алатау. — 2020. — 17 октября.
- Писатель-фронтовик, патриот-гражданин // Мысль. — 2003. — № 12. — С. 69.
- Таран, О. Пусть каждый исполнит свой долг / О. Таран // Казахстанская правда. — 2015. — 26 июня.
- Токаев К. Слово об отце / К. Токаев // Простор. — 2005. — № 5. — С. 80-134.
- Токаев, К.-Ж. Он не вернулся из боя: [эксклюзивное интервью международной телерадиокомпании «Мир»] / К.-Ж. Токаев // Аргументы и факты. — 2020. — 6-12 мая.
- Туганбаев, М. По заслугам — и награда / М. Туганбаев // Огни Алатау. — 2020. — 20 октября.