Кемел Тоқаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «ТАСҚЫН» подкасты

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультеті Баспасөз және электрондық БАҚ кафедарасының студенттері «Тасқын» подкастын ұсынады.

Жазушы, журналист, қазақ детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған подкастың тілі – жеңіл, ойы – орамды, стилі – қарапайым, тыңдауға – тартымды, мазмұны – терең.

Жазушының «Тасқын» атты кітабы бар. «Тасқын» деген сөздің өзі тас бұзар, жарып шығар ағын іспеттес. Жастар жазушы мұрасынан өнеге алып, оқып, зерделеп, ондағы әдеби-көркемдік шешімдер мен замансөз шындығын бүгінгі заманға лайықтап ой елегінен өткізеді. Ұсынылып отырған подкастың әр эпизодында қаламгердің детектив жанрына жазылған туындыларыларына талдау жасалынған. Подкаст бұқара көшілікке арналған

«Тасқын» подкастының сценарий жоспары

№1 Эпизод. Журналистикадағы детектив жанры. Жазушы Кемел Тоқаевтың мұрасы

№ 2 эпизод. Журналистика және деректер. Журналист Кемел Тоқаевтың шығармалары және деректану

№ 3 эпизод. Журналистік зерттеулер. Кемел Тоқаев туындыларындағы заман шындығы мен шытырман оқиғалар

№ 4 эпизод. Ақпараттық журналистика және көркемдік құралдар. Кемел Тоқаев шығармаларындағы ұлттық код

№ 5 эпизод. Азаматтық журналистика және отансүйгіштік. Жазушы Кемел Тоқаевтың туындыларындағы шытырман мен шырғалан

№ 1 эпизод Журналистикадағы детектив жанры. Жазушы Кемел Тоқаевтың мұрасы

Музыкалық кіріспe 1 минут. Тыңдарманмен амандасу 2-3 минут

Еркінбек: Армысыздар, құрметті тыңдарман! Біз бүгін «Тасқын» подкасын бастадық. Сіздерге «Тасқын» подкастының негізгі жобасы туралы толық айта кеткіміз келіп тұр. Бұл жоба жазушы, журналист Кемел Тоқаевтың туындыларына арналады.

Айнұр: Қайырлы күн баршаңызға! Иә, біздің миссиямыз — жазушы, журналист, қазақ детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаевты тыңдарманға таныстыру. Сол үшін осы подкасты қолға алдық.

Еркінбек: Құрметті тыңдарман, бұл подкаст жобамыз сіздер үшін пайдалы болады деп ойлаймыз. Сіздерден үлкен қолдау күтеміз.

Айнұр: Иә, егер де біздің жобамыз сіздерге ұнаса пікір қалдырып, осы подкасты басқа тыңдарманға жолдап отырсаңыздар болады. Олай болса, біз сіздерді көп күттірмей жобамыздың алғашқы шығарылымына кезек берейік.

Негізгі бөлімге кіріспе

Еркінбек: Құрметті тыңдарман, менің ойымша, подкастың бүгінгі тақырыбы өте қызық. Мені бірінші мына сұрақтар ойландырып отыр. Көрнекті жазушы, журналист Кемел Тоқаевты «Қазақ детектив жанрының атасы» деп жатырмыз. Ал маған қызығы бұл жанр біздің елде бар ма, «Детектив» деген не? Бұл жанрда кімдер шығармалар жазды?

Айнұр:   Меніңше, сен әзілдеп отырған сияқтысың. Сен сонда

«детектив» деген сөздің мағынасын білмейсің бе?

Еркінбек: Енді… фильмнен көргендерім, естігендерім бар. Тыңдарманға түсінікті болу үшін анықтап дәл қазір айту керекпіз деп ойлаймын. Әлде менің ойым дұрыс емес пе?

Айнұр: Жоқ, сенікі дұрыс. Сөз кезегі сенде. «Детектив» сөзінің анықтамасына да тоқталып өтуіміз керек.

Еркінбек: «Детектив» деген шытырман оқиғаға негізделген туынды деп ойлап отырмын. Фильмдерде қылмыскерлерді детективтер аңдып өте қызық болып жатады ғой. Себебі детектив дегенде ойыма бірден батыс елдері мен Шерлок Холмс келеді. Шерлок Холмстың оқиғасы жайлы көптеген ел телесериал түсіріп, жүздеген актер детектив рөлін сомдаған.

Айнұр: Сенімен толықтай келісемін. «Detective» сөзі қазақша

«әшкерелеу» деген мағынаны береді. «Детективтік әдебиет дегеніміз — шытырман оқиғалы қылмыстық істерді ашуға құрылған шығарма. Оның сюжеті жұмбақ қылмыс салаларын логикалық пайымдаулар арқылы ашып көрсету.

Басты кейіпкер ретінде – із кесуші заң қызметкерлері немесе тыңшы, барлаушылармен қылмыскер алынып, алуан түрлі оқиғалар аркылы екі жақтың ашық та астыртын қақтығыстарынан соң қылмыс әшкереленеді.

Еркінбек: құрметті тыңдарман мен де дективтың анықтамасын дұрыс айтқан екенмін.

Айнұр: Әрине. Сенікін қате демедік. Құрметті тыңдарман детектив жанры тек батыста ғана емес біздің елде де дамыған. Қазақ әдебиетіндегі детектив жанрына қалам тербеушілер туралы айтқанда, ойымызға – Кемел Тоқаев бірден түседі.

Еркінбек: Иә, «Қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының атасы» атанған Кемел Тоқаев – шоқтығы биік туындыларымен оқырмандарын баурап алған талант, дарын иесі. Жазушының шығарамаларына тоқталмай тұрып, өмір баяны туралы қысқаша айтса кетсек.

Айнұр: Кемел Тоқаев 1923 жылдың 2 қазанында Алматы облысының Қаратал ауданында дүниеге келген. Бозбала шағында майдан даласына аттанып, екінші дүниежүзілік соғыстың алдыңғы саптарында айқасқан. Жастайынан жетімдіктің тауқыметі мен қиындықты көріп өскенімен, оқу-білімге деген құштарлығы барлық кедергілерден мойымай өтуіне септігін тигізген.

Айнұр: Кемел Тоқаев Сталинград соғысында танк полкінде жанкештілігімен көзге түсіп, кейінірек Украина, Беларусь, Польша секілді мемлекеттерді азат ету операцияларына араласады. Соғыс кезінде бірнеше рет ауыр жараланып елге оралуға мәжбүр болады.

Еркінбек: Елге оралғаннан кейін «Ерлігі үшін», «Сталинградты қорғау үшін» төсбелгілермен марапатталады. Ұлы Отан соғыс аяқталғаннан кейін Кемел Тоқаев Қазақ Ұлттық университетіне оқуға түседі. Оқуды тәмәмдағаннан соң «Лениншіл жас», «Қазақстан пионері», «Социалистік Қазақстан» секілді ірі басылымдарда еңбек жолын бастайды.

Айнұр: Осындай «газет» деген   үлкен   мектептен   өткеннен соң Кемел Тоқаев әдебиетке бет бұрады. Қаламы қарымды жазушы ретінде елге танылып, қазақ әдебиетіне жаңа серпін алып келді. Кемел Тоқаевтың детектив жанрында жазған дүниелері ой ұшқырлығымен, жағдайды керемет сипаттауымен ерекшеленеді.

Айнұр: Былай қарасаң, детектив жанры сыртынан қарағанда шым- шытырық оқиғаларға құрылған әдебиеттің оңай жанры секілді көрінеді. Ал оған ішкерілей енсең, нағыз «инемен құдық қазғандай» бейнетті жанр екеніне көз жеткізуге болады.

Еркінбек: Детективті ішкі қуаты мол, интелегенциясы жоғары, қиялы ұшқыр қаламгерлер ғана оқырмандарына қызықты етіп жеткізе алады. Осы тұрғыдан алғанда қазақ детективінің көрнекті өкілі Кемел Тоқаев керемет суреткер, мықты жазушы деуге болады.

Айнұр: қазақ жазушыларының Кемел Тоқаевтың қалам тербеген детективтік жанры туралы не айтқанын білесің бе?

Айнұр: Иә, дәл қазір ойыма Әзілхан Нұршайықовтың сөздері келіп отыр.

«Кемел Тоқаев – қазақ жазушыларының ішіндегі оқырманы ең көп қаламгерлерлердің бірі болды. Өзі таңдап алып, негізін қалаған детективтік жанрда алдына жан салған жоқ, қазақ әдебиетінің тарихында бұрын-соңды болмаған детектив жанрының негізін қалап, оны жоғары дәрежеде оқыр-мандарының сезім пернелеріне жеткізе білген жазушының таланты өз заманында-ақ еліміздің кеңістігінен асып, әлем жұртшылығын да мойындатқаны шындық — деген екен.

Еркінбек:

Қаламгер Мәткерім Әкімжановтың да «Кемел Тоқаев» атты естелігін айта кетпесек болмас.

«Кемекең дидарласа қалғанда оқиғалы жанрдың өте ауыр екендігін, шығарма негізінен болған оқиғаларға, бұлтартпас деректерге сүйеніп жазылатындығын, түптің түбінде оқушы қауым осы тарихи немесе деректі кітаптарды көбірек оқуға қарай ауатындығын жиі еске салатын» деп еске алады екен.

Айнұр: Шыны керек жазушы, журналист Кемел Тоқаевтың шығармышлығына таңдана қарап отырмын.

Еркінбек: Мен де. Себебі былай қарсаң детектив оңай жанр сияқты болып көрінгенімен жазылуы да өте ауыр, оны ең мықты қаламгерлер жаза алатын болып тұр. Кез келгеннің қолынан келмейтін жанр екеніне тағы көзім жетті.

Айнұр: Әлем детективінде Артур Конан Дойлдың аты қандай танымал болса, қазақ детективіндегі Кемел Тоқаевтың да орны сондай биік. Кемел Тоқаев қалың оқырман сүйіп оқитын детектив жанрына тереңінен сүңгіп, маңызын, қаспағын дөп сүзіп, болашаққа теңдессіз мұра ретінде роман, повесть, хикаят, әңгімелерін жазып қалдырды.

Еркінбек: Қорыта келе, мен таныған қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының атасы Кемел Тоқаев өз шығармалары арқылы шым-шытырық оқиғалы шығармаларды керемет өрнектегенін көрдім. Детектив жанрына жазылған шығармалар болған оқиғаларға, бұлтартпас деректерге сүйеніп жазылатындығына көзім жетті.

Айнұр: Маған жазушы, журналист Кемел Тоқаевтың туындыларына арналған келесі санымыз да қызық болып тұр.

Еркінбек: Иә тыңдарманға біраз ақапараттар ұсындық. Құрметті достар, келесі подкастта кездескенше аман болыңыздар!

№ 2 эпизод Журналистика және деректер.Журналист Кемел Тоқаевтың шығармалары және деректану

Музыкалық кіріспe 1 минут

Тыңдарманмен амандасу 2-3 минут

Еркінбек: Қайырлы күн, құрметті достар! Бұл «Тасқын» подкасты. Бізде бүгін екінші шығарылым. Естеріңізге сала  кетейік. Біздің бұл

подкасты шығару мақсатымыз жазушы, журналист, қазақ детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаевты тыңдарманға таныстыру.

Айнур: Баршаңызға сәлем. Біздің алғашқы шығарылымымыз сіздерге ұнады деген үмітпен жұмысымызды әрмен қарай жалғастырамыз.

Еркінбек, сен біздің бүгінгі қозғайтын тақырыбымыз туралы білесің бе? Көрнекті жазушы, журналист Кемел Тоқаевқа арналған екінші шығарылымымызда нелер туралы айтамыз?

Еркінбек: Әрине білемін. Осы сәтті пайдаланып тыңдарманға бүгінгі тақырыпты өзім хабарлағым келіп тұр. Біз бүгін майдангер жазушы, журналист Кемел Тоқаевтың танымал шығармаларына тоқталып, қысқаша талдау жасаймыз.

Негізгі бөлімге кіріспе

Еркінбек: Кемел Тоқаевтың детектив жанрында жазылған туындыларының тақырыптық мәні мен негізгі оқиғалар, шындықты бейнелеу жолындағы ізденістерімен ерекше.

Қазақ детективінің дарабозы Кемел Тоқаевтың туындыларына жеке тоқталмай тұрып ол кісінің қандай кітаптары бар? Қай тілдерге аударылғандығын туралы тыңдарманға ақпарат бере кетсек.

Айнұр: Кемел Тоқаевтың оннан астам кітабы қазақ және орыс тілдерінде басылған. Тұңғыш әңгімелер жинағы 1954 жылы Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан «Жұлдызды жорық» деген атаумен жарық көрген.

Еркінбек: Жазушының қуатты қаламынан «Түнде  атылған оқ»,

«Қастандық», «Арнаулы тапсырма», «Соңғы соққы», «Солдат алысқа кетті», «Ұясынан безген құс», «Таңбалы алтын» атты тағы басқа да шығармалар дүниеге келген. Мұның бәрі оқырманнан өз бағасын алып, сол замандарда іздеп жүріп оқылатын туындыларға айналған.

Айнұр: Кемел Тоқаевтың кез келген шығармалары кезінде оқырмандарға 500 мың дана таралыммен тарады. Жазушы қазақ қаламгерлері арасынан бірінші болып, детектив жанрында туынды жазды. «Соңғы соққы», «Солдат алысқа кетті» романдары әдебиетіміздің алтын қорына енген. Жазушы туынды кейіпкерлерін өмірдің өзінен алған.

Музыкалық әуен ойнатылады

Айнұр: Еркінбек, саған жазушы Кемел Тоқаевтың туындылары арасында ең қатты ұнағаны қайсысы болды?

Еркінбек: Маған жазушының қатты әсер еткен туындысы ол

«Солдат соғысқа кетті» романы. Жалпы соғыс тақырыбын қалай алып қарасақ та зарары көп. Кемел Тоқаев жалындаған жастық шағын соғыстың қиын күндерінде оқ пен оттың арасында өткізген. Жазушы соғыстан ауыр жарақат алып келсе де, майдан даласына қайтып барған. Соғыстан оралған соң да білімін жалғастырып газеттерде жұмыс атқарған. Осыған қарап Кемел Тоқаевтың ержүректігі мен білімге құштарлығына қайран қалып отырмын.

Айнұр: Иә біз бейбіт заманды дүние келгендіктен «соғыс» туралы тек кітаптардан оқып, фильмдерден көріп өстік. Ел мен жер үшін аянбай тер төккен батыр бабаларымыздың рухына мың тағзым дегім келеді.

Еркінбек: «Солдат соғысқа кетті» романынын оқи отырып бас кейіпкер Кемел Тоқаевтың бала кезінде басынан кешкен қиындықтарын еске алуға болады. Туындыда бас кейіпкер Мұхаммед деген жігіт орыс офицерін құтқарып алады. Былайша айтқанда, лирикалық кейіпкер Тоқаевтың өзі деуге болады.

Жазушы Кемел Тоқаевтың «Солдат соғысқа кетті» романы негізінде адам жанын, терең психологиясын, өмір мен өлім арасындағы қым-қуыт құбылыстарды қалай суреттегені баяндалады.

Айнұр: Еркінбек, романның қалған бөлімін тыңдарманның өзіне қалдырайық. Себебі «Солдат соғысқа кетті» романын бастан аяқ дәл қазір талдайтын болсақ, жазушының басқа туындыларына бүгін уақыт жетпей қалуы мүмкін.

Еркінбек: Иә, Айнұр дұрыс айтасың. Олай болса құрметті тыңдарман біз жазушының екінші шығармасы туралы ақпаратты бастайық.

Музыкалық әуен ойнайды

Айнұр: Еркінбек, дәл қазір қаламгердің шоқтығы биік шығармалары ның бірі – «Ұясынан безген құс» романы туралы да тыңдарманға қысқаша айта кетсек. Бұл романды оқып үлгердің бе?

Еркінбек: Әрине оқыдым. Себебі біз «Тасқын» подкастын Кемел Тоқаевтың шығармашылығына арнап отырғандықтан тыңдарманға ең қызықты ақпараттарды біз айту керекпіз. Жазушының детектив жанры маған ұнағандығы үшін үш төрт күннің ішінде бірнеше туындысын оқып, бітіріп тастадым.

Айнұр: Жарайсың Еркінбек. Шыны керек маған да майдангер жазушының туындылары қызық болды. Маған әсер еткен туынды ол

«Ұясынан безген құс» романы. Роман шытырман оқиғаға негізделіп жа- зылған. Романда «Шегебай дейтін сауда қызметшісі колхозшыларды таразыдан жеуімен қатар ішіне пышақ айналмайтын қызғаншақ болған. Қызғаныш құрты жегідей жеген қара ниет ақыры жақын туысқанына пышақ салуға дейін барады.

Еркінбек: Сол Шегебай тағы да бір жақын туысының тойын тоз- тозын шығармақ боп байбалам салады. Анасы Ләтифаға, әйелі Жаңылға «тойға қатыспайсыңдар» деп үзілді-кесілді тыйым салмақшы болады. Сол уақытта Шегебайдың анасы Ләтифа «пейілі шикі, ақылы күйкі пенденің бишаралығы дер ем. Бауырыңды, жақын жұрағатыңды жат көріп, ортаңнан, жұртыңнан алыстап, қайда барасың? Кімнен тірек таппақсың? Ұясынан безген оңбайды», – деп айтады.

Айнұр: Иә романда қаламгер ағайын арасының татулықты, қызғаныш, көреалмаушылық, маскүнемдік секілді адами қасиеттер мен құндылықтарды оқиғалардың тұздығы ете отырады. Сонымен қатар құқық қызметкерлерінің еңбегін боямасыз суреттейді.

Еркінбек: Шығармада жазушы сол кездегі әдебиетте айтылмайтын Ұлт тақырыбына тоқталып, ағайынның ала болмауын кейіпкерлерінің әрекетімен баяндайды. Мұндағы «Ұясынан безген оңбайды…» сөзі шы- ғарманың тастүйін толғамын көрсетіп тұр.

Айнұр: Жазушы қазақтың бір — біріне қарым – қатынасы, бірлігін, ынтымағын, ұлт ұясын қадірлеп қастерлеу керектігі туралы ойын романдағы сюжеттермен жеткізеді.

Еркінбек: Құрметті тыңдарман, кемеңгер жазушы Кемел Тоқаевтың болмысын, қаламгерлік қарымын тану үшін жазғандарын оқу керек.

Айнұр: Иә, біз атап өткен шығармалар қаламгердің жан толғанысынан туғандығы көрініп тұр. Ондағы кейіпкерлер, оқиғалар, ойлар мен сезімдер қаламгердің өмірлік танымы мен талғамының

шынайылығымен ерекше. Сондықтан сіздерге де оқып шығуға кеңес береміз.

Еркінбек: Кемел Тоқаевтың шығармалары жинақы, сюжеті қызықты. Шығармадағы кейіпкерлерін асыра мақтамайды, өз ісінің адал азаматтары екенін дәлелдеп отырады. Автор кейіпкердің көп қырлы екенін көрсетіп отырады.

Айнур: Шығармаларында оқиға барысында бас қаһарманның жұмыстары құпия түрде астыртын жүргізіледі. Ізкесуші өзін қылмыскерге байқатпас үшін әртүрлі образ жасайды. Кейіпкерлер арасындағы тартыс, кейіпкерлердің түрлі психологиялық көңіл-күйі арқылы автордың дүниетанымы, позициясы танылады.

Еркінбек: Айнұр подкастымыздың соңында келесі бөлімде жазушы, журналист Кемел Тоқаевты тағы басқа қырынан таныстыратынымызды тыңдарамға айта кеткім келіп тұр.

Айнұр: Құрметті тыңдарман, біздің бүгінгі шығарылымымыз сіздерге ұнады деп ойлаймыз. Еркінбек, айтпақшы, келесі бөлім бұдан да қызықты болады.

Екеуі бірге: Келесі кездескенше аман болыңыздар!

№ 3 эпизод Журналистік зерттеулер. Кемел Тоқаев туындыларындағы заман шындығы мен шытырман оқиғалар

Музыкалық кіріспe 1 минут

Тыңдарманмен амандасу 2-3 минут

Еркінбек: Армысыздар, құрметті тыңдарман!

Айнур: Қайырлы күн, достар! Сіздермен бірге әдеттегідей «Тасқын» подкасты.

Еркінбек: «Тасқын» подкастының жүргізушілері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің электрондық БАҚ кафедрасының студенттері Еркінбек Алтынбек.

Айнур: және Айнұр Анламасова.

Еркінбек: Құрметті тыңдарман! Біз бүгін подкастымыздың үшінші шығарылымына келдік.

Айнур: Иә, біз бүгін де жазушы Кемел Тоқаевқа арналған жобамызды жалғастырамыз. Себебі, біздің подкастың мақсаты жазушының шығармашылығына арналғандығын сіздерге айтқан болатынбыз.

Еркінбек: Бүгін біз Кемел Тоқаев туындыларындағы заман шындығы мен шытырман оқиғалары туралы сөз қозғаймыз.

Айнұр: Ендеше сіздерді көп күттірмей подкастымызды бастайық.

Негізгі бөлім

Еркінбек: Құрметті тыңдарман! Қаламгер Кемел Тоқаевтың повестер мен романдарында қазақ халқына қатысты нақты тарихи оқиғаларға негізделген.

Айнұр: 1933 жыл барша қазақ даласындағы ашаршылық жазушының отбасына аса ауыр тиеді. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ӘКЕ» туралы кітабын оқи отырып Кемел Тоқаевтың балалық шағының да ел басына күн туып, қилы заманға тап болғандығын, ағасы қасым екеуі бір күнде ата анасынан айырылғандығын, кейінен қарындасынан айырылғаны туралы ауыр трагедияны бастан кешіргендігін байқауға болады.

Еркінбек: Осы тарихи шындыққа қарап майдангер жазушыға

«ашаршылық» тақырыбы бейтаныс емес екендігін біле аламыз. Қазақ даласы алапат аштықтан енді ғана ес жия бастаған кезде, сұрапыл соғыстың ызғары да келіп жетіп, 18 жасар Кемел, 226-шы атқыштар дивизиясының бөлімше командирі ретінде Сталинград майданына соғысқа аттанады.

Айнұр: Кемел Тоқаев өзі қатысып куә болған соғыс кезіндегі партизандар ерлігі, ішкі істер қызметкерлерінің қауіпті де қызықты тағдырлары, қылмысты істі ашудағы құқық қызметкерлерінің ұтқырлығы жазушы көтерген негізгі тақырыптардың бірі.

Еркінбек: Жазушы патриоттық тақырыпта Ақмола облысының Мариновка қыстағында өткен көтеріліс туралы повесть жазуға кіріскен. Тарихтан белгілі, 1919 жылы Кеңес өкіметі орнаған, алайда, ақгвардияшылар колчактардың қолдауымен төңкеріс жасап, кеңес жағындағы 3 мың адамды атып тастаған, олардың ішінде 36 саяси большевик жетекшілері бар еді. Төңкерісшілер ешқандай сотсыз талайлардың қанын төгіп, үйлерін өртеп жіберген.

Айнұр: Профессор, академик Хамит Әлжанов сөздеріне қарағанда аталған тарихи оқиғаға негізделген шығарма жарыққа шыққаннан кейін Кемел Тоқаевтың өмірінде қиын кезеңдер басталған.

Еркінбек: Кемел Тоқаевтың детективтік жанрындағы шығармаларын барынша шындыққа жанастырып жазғысы келгендіктен кейбір шығармаларындағы кейіпкерлердің аттарын өзгеріссіз қалдырған. Жазушының бұл шығармашылық стилі күтпеген жерден жоғары лауазымды шенеуніктер қатарынан қысымшылық көрсетуге себеп туғызған.

Айнұр: Академик Хамит Әлжанов: «Осындай кітап жазғаны үшін Кемел Жоғарғы Кеңестегі қызметінен де кетті, Қазақстан Жазушылар одағындағы жұмысын да тоқтатты. Ал, кітапты таратуға тыйым салынды. Патриот жазушымыз қоғамда осындай ауыр жағдайға душар болды. Бір адамның көзқарасы бойынша Кеңес өкіметіне қарсы адам болып шыға келді» дейді.

Еркінбек: Кемел Тоқаев шығармаларын кеңестік кезең идеологиясына икемдеп, заман талабына сай жазды. Кемел Тоқаевтың туындыларында басты кейіпкерлерінің бірі — Қасым Қайсенов. Жазушының «Арнаулы тапсырма» деп аталатын шығармасы әйгілі партизан, Ұлы Отан соғысының ардагері, Халық қаһарманы Қасым Қайсенов туралы.

Айнұр: Құрметті тыңдарман, біле білсеңіздер, жазушы осы кітапты жазу үшін Қасым Қайсеновпен бірге Украинаға барып, оның партизан достарымен кездескен екен.

Еркінбек: Кемел Тоқаев социалистік идеологияның шырмауындағы қазақ әдебиетінде еңбек етсе де, қазақ менталитетін, туған жер мен табиғатын ерекшелеп кетуге ұмытпаған жазушы.

Айнұр: Кемел Тоқаевтың шығармашылығындағы «Түнде атылған оқ», «Сарғабанда болған оқиға», «Қастандық», «Таудағы жаңғырық» повестері арқылы жастарды Отан алдындағы парызын, адалдығы мен әділдігін насихаттауға бағыттады.

Айнұр: Шығармаларының негізгі арқауы шынайы өмірден алынған оқиғалар желісі мен шытырман оқиғаларға негізделді. Сол үшін де Кемел Тоқаев шығармалары отандық және шет елдік оқырмандары тарапынан үлкен сұранысқа ие болды.

Еркінбек: Кемел Тоқаев – қазақ әдебиетіне шытырман оқиғалы детектив жанрын алғаш алып келген қарымды қаламгер. Оның қаламынан туған пьесалар мен шытырман оқиғалы детектив жанрында жазылған.

Айнұр: Жазушының осы жанрды басынан бастап биік шыңына дейін көтерудегі басты ерекшелігі оның өмірімен тікелей байланысты болуында және кейіпкерлерінің өзімен ұқсас болуында деп ойлаймын.

Еркінбек: Құрметті тыңдарман, бізге берілген уақытта өз мәресіне жетті. Біздің тыңдарманымыз болғандарыңыз үшін рақмет.

Айнұр: Иә, достар сіздер үшін пайдалы ақапарттар бөлістік деп ойлаймыз. Подкастымыздың келесі санында кездескенше аман болыңыздар!

№ 4 эпизод Ақпараттық журналистика және көркемдік құралдар. Кемел Тоқаев шығармаларындағы ұлттық код

Музыкалық кіріспe 1 минут

Тыңдарманмен амандасу 2-3 минут

Еркінбек: Армысыздар, қазақ елі!

Айнур: Қайырлы күн, құрметті тыңдарман! Сіздермен бірге әдеттегідей «Тасқын» подкасты.

Еркінбек: Достар, біз бүгін «Тасқын» подкасының төртінші шығарылымындамыз.

Айнур: Естеріңізге сала кетейік, «Тасқын» подкасының басты мақсаты жазушы, журналист, қазақ детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаевты туындыларын тыңдарманға таныстыру.

Еркінбек: «Тасқын» подкастының жүргізушілері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің электрондық БАҚ кафедрасының студенттері Айнұр Анламасова.

Айнұр: және Еркінбек Алтынбек

Еркінбек: Айнұр, біздің бүгінгі қозғайтын тақырыбымыз «Кемел Тоқаев шығармаларындағы ұлттық код» туралы болмақ.

Айнұр: Иә, достар біз бүгін сіздерге осы тақырып бойынша толыққанды ақпарат береміз. Ендеше, сіздерді көп күттірмей біз бастаймыз.

Негізгі бөлімге кіріспе

Еркінбек: Айнұр, дәл қазір біз алдымен тыңдарманға түсіндірме жұмысын жасауымыз керек.

Айнұр: түсіндірме?

Еркінбек: Иә, тыңдарманға алдымен «ұлттық код» сөзінің мағынасын түсіндіріп алсақ, деп отырмын

Айнұр: Құрметті тыңдарман, олай болса біз подкастымызды

«ұлттық код» анықтамасынан бастаймыз. «ұлттық код» дегеніміз әрбір ұлттың басқалардан айырмашылығын көрсететін көрініс. Ұлттық код әрбір ұлттың ерекшелігін ашып, оның сыр-сипатын түсінуге мүмкіндік береді. Ұлттық код қазіргі кезде қолданылып жүрген құлыпты ашатын құпия кілт (код) тәрізді деп ойласаңыздар болады.

Еркінбек: Құрметті тыңдарман, сіздерге «ұлттық код» туралы айтқан анықтамамыз түсінікті болды деген ойдамыз. Демек біз бүгін қаламгер Кемел Тоқаев туындыларындағы қазақ ұлтының ерекшелігін сипаттаған шығармаларына тоқталамыз.

Музыкалық әуен ойнайды

Айнұр: Құрметті тыңдарман, Кемел Тоқаевтың туындыларына көз жүгіртіп қарасақ Кеңестік дәуірде қазақ жерінде көптеген саяси, тарихи, идеологиялық, трагедиялық оқиғаларға толы болғандығын байқауға болады.

Еркінбек: Құрметті достар, біле білсеңіздер біз сіздерге жазушы Кемел Тоқаев туралы ең құнды ақпараттармен бөлісіп жүрміз. Мысалы, менің өзіме әр эпизодымыздағы ақпараттар күннен күнге қызықты болып жатыр.

Айнұр: Меніңше, Кемел Тоқаевтың туындыларына арналған бұл жобамыз біздің тыңдармандарымызға да ұнап жатыр деп ойлаймын.

Еркінбек: Достар, кеңестік кезеңде қазақ жері көптеген саяси, тарихи оқиғаларға толы болғандығын білеміз. Осы тарихи тізбекке қарап Кемел Тоқаев биографиясынан байқауға болады.

Айнұр: Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру, Ұлы Отан соғысы, соғыстан кейінгі әдебиет, өнер, ғылым салаларының өркендеуі, бір сөзбен мәдени өрлеу кезеңдері жазушының көз алдынан өтті.

Еркінбек: Кемел Тоқаев шығармаларының мазмұны тарихи, шпиондық, полициялық детективтік жанрға тән. Жазушының шығармаларына қарап, құпия архивтік құжаттарға ерекше рұқсаты болғандығын байқай аламыз. Бұл дегеніміз Кемел Тоқаевтың мемлкететтік қорғау мен ішкі істер органдарымен тығыз байланыста болғанын да білдіртеді.

Айнұр: Құрметті тыңдарман, Кемел Тоқаевтың әр туындысынан елі мен жеріне деген ыстық ықыласы мен питриоттық сезімі анық байқалады. Оның шытырман оқиғалы хикая, романдары шынайылығымен ерекшеленетін. Ол соғыс тақырыбына қатысты шығармалар жазғанымен, бізге соғысты басқы қырынан көрсетуге тырысты.

Еркінбек: Жазушы соғыс кезінде майдан шебінде ауыр жараланса да, өзі сұранып соғыс даласына барғандығы кез келген оқырманын қайран қалдырмай қоймайды. Кемел Тоқаевтың дәл осы әрекетіне қарап келешек ұрпақ үлгі-өнеге алу керек.

Айнұр: Иә, дұрыс айтасың. Отан үшін от кешкен, кеудесін оққа төсеген нағыз ерлер, қаламына бірде бір жалған қоспаған жалынды жазушылар біз үшін қашан да үлгі.

Еркінбек: Кемел Тоқаевтың қаламгерлік жолының қалыптасуының алғашқы кезеңіне оның бала кездегі интернатта алған білімінің үлкен әсері болғаны анық. ҚР Президенті Қ. Ж. Тоқаевтың «Әке туралы ой- толғау» атты кітабында: «Ол оқуға деген ықыласымен, алғырлығымен ерекшеленіпті. Әсіресе, қазақ тілі мен әдебиеті сияқты пәндерден үлгерімі жақсы болған. Мектепте оқып жүргенде әкем Абайдың шығармашылығымен танысып, ұлы ақынның дана туындыларын ерекше жақсы көрді» – деп әкесінің жазушылық жолдағы алғашқы қадамының бастауын осылай көрсетеді.

Айнұр: Осы ақпаратқа қарап, жазушы Кемел Тоқаевтың Кеңес

дәуірінің қиын кезеңінде оқуға деген ынтасының арқасында ғана өзінің тұлғалық жолын ерте жастан қалыптастыра алғандығын көруге болады. Еркінбек:                     Жазушының   детектив   жанрындағы   әр    туындысы оқырман алдында бүгінде лайықты бағасын алған. Дәл қазір солардың бірі, шынайы оқиғаға негізделген – «Түнде атылған оқ» повесінің

қызықты сюжеті мен мазмұнына кішкене тоқталып өтсек.

Еркінбек: «Түнде атылған оқ» – детектив жанрында жазылған повесть. «Түнде атылған оқ» шығармасын талдап, жазушының нені атйқысы келгендігі турады түсініп көрейік. Шығармада тәртіп сақшыларының қылмыскерлерді ашудағы табанды қимылдары, аңыз болар ерен ерліктер суреттеледі. Шығарманың негізгі арқауы отан алдындағы парыз, адалдық, тергеу кезіндегі қара қылды қақ жарған әділдік туралы сөз қозғайды.

Айнұр: Нақтырақ айтар болсақ, бұл шығарма қайсарлықпен батырлықты, бостандықты аңсаған ардақты азаматтардың жан кешті ерліктері жайлы сыр шертеді. Жазықсыз құрбан болған адамдардың өлі денесі. Қатігездікпен өшпенділік сезімдері астасып буырқанып жатқан сұм соғыс. Жау алдында тізе бүкпей қасқайып қарсы тұрған ердің кішкентай ғана сәбидің алдындағы дәрменсіздігі оқырманды елітіп жібереді.

Еркінбек: Ұлы Отан соғысы суреттелтін оқиғаның арқауы батырлық әрі ел үмітін ақтау мұратын орындаудағы жауапкершілік. Көзсіз ерлік десек қателеспеспіз. Бір ғана кітаптың өзінде қаншама сюжетті оқиғалар, тағдырлар тоғысып жатқаны жазушының қаламгерлік айнасы, ерекшелігі деп білемін.

Айнұр: Кемел Тоқаевтың шығармашылығындағы «Түнде атылған оқ», «Сарғабанда болған оқиға», «Қастандық», «Таудағы жаңғырық» повестері арқылы жастарды Отан алдындағы парызын, адалдығы мен әділдігін насихаттауға бағытталған.

Еркінбек: Кемел Тоқаевтың өз туындыларында қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігін, рухани-танымдық қырларын, әлеуметтік болмысын, жастардың жаңалыққа, болашақ өмірге деген ұмтылысын, олардың өнер мен салт-дәстүрге деген көзқарастарын қисынды іс- әрекеттер арқылы көрсетеді.

Айнұр: Жазушының бізге қалдырған мол мұралары әдебиетімге қосылған рухани байлық. Кемел Тоқаевтың детектив жанрындағы шығармалары арқылы әскери сала мамандары мен енді өсіп келе жатқан өскелең ұрпақты патриоттыққа, отансүйгіштікке баулиды.

Еркінбек: Сонымен қатар, шытырман оқиғалы шығармалары арқылы өз оқырмандарын қызықтырып, жалықтырмайтыны мен жаңашылдығымен ерекшеленді. Оның әр жылдары шыққан повестері мен романдары оқырмандары тарапынан жоғары бағаланып келеді.

Айнұр: Кемел Тоқаев – даңққа бөленген солдат, қаламы жүйрік жазушы. Рухани асыл қазынамызға қосқан оның да мол үлесі бар. Өнегелі өмір жолы, еңбекқорлығы мен адами қасиеттері жас ұрпаққа үлгі болуға лайық.

Еркінбек: Қазіргі уақытта жастарды тәрбиелеуде тарихи тұлғаларды ардақтау өте маңызды. Сондықтан біздің подкастымыздың тыңдарманға беретін пайдасы да көп болатындығы сөзсіз.

Айнұр: Иә, тарихи тұлғаларға қарап жас ұрпақ үлгі алып, соған қарап тәрбиеленіп жатса қандай ғажап болар еді. Құрметті тыңдарман, бізге берілген уақыт тағы да өз мәресіне жетіп қалыпты. Еркінбек екеуміз Кемел Тоқаев шығармашылығын бір бастасақ өстіп тоқтай алмай кететініміз тағы бар.

Еркінбек: Иә рас айтасың Айнұр. Бізді тоқтату оңай емес. Олай болса құрметті тыңдарман Кемел Тоқаев туралы қалған қызықты, тың ақпараттарды келесі эпизодта жалғастыратын боламыз.

№ 5 эпизод. Азаматтық журналистика және отансүйгіштік. Жазушы Кемел Тоқаевтың туындыларындағы шытырман мен шырғалаң

Музыкалық кіріспe 1 минут

Тыңдарманмен амандасу 2-3 минут

Айнұр: Қайырлы күн құрметті тыңдарман. Бұл «Тасқын» подкасты жобасы.

Еркінбек: Сәлем достар. Бүгін бізде соңғы шығарылым. Тақырыбымыз «Жазушы, журналист Кемел Тоқаевтың туындыларындағы шытырман мен шырғалаң».

Айнұр: Достар, өздеріңіз білесіздер, біздің «Тасқын» жобасының мақсаты – жазушы, журналист, қазақ детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаевты тыңдарманға таныстыру. Біз сол үшін осы подкаст сериясын жасап жатырмыз.

Еркінбек: Әдеттегідей «Тасқын» подкасының жүргізушілері Айнұр Анламасова

Айнұр: және Алтынбек Еркінбек

Негізгі бөлім

Айнұр: Құрметті тыңдарман қазақ әдебиетіне шытырман оқиғалы детектив жанрын алғаш әкелген жазушы — Кемел Тоқаев екенін әр подкаст сериясында сіздерге айтып келеміз. Жазушының туындыларының ерекшелігі шынайы оқиғаларға негізделіп, нақты деректер көрсете білуінде.

Еркінбек: Достар білесіздер ме, менің қатты таңғалғаным, Кеңестік заман цензурасы шынайы оқиға тұрмақ, ұлттың тарихын жазуға да рұқсат бермеген. Ал Кемел Тоқаев шығармаларында қылмыскерлер мен ар-ожданнан аттап ұрлайтын жемқорлардың атын атап, түрін түстеп көрсетеді.

Айнұр: сонымен қатар жазушы шығармаларында биліктегілердің мансап жолында қазақ топырағын пайдаланып, асын ішіп, дәстүрін аяқпен теуіп, жақсылықты білмейтін алғысы жоқ өзге ұлыстың пасық пенделер сипатында айшықтап береді.

Айнұр: Осыған қарап жазушының қаншалықты паториот, елін жерін сүйген азамат екенін бірден байқауға болады.

Еркінбек: Айнұр, жалпы ойдан құрастырлаған туындыларға қарағанда, өмірде болғандай шынай оқиғаларға арқау болған туындылар оқырмандарына өте әсерлі болады. Ал сен қалай ойлайсың?

Айнұр: Иә Еркінбек, сенмін толықтай келісемін. Менде қолыма бір кітап алатын болсам, шындыққа қаншалықты жанасатынына қатты мән беремін. Кітапты оқып болған соң, басты кейіпкерлерге ары қарай не болды екен деген ойда жүремін.

Еркінбек: Оқырманға да ең қызық жері сол емес пе? Бірден көз алдымызға жазушы суреттеген сол замандар келіп, сол заманда

«кейіпкердің орнында біз болсақ, не істер едік?» деген ой келеді. Кемел Тоқаев туыныдылары да мені осылай ойландырып жүр.

Айнұр: Өз оқырманын ойландыра алса жазушының жеткен жетістігі мен шеберлігі деп білемін. Құрметті тыңдарман, жазушы Кемел Тоқаевтың қай туындысын алып қарасақ та, шытырман оқиға мен шырғалаңға толы.

Еркінбек: Кемел Тоқаевтың қаламынан туған «Соңғы соққы»,

«Қызыл комиссар», «Қылмыскер кім?», «Сиқырлы сырлар» атты бірнеше пьесалары шытырман оқиғалы детектив жанрында жазылған.

Айнұр: Жазушының осы жанрды басынан бастап биік шыңына дейін көтерудегі басты ерекшелігі оның өмірімен тікелей байланысты болуында және кейіпкерлерінің өзімен ұқсас болуы.

Еркінбек: Айнұр, біз дәл қазір жоғарыда аталған туындылардың бірі, оқырман ықылсына бөленген «Соңғы соққы» туындысынан тоқталып кетсек.

Айнұр: Құрметті тыңдарман, Кемел Тоқаевтың «Соңғы соққы» деп аталатын туындысы совет чекистері жөнінде жазылған роман. Тек осы тақырыпқа арналған жазушының оннан астам кітабы қазақ және орыс тілдерінде басылып шықты.

Еркінбек: Жазушы «Соңғы соққы» романында сол замандағы саясаттың бет-бейнесі, халық өмірі, әлеуметтік жағдай ерекшеліктерін анықтап жазады.

Айнұр: Кемел Тоқаев «Соңғы соққы» романында сақшылар мен чекистердің ауыр еңбегі жайында әңгімелей отырып, олардың партия нұсқауларын емес, өз қызметтерін адал атқарғанын жазады.

Айнұр: «Чекист» термині кеңестік кезеңнің өзінде тар мағынада

«Контрреволюцияға қарсы күрес жөніндегі Бүкілресейлік төтенше комиссия» деп берілді. Романда кеңестік төтенше комиссия өкілі, чекист Қ. Чанышевтің өмірі мен күресі басты оқиға ретінде алады.

Еркінбек: Кемел Тоқаевтың «Соңғы соққы» романы «Атаманның ақыры» фильмі шыққан соң жазылды. Атаман Дутовтың көзін жоюға байланысты оқиғаның кітапта жазылған нұсқасы киноны тамашалаған көрермендер үшін өте қызықты да тартымды кітап болды.

Айнұр: Оқырман фильмде көрген кейіпкерлерінің бұрынғы және кейінгі бастан өткергендерімен танысты. Жазушы сақшылар мен чекистердің ауыр еңбегі жайында әңгімелей отырып, олардың партия нұсқауларын емес, өз қызметтерін адал атқарғанын жазады.

Еркінбек: Айнұр, Кемел Тоқаевтың детектив жанрында көшбасшы атануының сыры неде? Енді осыған тоқталсақ.

Айнұр: Меніңше, жазушының сыры Кеңес заманындағы идеологияны айналып өтудің, өз ойын бүкпесіз айтуында деп ойлаймын.

Еркінбек. Бұл туралы жазушының ұлы Қасым-Жомарт Кемелұлының мынандай айтқан сөзі бар: «Қызғаныштың қызыл тіліне ергендер оқырмандардың ойымен санасқысы да келмеді, ресми

идеология бірінші кезекте Кеңес үкіметі мен партия қызметкерлерінің әрекетін жырлайтын шығармалар тұру керек деп есептейтін. Сондықтан кітабын шығармастан бұрын әкеме еңбектің көкейкестілігін дәлелдеп, цензурадан туатын көптеген кедергілерді жеңуіне тура келді.

Айнұр: Шығармаларын басу қиын тиіп жүргенін көріп, біз оған әзіл- шыны аралас, махаббат немесе партия тақырыбына көшуді ұсынатынбыз, сонда цензордың да үні өшеді. Бұндайда әкем «Атағы дардай совет жазушыларының шығармаларына еліктегенше, шытырман әдебиет жанрында алғашқы болғаным артық» деген екен.

Еркінбек: Иә, осыдан-ақ жазушының өмірлік көзқарасы мен өзіндік ұстанымы болғанын аңғару қиын емес.

Қорытынды

Еркінбек: Құрметті тыңдарман біз жазушы Кемел Тоқаевтың туыныдыларына арналған бес сериялы «Тасқын» подкастын бітірдік. Подкастың бірінші бөліміннен бастап сіздерге қаламгердің өмірбаянын, детективтік жанрдың атасы атанғандығын айттық. Жазушы туындыларынан мысалдар да келтірдік.

Айнұр: Подкастымыздың екінші және үшінші эпизодтарында Кемел Тоқаев туындыларына журналистика деректану мен заман шындығы туралы ақпарат бердік.

Еркінбек: «Тасқын» подкастының төртінші және бесінші эпиоздтарында жаузшы шығармаларындағы «ұлттық код» пен шытырман оқиғалы туындыларынан сөз еттік.

Айнұр: Құрметті тыңдарман осы бес бөлімімізде біз жазушы шығармашылығын толыққанды сіздерге түсіндіруге тырыстық.

Еркінбек: Кемел Тоқаев қазақ әдебиетіндегі шытырман оқиғалы, детектив жанрының негізін қалап, өмірінің соңғы күндеріне дейін осы салада адал қызмет еткен жазушы.

Айнұр: Жазушы туындыларындағы қайталанбас кейіпкерлері біздің бүгінгі жас буынға тағылым, тәрбие берер асыл мұра болып қашанда қала бермек.

Еркінбек: Кемел Тоқаев ел мүддесін, Отан мүддесін майданда қарумен, бейбіт күнде қаламмен қорғады.

Айнұр: Ол өзінің 63 жылдық ғұмырында адамгершілігіне дақ түсірмей, өз Отанының шын патриоты бола білді.

Еркінбек: Қазақ детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаев мұрасына арналған осындай жобалар дәстүрлі түрде жалғасын табуы керек. Келешек ұрпақ тануы керек.

Айнұр: Құрметті тыңдарман біз сіздермен қимай-қимай қоштасамыз. Кемел Тоқаевтың бізге қалдырған мұрасын танытуға аз да болса үлесімізді қостық деп ойлаймыз

Еркінбек: Тамшыдай болса да қосқан үлесіміз сіздерге пайдалы болады деген оймен жобамызды аяқтаймыз.

ЖҰМЫС ТОБЫ:

Авторы: Гүлмира Сұлтанбаева, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының профессоры

Сценарий: Мархабат Ильяс, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының оқытушысы

Подкаст жүргізушілері:

Айнұр Аңламасова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультеті «Журналистика» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті,

Алтынбек Еркінбек, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультеті «Кино&Медиа» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті

Екеуі бірге қоштасады: Құрметті тыңдарман, аман болыңыздар.

Жақсы күндерде жолыққанша!

Яндекс.Метрика