Абай – қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы

Абай Құнанбайұлы (1845-1904) – ұлы ақын, жазушы, қоғам қайраткері, ағартушы, қазақ жазба әдебиеті мен әдеби тілінің негізін қалаушы. Абай халықтың таным көкжиегін кеңейтуге ықпал ету үшін шығыс және батыс мәдениеттерін жан-жақты зерттеп, олардың үздік үлгілерімен таныстырып отырды.

Ұлы Абайдың Қара сөздері – педагогикалық (тәрбиелік) тұжырымдар, олар қазақ ұлттық педагогикасына қағба-бағдар ретінде енді. Абай өлеңдері еңбекке, ғылымды сүюге, өнерге, адамгершілікке тәрбиелейді. Абай тұлғасы – отандық мәдениет пен әдебиетте салмақты орын алады.

Төменде ұсынылып отырған, оқырмандардың кең ауқымын ұлы ақынның шығармашылық мұрасымен таныстыруға бағытталған көрсеткіште Әл-Фараби кітапханасының қорында сақталған Абай шығармалары және ол туралы кітаптар берілген.

Көрсеткішке Абайдың 1939-1940 жылдар аралығында латын графикасында басылған жұмыстары енгізілген.

Абайдың шығармалары көптеген өзге тілдерге аударылып, әлем халықтарының жоғары бағасына ие болды. Библиографияда ақынның Қара сөздерінің орыс, ағылшын, тәжік, қытай, неміс тілдеріне аудармалары, сондай-ақ түрік тіліндегі таңдамалы шығармалары, араб тіліндегі өлеңдері қамтылған.

Жұмыстар хронологиялық тәртіппен, шығарылым жылына сай алфавиттік ретпен орналастырылған. Әдебиеттер алдымен қазақ тілінде, содан кейін орыс және шет тілдерінде ұсынылады.


Абай Құнанбаев. Жаздым үлгі жастарға бермек үшін [Текст]: монография / құраст. М. А. Балақаев. — Алматы: Қазбірмембас., 1945. — 62,[2] б.  
Абайдың тұлға болып қалыптасу жолы баяндалған.   
Оқу

Абай Құнанбаев. Шығармаларының толық жинағы / Абай (Ибраһим) Құнанбай. – Алматы : Қазбірмембас., 1945. – 503 б.  
Қазақтың әдеби тілі мен жаңа әдебиетінің негізін салған ұлы ақын – Абай (Ибраһим) Құнанбаев шығармаларының осы жинағы ақынның туғанына 100 жыл толу мерекесіне арналып шығарылды.
Оқу

Абай Құнанбаев. Өлеңдер жинағы [Текст]: монография / Алматы: Қазмемкөркемәдеббас., 1950. — 82 б.  
Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы
Оқу

Абай Құнанбаев. Таңдамалы шығармалары / Абай Құнанбаев. – Алматы: Қазмемкөркемәдеббас., 1952. – 342 б.  
Абай өлеңдерінің 1945 жылы басылған соңғы толық жинағы түгел таралып, кітап дүкендерінде қалмағандықтан, қалың оқушы жұртшылығымыздың тілегі бойынша, Қазақтың Мемлекеттік Көркем Әдебиет Баспасы ұлы ақынның таңдаулы шығармаларының осы жинағын бастырып шығаруды лайық көрді.  
Оқу



Абай Құнанбаев. Шығармаларының бір томдық толық жинағы/ Абай Құнанбаев; алғы сөзі М. Әуезов; түсініктеме жазған Ә. Жиреншин. Алматы: Қазмемкөркемәдеббас., 1961. – 693 б.  
Көпшілікке ұсынылып отырған Абайдың бұл толық жинағына бұрынғы оқушы жұртшылыққа мәлім жырларымен бірге соңғы кезде табылған жаңа өлеңдері кірді. Кітапқа ұлы ақынның замандастарымен әркезде түскен суреттері және сол замандастарының естеліктері берілді.
Оқу

Абай Құнанбаев. Таңдамалы өлеңдер мен поэмалар / Абай Құнанбаев. М.: Прогресс, 1971. –   Араб тілінде жазылған Абай Құнанбаевтың таңдамалы өлеңдер мен поэмалар жинағы.  Оқу

Абай Құнанбаев. Өлеңдер/ Абай Құнанбаев; алғы сөзі М. Әуезовтікі.– Алматы: Жазушы, 1976.– 239 б.  
Бір халықтан емес, тілегі бір, мүддесі бір туысқан сан халықтан сомдалған совет қауымы, тек бүгінгі сәулетті өмірде ғана – өткендегі мен қазіргінің, қазіргі мен болашақтың рухани мұраларына, сол мұралардың өшпес жұлдыздары Пушкин, Навои, Абай сындас тарихи қайраткерлеріне бірден бір әділ де адал бағасын беріп отыр.
Оқу

Абай Құнанбаев. Өлеңдер/ Абай Құнанбаев.– Алматы: Мектеп, 1987.– 158, [1] б.  
Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы
Оқу

Абай Құнанбаев. Панднома Книга слов / Абай Құнанбаев – Душанбе: Истеъдод, 2010. – 164 с.  
Тажік тілінде жазылған Қара сөздер.  
Оқу


Абай Құнанбаев. Таңдамалы өлеңдер / Абай Құнанбаев– Алматы: Жазушы, 1985.– 176 б.  
Кітапқа қазақ әдебиетінің классигінің таңдамалы өлеңдері енді.
Оқу

Абай Құнанбаев. Айттым сәлем, Қаламқас: әндер мен күйлер / Құнанбаев Абай; Құраст. Б. Г. Ерзакович.– Алматы: Өнер, 1986.– 91, [3] б.  
Абайдың 1889 ж. жазған өлеңі. Өлеңде ақын жастықты, сұлулықты, ғашықтықты жырға қосып, бірін-бірі сүйген екі жастың сүйіспеншілігін, ішкі сезімдерін ашып көрсетеді
Оқу

Абай Құнанбаев Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ/ Абай Құнанбаев– Алматы: Жалын, 1990.– 126 б.  
Абай өлеңдерінің 1990 жылы «Жалын» баспасынан жарық керген жинағы. Жинақ 2 бөлімнен тұрады, барлығы 74 өлең енгізілген. Ақынның махаббат лирикасы, сүйіспеншілік жырлары «Айттым сәлем, қалам қас» деген 1-бөлімге, жастарға үлгі-өнеге ұсынып, оларды адалдыққа, адамгершілікке, еңбек етуге, білім-ғылымға үндейтін өлеңдері «Жастықтың оты жалындап» атты 2-бөлімге топтастырылған.  
Оқу

Абай, Кунанбаев. Безветренной ночью луна…: (Десять стихотворений) / Абай Кунанбаев; пер. с каз. М. Султанбекова. – Семипалатинск: Б. и., 1992. – 28, [1] с.  
Работа видного Абаеведа Мурата Султанбекова, которая знакомит читателей с видным поэтом казахского народа Абаем Кунанбаевым. В работе также были переведены на русский язык, некоторые стихи поэта.
Оқу

Абай Құнанбаев. Книга слов / Абай Құнанбаев Записки забытого / Шакарим / Абай; пер. с каз.: К. Серикбаевой, Р. Сейсенбаева. – Алматы: Ел, 1993. – 128 с.  
Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі — қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) — ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан.  
Оқу

Абай Құнанбаев Қалың елім қазағым: шығармалары / Абай Құнанбаев– Алматы: Жалын, 1995.– 382, [2] б.– (Әлем әдебиеті).– (Абай 150).
«… Абай үні, Абай тынысы – заман тынысы, халық үні. Бүгін ол біздің де үнімізге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр.»
Осы сөзді Әуезов отыз екі жыл бұрын емес, тап қазір айтқандай сезіледі. Көркем ойымыздың көктем басы – жаңа жылы болған Абаймен тек мақтанып қою енді аз. Егемен ел, өркениетті ұлт санатына қосыламыз десек, әр қазақ азматы Абай сөзін танып-білмек парыз.  
Оқу

Абай Құнанбаев. Қара сөздер — Книга слов: поэмалар / Абай; Абай Құнанбаев– Иерусалим: Иерусалим бас.,– 372 б.  
Абайдың 150 жылдығына арналған кітап қазақ, орыс, қытай тілінде жазылған.  
Оқу

Абай (Ибрагим), Кунанбаев. Избранное: монография / Абай (Ибрагим); пер. с каз. А. Кодар. – Алматы : Ана тілі, 1996. – 222, [2] с.  
Перед вами новый перевод избранных произведений Абая, осуществленный известным поэтом-билингвистом Ауезханом Кодаром. Перевод сделан в строгих традициях академического издания с комментариями и приложением, в которое вошли работы автора по абаеведению. В целом это герменевтический труд, рассчитанный на элитарного читателя из среды гуманитариев, студенческой молодежи и гимназистов.  
Оқу

Abai (Ibrahim), Kounanbaiev. Paroles Edifiantes : poème en prose / Abai Kounanbaiev. – Almaty : Bilim, 2000. – 125, [1] p.  
Работа на французском языке, которая знакомит французских читателей с Абаем Кунанбаевым.  
Оқу

Абай Құнанбаев Қара сөз=Книга слов / Абай Құнанбаев– Семей: халықаралық Абай клубы, 2001.– 259, [5] б.– (Аманат журналының кітапханасы).–Кітап қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде.  
Қара сөз (проза) — көркем әдебиеттің үлкен бір саласы. Өлең сөзден (поэзиядан) бір айырмасы — онда сөз ырғағы еркін, әдебиеттегі сөз саптау қалпына сәйкес келеді, өлеңдегідей қандай да белгілі өлшемдер сақталмайды. Қара сөзбен жазылған көркем шығармада өмір құбылыстарын, әр түрлі уақиғаларды баяндау тәсілі айрықша болады. Сөйтіп, әдебиетте өлең мен қара сөздің бір-біріне қарағанда жасалу жолдары да, мәні де, әсері де өзгеше келеді.  
Оқу

Abai. Buch der Worte / Abai; Ubersetzt von Larissa Sacharowa und Werner Bringel. Almaty, 2001. – 165, [2] s.
Слова назидания Абая на немецком языке.
Оқу

Абай Құнанбаев Қалың елім қазағым…: өлеңдер / Абай Құнанбаев– Алматы: Атамұра, 2002. – 223, [1] б.  
Абайдың 1886 ж. жазған өлеңі. Бұл шығармада тұтас халыққа арнап айтылған терең де күрделі ойлар шерлі жүректен шамырқанып, толқып шыққан. Үлкен адамгершілік, қайраткерлік, оқымыстылық биікке көтерілген ақын үні бірде айбарлы, бірде кекті, бірде мұңлы. Қазақ халқын бөлмей-жармай, түгел қамтып, тұтас шолып, баршасына бағыштап айтылған өлеңнің әлеуметтік салмағы орасан зор. Ақын алдымен көз алдыңызға мұрты аузына түскен, бір ұрты май, бір ұрты қан, алғашқыда шырайы сартша жылтырап тұрған қазақтың кескінін алып келеді.  
Оқу

Абай Құнанбаев Қара сөздер/ Абай; [Жобаның авт. Мырзагелді Кемел]. – Астана: Аударма, 2002. – 99, [1] б.– (Даналық дәрістері).  
Құрметті оқырман! Қолыңыздағы кітапқа Абайдың «Қара сөздері» толығымен енгізіліп отыр. Бұл – «Аударма» баспасының әДаналық дәрістері» сериясының алғашқысы. Аталмыш жобаның авторы Мырзагелді Кемел.
Оқу

Abai. Book of words / Abai. — Semey: Abai international club, 2005. – 181, [1] p. – (Library Journal «Amanat»; № 15).  
Слова назидания Абая на английском языке.
Оқу

Абай Құнанбаев Қара сөз: нақыл сөздер / Абай Құнанбаев– Алматы: Көшпенділер, 2007.– 158, [2] б.  
Бұл кітапқа ұлы Абайдың қара сөздері мен бірқатар елге танымал әндері енгізілген.
Оқу

Абай Құнанбаев. Өлеңдер, поэмалар, аудармалар, қара сөздер/ Абай Құнанбайұлы.– Алматы: Мектеп, 2007.- 241, [7] б.- (Жетінші сөз).  
Өлеңдер, поэмалар, аудармалар, қара сөздер.
Оқу

Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы. Өкінішті көп өмір кеткен өтіп…: өлеңдер, поэмалар, қара сөздер / Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы.– Алматы: Раритет, 2008.- 383, [1] б.- (Жыр жауһары).  
Абайдың 1886 ж. жазған өлеңі. Лирикалық қаһарман өміріне шолу жасайды. Осы өмірдегі өзін, өзінің айналасын сынға алып, өкінішін білдіреді. Ойшылсып жүріп, құр мақтаншылыққа ұрынғанына, қызық қуып «ыржаң- қылжаң ит мінезге» тап болғанына, дос-жарандықтың жәдігөйлік пен жалғандыққа ұласқанына күңіренеді. Өлең 11 буынды қара өлең үлгісінде жазылған.  
Оқу

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Өлең сөздің патшасы: шығармаларының бір томдық жинағы / Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы.– Жидебай: халықаралық Абай клубы, 2008.- 560, [8] б.- («Аманат» журналының кітапханасы).  
Ең алдымен, бұл өлеңде Абай ақындық өнері, ақын шығармалары әлеуметтік тартыстың үлкен құралы, зор мәнді әрекеті екенін анық түсінгенін көрсетеді. Шығарманың үлкен идеясы анық халықшыл демократ қайраткерлердің салт- санасын танытады. Ең алғашқы сөздерде өлеңге көркемдіктің шартын қойып, эстетикалық жаңа норма жариялайды. Адам баласы айтып келген сөздің асылы — поэзия екенін биік бағалаумен бірге, оны төмендететін олқылықтарды да алдымен айтады.   
Оқу

Abai. Buch der Worte / Abai; [Volksbibliothek des Internationalen Abai-Clubs]. — Almaty: Internationaler Abai-Club, 2010.- 184, [4] S.
Слова назидания Абая на немецком языке.  
Оқу

Абай Құнанбаев. Өлеңдер мен аудармалар, поэмалар, қарасөздер: жинақ / А. Құнанбаев. –Алматы: Өлке, 2012. – 505, [7] б. – (Жасөспірімдер кітапханасы).  
Бұл басылымға мектеп бағдарламасы бойынша оқылатын Абай Құнанбаевтың (1845-1904) шығармалары-өлеңдері, поэмалары, аудармалары, ғақлия (нақыл) сөздері және басқа да қосымша әдеби және әдістемелік материалдар енгізілді.
Оқу

Абай Құнанбаев. Қара сөз = Книга слов = Book of Words : жинақ / [құраст. және жауапты ред. К. Серікбаева]. – Алматы : RS ; Халықаралық Абай клубы, 2015. – 500, [4] б.  
Менің 100 кітабым: әлем халықтарының әдебиеті, өнері, тарихы, фәлсафасы, білімі, һәм діні: ұлы жазушылар мен ойшылдар кітапханасы; № 23).– Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде.
Оқу

Абай Құнанбаев. Хикмет кітәбі = Книга мудрости = BookofWisdom : жинақ / Абай Құнанбаев; [құраст. және жалпы ред. К. Серікбаева]. – Алматы : RS ; Халықаралық Абай клубы, 2016. – 499, [5] б. 
Менің 100 кітабым : әлем халықтарының әдебиеті, өнері, тарихы, фәлсафасы, білімі, һәм діні: ұлы жазушылар мен ойшылдар кітапханасы; № 24. – Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде.
Оқу

Абай  Құнанбаев: өлеңдер / [құраст. Е. Тілеш]. – Нұр-Сұлтан : Фолиант, 2019. – 220, [5] б. – (Қазақ поэзиясының інжу-маржандары).  
«Қазақ поэзиясының інжу-маржандары» топтамасының алғашқы кітабына халқымыздың ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлының асыл мұрасының ең терең, ең көркем бөлігін құрайтын өлеңдері топтастырылды. Жинақ ұлы ақынның мұрасымен табысқысы келетін барша зерделі жұртшылыққа арналады.
Оқу

Абай Құнанбаев. Сын-биографиялық материалдар, өлеңдер және библиография: ақынның туғанына 95 жыл толуына / Абай; құраст.: Х. Бекхожин; СССР ҒА-ның Қазақстан филиалы.– Алма-Ата: Қазмембаспасөз, 1940.– 48 б., портр.  
Сын-биографиялық материалдар, өлеңдер және библиография  
Оқу

Ауэзов, М. О. Абай великий казахский поэт / Мухтар Омарханович Ауэзов, Б. Кенжебаев. – Алма-Ата: КазОГИЗ, 1945. – 32 с.
Небольшая брошюра, написанная М. Ауэзовым в соавторстве с Б. Кенжебаевым «Абай – великий казахский поэт», изданная в 1945 году – в год Победы. Подъем национального самосознания народа-победителя пробудил интерес к истории родной земли, ее великим именам. Еще одно редкое издание: М. Ауэзов «Великий поэт казахского народа Абай Кунанбаев», вышедшее в Москве в 1954 году. В ней автор ставит перед наукой проблему, которую он назвал «абаеведением».  
Оқу

Сабитов, Н. Абай: Абайдың 1889-1945 жылдары басылған шығармалары мен ол туралы жазылған әдеб. библиогр. көрсеткіші / Н. Сабитов; Қаз. ССР ҒА тарих, археология және этнография ин-ты. – Алматы: ҚазҒА бас., 1946.– 77 б  
Бұл көрсеткіште Абайдың 1889  жылдан 1945 жылға дейін қазақ және орыс тілінде басылған барлық шығармалары мен ол туралы жазылған барлық әдебиеттер және өзбек,татар, қырғыз тілдерінде шыққан бірсыпыра материалдар кірді.
Оқу

Абайдың өмірі мен творчествосы: монография. — Алматы: ҚР ҒА, 1954. — 269 б.  
В настоящей книге собраны статьи о жзизни и творчестве Абая Кунанбаева. Задача сборника – возможно шире осветить многогранную деятельность великого казахского поэта и просветителя. В нем представлены статьи о жизньи и творчестве Абая, мастерства поэта, его общественно-политических, философских, психологических и педогогических взглядах, связи творчества поэта с русской литературой, его музыкальным наследием.
Оқу

Тажибаев, Т. Т. Философские, психологические и педагогические взгляды Абая Кунанбаева / Т. Т. Тажибаев. – Алма-Ата : Казгосиздат, 1957. – 80 с.  
Абай Кунанбаев был не только великим поэтом, но и выдающимся мыслителем. Поэтическое творчество Абая зиждется на глубоких основах его философских, психологических и педагогических взглядов. Однако эти стороны деятельности великого мыслителя, в особенности его философские и психологические взгляды, являются почти «белым пятном» в абаеведении. Имеющиеся в этом отношении отдельные популярные работы, в которых в той или иной степени затрагиваются эти вопросы, не выходят за пределы декларирования разрозненных, случайных, а порой и ошибочных положений.  
Оқу

Абай Құнанбаев: библиогр. көрсеткіш / (Қаз. ССР-нің А. С. Пушкин атын. мем. респ. кітапханасы). – Алматы: Қазақстан, 1965.– 288 б.
Абайдың қысқаша өмірбаяны берілген. Абайтану тарихында 1889-1964 ж. аралығында жарық көрген Абай шығармаларының қазақ және басқа тілдердегі басылымдары, ақынның өмірі мен мұрасы жөнінде жазылған 3 мыңнан астам монографиялық еңбектер, зерттеу мақалалар, өнер туындылары туралы мәліметтер топтастырылған. Абай жөніндегі архив материалдары, түрлі қоғамдар мен экспедициялардың жазбалары, патша әкімшілігі құжаттарының тізімдері берілген. Көрсеткіш мәліметтері атаулық-әріптік жүйеге түсіріліп, ғылыми-анықтамалық пен қамтамасыз етілген.  
Оқу

Әуезов, М.О. Абай Құнанбаев: мақалалар мен зерттеулер / Мұхтар Омарханұлы Әуезов; жалпы ред. басқ.Т. Дүйсенбаев. – Алматы: Ғылым, 1967.– 391 б.  
Мұхтар Омарханұлы Әуезов ұзақ жылдар бойына қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбаевтың өмірі мен творчествосын зерттеп, көптеген еңбек жазды. Осыған орай М.О. Әуезов ұлы ақынды көрген, жақсы білген адамдармен кеңес жүргізді, архивтік материалдарды жинастырды, сонымен қатар Абай шығармаларын бірнеше рет бастырып шығаруға үнемі қатысып келді.  
Оқу

Сыздықова, Р. Абай шығармаларының тілі: (лексикасы мен грамматикасы) / Рәбиға Сыздықова; Қаз. ССР ҒА, Тіл білімі ин-ты.– Алматы: Ғылым, 1968.– 334 б.  
Кітапта Абай шығармалары тілінің (өлеңдерінің де, «Қара сөздерінің де») сөздік құрамы мен грамматикалық ерекшеліктері талданады. Қазақ тілінің Абай қолданған байырғы төл сөздерімен қатар, ақын мұрасында кездесетін араб-парсы, сөздері әңгіме болады.
Оқу

Қожакеев, Т. Абай және Сұлтанмахмұт/ Темірбек Қожакеев; С. М. Киров атын. ҚазМУ, филол. фак.– Алматы: [Б. ж.], 1969.– 31, [1] б.  
Еңбек алғы сөзден, шағын екі тақырыптан және қорытындыдан тұрады. Автор онда 20-ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің ірі тұлғаларының бірі С. Торайғыров шығармаларының Абай мұрасымен идея, тақырып, пікір, мазмұн, әдіс-тәсіл ұқсастығын және қоғамдық-саяси, эстетикалық, этикалық көзқарастар жағынан үндестігін қарастырады. Екі ақынның дүниетаным бірлігін, дарын құдіретін, дәстүр жалғастығын, замана ағымдарындағы болмыс-құбылыс сәйкестігін салыстырады. Сұлтанмахмұттың Абайды ұстаз тұтып, оның шығармаларының нағыз халықтық, шыншылдық, көркемдік қасиеттері мен тіл ұстартудағы шеберлігін дәл танып, бойына сіңіргенін баса көрсетеді. Кітапша әдебиет зерттеушілеріне, студенттерге арналған.  
Оқу

Сыздықова, Р. Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы/ Рәбиға Сыздықова; Қаз. ССР ҒА, Тіл білімі ин-ты.– Алматы: Ғылым, 1970.– 175 б.    
Кітапта автор қазақ өлеңінің, оның ішінде Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысын олардың ұйқас өрнегіне, өлшем түрлеріне, композициялық құрамына қарай байланыстыра талдайды. Абайдың өзіне дейінгі әдеби дәстүрді қалай пайдаланғанын, поэзия синтаксисіне енгізген өзгерістерін, жаңалықтарын ашып көрсетеді. Кітап соңында ақын шығармашылығына байланысты әдебиеттердің зерттеу библиографиясы берілген. Кітап тіл білімі мамандарына, әдебиетшілерге, студенттерге арналған  
Оқу

Габдуллин, Б. Г. Этические воззрения Абая / Б. Г. Габдуллин. – Алма-Ата : Казахстан, 1970. – 102, [1] с.  
Творчеству основоположника казахской литературы Абая Кунанбаева посвящены десятки литературоведческих исследований. Но есть еще один аспект изучеения творчества великого поэта-просветителя – философско- этический, который почти не разработан в исследовательский литературе. Этот существенный пробел воззрением Абая, исследованию его представлений о сущности и назнечении человека.
Оқу

Жанпейісов, Ербол. М. Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясының тілі: тарихи-этимологиялық байқаулар, материалдар / Е. Жанпейісов ; жауапты ред. М. Балақаев ; ҚазССР ҒА, Тіл Білімі ин-ты. – Алматы : Ғылым, 1976. – 165, [1] б.  
Тарихи-этимологиялық байқаулар, материалдар.  
Оқу

Абайтағылымы: әдеби-сын мақалалар мен зерттеулер / [құраст. Н. Ғабдуллин].– Алматы: Жазушы, 1986.– 428, [1] б.
Әдеби-сын мақалалар мен зерттеулер.
Оқу

Әуезов, М.О. Абайтанудан жарияланбаған материалдар/ Мұхтар Омарханұлы Әуезов; Қаз. ССР ҒА, М. О. Әуезов атын. әдеб. және өнер ин-ты.– Алматы: Ғылым, 1988.– 367, [1] б.
Абайтанудан жарияланбаған материалдар.
Оқу

Бейсенбаев, М. Абай және оның заманы: (Абай ізімен) / Мұздыбай Бейсенбаев.– Алматы: Жазушы, 1988.– 33, [1] б.  
Абайтанушы Бейсенбаев М. архивтердегі деректерді қолдана отырып Абайдың өмірсүрген заманына деген зерттеу жұмысы.  
Оқу

Ғабдуллин, Б. Шоқан, Ыбырай және Абай дін туралы: (Шаманизм, ислам, атеизм, деизм, антиклеркализм) / Бақыт Ғабдуллин.– Алматы: Қазақстан, 1988.–102, [1] б.
Қазақтың көрнекті тұлғалары Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин және Абай Құнанбаев дін туралы ойларын анықтаған еңбектердің бірі.  
Оқу

Бельгер, Г. Гете и Абай: эссе / Герольд Бельгер. – Алма-Ата: Жалын, 1989. – 102, [2] с.:ил.  
Сравнительный анализ творчества немецкого поэта Гете и казахского просветителя Абая.
Оқу

Абайдың ақын шәкірттері/ дайын. Мұхамедханұлы  К. – Алматы: РГЖИ «Дәуір», 1993.– 224 б.  
Абайтанушы Мұхамедханұлының Абайдың ақын шәкірттері атты еңбегі. Бұл кітапты, автор, Ақылбай, Мағауия, Тұрағұлдыға арнап отыр.  
Оқу

Әбілдаұлы, Ұ. Абайды оқу әліппесі: төменгі сынып оқушыларына ұлы ақынды таныстыру / Ұлықман Әбілдаұлы. – Алматы: Рауан, 1994.– 87, [1]б.  
Төменгі сынып оқушыларына ұлы ақынды таныстыру
Оқу

Досжан, Д. Абай айнасы: ғұмырнамалық зерттеу-эссе / Дүкенбай Досжан. – Алматы: Қазақстан, 1994.– 366 б.  
Абайтанушы Д. Досжанның Абайға деген зертеу еңбегі.
Оқу

Машанов, А.Ж. Әл-Фараби және Абай/ Ақжан Жақсыбекұлы Машанов; А. Ж. Машанов.– Алматы: Қазақстан, 1994.– 190, I2I б.  
Қазақ даласыны екі Ұлы ойшыл, ағартушысына деген Тұңғыш фарабитанушының салыстырма еңбегі.
Оқу

Абай: энцикл. / бас ред. Р. Н. Нұрғалиев; ред. алқасы З. Ахметов және т. б.– Алматы: Атамұра, 1995.– 719, [1] б.
Энциклопедия қазақ жаңа әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбаевтың өскен-өнген ортасынан бастап дүниеге деген көзқарасымен, қоғамдық ой-пікірлеріне арналған.  
Оқу

Абай және архив/ ҚР м-лер каб. жанындағы архивтер мен құжаттама бас басқармасы; Құраст. C. Байжанов.– Алматы: Ғылым, 1995.– 216 б.
Бұрын оқырмандар көрмеген архивтік деректер. Абайдың Ресей сенатына хаты, 1903 жыл Абайдың үйінде өткен тінту секілді ақпараттар жинағы.
Оқу

Абай және архив/ ҚР м-лер каб. жанындағы архивтер мен құжаттама бас басқармасы; Құраст. C. Байжанов.– Алматы: Ғылым, 1995.– 216 б.
Жинақ қарақалпақ зерттеушілерінің мақалалары мен ақындардың арнау өлеңдерінен құрастырылған.
Оқу

Әуезов, М.О. Абай Құнанбаев/ Мұхтар Омарханұлы Әуезов.– Алматы: Санат, 1995.– 318, [2] б.
Қазақтың ұлы ағартушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың Абай Құнанбаев атты еңбегі.    
Оқу



Қасқабасов, С.А. Абай және фольклор/ Сейіт Асқарұлы Қасқабасов.– Алматы: Білім, 1995.– 62, [2] б.  
Абайтанушы  Сейіт Асқарұлы Қасқабасов Абай және фольклор атты еңбегі.
Оқу

Мұқанов, С. Жарық жұлдыз: (Абай Құнанбаевтың шығармашылығы туралы) / С. Мұқанов. – Алматы: Санат, 1995.– 268, [2] б.
Абай Құнанбаевтың шығармашылығы туралы Сәбит Мұқановтың еңбегі.  
Оқу

Мұхамедханұлы, Қ. Абайдың ақын шәкірттері/ Қайым Мұхамедханұлы.– Алматы: Дәуір, 1995.–3-кітап.– 319 б.
Абайтанушы Мұхамедханұлының Абайдың ақын шәкірттері атты еңбегі. Бұл кітапты, автор, Ақылбай, Мағауия, Тұрағұлдыға арнап отыр.  
Оқу

Абай и его литературное наследие во Франции= Abai et ses successeurs litteraires en France: французские авторы о литературе в Казахстане / отв. ред. Ш. К. Сатпаева. – Алматы: Санат, 1995. – 171, [5] с.  
Французские авторы о литературе в Казахстане.
Оқу

Алаш мирас. Народное наследие: сб. док. / [Гл. ред. С. Байжанов]. – Алматы: Қазақстан, 1995. – 2-кітап: Народное наследие. – 205, [3] б.
Қазақ және орыс тілдерінде жазылған жинақ.    
Оқу

Мусинов, А. Абай и киргизская литература/ Ахмет Мусинов.– Алматы: [Б.и.], 1995.– 25c.
Работа представляет собой в сокращенном варианте главу из научной работы кандидата филологических наук Ахмета Оспановича Мусинова. Он одним из первых среди казахских и киргизских литературоведов начал исследование этого плодотворного, не всегда однозначного процесса взаимопроникновения и взаимовлияния литератур двух братских народов, защитил на эту тему кандидатскую.  Казахско-киргизские культурные взаимоотношения имеют давние традиции.  
Оқу

Абай туралы сөз: Ұлы Абайдың 150 ж. тойындағыой-толғаныстар / ҚРмәдениетм-гі.–Алматы: Журналист, 1996.– 134, [1] б.
Қазақтың Абайға құрметі – әлі танылып бітпеген құбылыс. Қазақтың Абайға құрметі ұлы ақын, данышпан ойшыл, кемеңгер компазитор дегендей аса биік ұғымдардың да аясына сыймайды. Біз үшін Абай өзіміздің жанымызға жақын адамымыз, ағайынымыз, туысқанымыз, ақылшымыз, сырласымыз, мұңдасымыз, қысқасы, рухани әкеміз, атамыз. Қазақтың «Абай атамыз айтқандай» деп сойлейтінінде осындай терең сыр бар.  
Оқу

Жүнісов, С.Н. Мұхтар Әуезовтің Абайтану туралы лекциясынан студент Сәкен Жүнісовтің конспектісі/ Сәкен Нұрмакович Жүнісов.– Алматы: Санат, 1996.– 78, [2] б.
Кітапқа 50-жылдары студент, қазір көрнекті жазушы С. Жүнісовтің ұлы жазушы М. Әуезовтің абайтану пәні бойынша 60-жылдары оқыған лекциясынан жазып алған конспектісі енгізілді. Бұл Абай шығармаларынан, сондай-ақ абайтану ғылымынан кеңірек мағлұмат алушыларға пайдалы құрал.  
Оқу


Мамашев, Т. Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы…/ Талғат Мамашев.– Алматы: Журналист, 1996.– 110, [2] б.  
Егемен ел атанып, тәуелсіздік туып тіккелі бергі кезеңде мемлекетіміздің жаңа тарихында айрықша белес болған аса ауқымды оқиға-ұлы Абайдың туғанына 150 жыл толған торқалы тойы екендігі баршаға белгілі. Қазастан Республикасының мәдениет министрі Талғат Асылұлы Мамашевтің бұл кітабы-сол ұлы тойдың басы-қасында болған, іргелі де игілікті іске мәдениет қайраткерлерін жұмылдырған азаматтың, мемлекет қайраткерінің ой-толғанысы, Абай атамыздың өлмес-өшпес мұрасы, оның бүгінгі, келешек ұрпақтарға терең тағылымы, алыс-жақын шет елдерде қазақ атын аспандатқан ұлылығы туралы жан сыры, әсерлі әңгімесі. Кітаптың Абай атын ардақ тұтар оқырманға берер ғибраты мол.  
Оқу

Абай (Ибрагим), Кунанбаев. Избранное / Абай (Ибрагим), Кунанбаев ; пер. с каз. А. Кодара. – Алматы: Ана тілі, 1996. – 222, [2] с.
Перед вами новый перевод избранных произведений Абая, осуществленный известным поэтом-билингвистом Ауезханом Кодаром. Перевод сделан в строгих традициях академического издания, с комментариями и приложением, в которое вошли работы автора по абаеведению. В целом это герменевтический труд, рассчитанный на элитарного читателя из среды гуманитариев, студенческой молодежи и гимназистов.  
Оқу

Бейбытова, К. Д. Традиции Абая в казахской поэзии начала ХХ века / К. Д. Бейбытова. – Алматы: Рауан, 1997. – 224 с.
С точки зрения историко-функционального изучения литературы небезынтересен факт становления реализма в творчестве Абая и развитие этого метода в казахской литературе XX века. Традиции реалистического творчества Абая были своеобразно восприняты последующими поколениями литераторов.  
Оқу

Бурабаев, М. С. Абай Кунанбаев и Ислам Каримов.Философское творчествоЖандара Туленова / Мукаш Сейсембаевич Бурабаев. – Алматы: [Б.и.], 1998. – 79, [2] с.  
В первой части монографии рассматриваются некоторые аспекты политического портрета первого Президента независимого Узбекистана Ислама Абдуганиевича Каримова, его отношение к наследию великого Абая и других выдающихся мыслителей Центральной Азии. Особо подчеркнут вклад И. Каримова в укрепление и развитие дружбы народов Казахстана и Узбекистана. Вторая часть исследования посвящена всестороннему анализу философского творчества видного ученого Казахстана и Узбекистана второй половины XX в., заслуженного деятеля науки, лауреата Государственной премии им. Беруни Жандара Туленова.  
Оқу

Тоқтаров, Р. Абайдың жұмбағы: роман / Рамазан Тоқтаров.– Алматы: Қазақ университеті, 1999.– 750, [2] б.  
«Абайдың жұмбағы» — белгілі жазушы Рамазан Токтаровтың оныншы романы. Мұның алдында оның әр жылдарда «Бақыт», «Ертіс мұхитқа құяды», «Терістік шұғыласы», «Тұлпардың сыны», «Жердің үлгісі», «Ғасыр наны», «Сусамыр», «Таңбалы жарғақтың құпиясы» атты көлемді туындылары жарық көрді. Ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған бқл роман-хамсасында жазушы ақынның туғанынан бастап дүниеден өткеніне дейінгі тұтас бір дәуір панорамасы жасауды мақсат еткен.  
Оқу

Байғалиев, Б. Абай өмірбаяны архив деректерінде/ Бейсенбай Байғалиев; Репрессияға ұшыраған Қазақстан зиялыларының мұрасын зерттейтін «Арыс» қоры.– Алматы: Арыс, 2001.– 134 б.
Әдебиетші, мәдениет тарихын зерттеуші, архивтанушы, көне қазына білгірі марқұм Бейсенбай Байғалиевтің филология ғылымының кандитаты ғылым дәрежесін алу үшінидайындаған диссертациясын кітап ретінде ұсынып отырмыз. Абай Құнанбайұлының өмір жолына байланысты кей көлеңкелі тұстар мен күмәнді сауалдардың ақиқатын ашу-автордың мақсаты. Кітап ғалымдарға, студенттерге, әдебиет тарихына құмар оқырмандарға арналады.  
Оқу

Омаров, Д. Абайтану немесе ұлы ойшылдың руханикемелдену туралы ілімі: жалпы білім беретін мектептің 10-11 сыныптарына арн. оқу құралы / Досым Омаров.– Өңд., түзетілген 2-бас.– Алматы: Мектеп, 2002.– 215, [1] б.  
Бұл оқу құралында ұлы ойшылдың бүкіл болмысқа, дінге, Жоғары Жаратушыға, әлемнің жалпы заңдылықтарына деген өзіндік көзқарасы зерделенеді. Абайдың рухани мұрасының адамдарды, әсіресе жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, саналылыққа, яғни салауатты өмір сүруге тәрбиелеудегі баға жетпес маңыздылығына айрықша көңіл аударылады. Кітап мектеп оқушыларына, студенттерге және жалпы көпшілікке арналған.  
Оқу

Әуезов, М.О. Абай жолы: роман-эпопея / Мұхтар Омарханұлы Әуезов.– Алматы: Жазушы, 2003.–3 кітап: Абай жолы.– 381, [3] б Роман-эпопея түпнұсқа бойынша түзетіліп, қалпына келтірілген басылымы бойынша жарияланып отыр.
М.Әуезовтің әлемге әйгілі роман-эпопеясы. «Абай жолы» – қазақтың көркем прозасын жоғары деңгейге көтеріп, әлем әдебиетіне биік эстетикалық талғам, көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқының, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан жан-жақты ашып көрсеткен. Қазақтың дана ұлы Абай образын, шығармалық және қайраткерлік тұлғасын сөз өнерінде өзгеше даралықпен сомдаған. «Абай жолы» роман-эпопеясына шетелдік қаламгерлер Луи Арагон, Н.Тихонов, Б.Матип т.б.жоғары баға береді.

Оқу

Әуезов, М.О.Абай жолы: роман-эпопея / Мұхтар Омарханұлы Әуезов.– Алматы: Жазушы, 2004.–1 кітап: Абай.– 365, [4] б.
Роман-эпопея түпнұсқа бойынша түзетіліп, қалпына келтірілген басылымы бойынша жарияланып отыр.  
Оқу

Есім, Ғ. Абай туралы философиялық трактат/ Ғарифолла Есім.– Алматы: Қазақ ун-ті, 2004.- 83, [1] б.  
Кітап жоғарғы сынып мектеп оқушыларына, әдебиет, тарих, адам және қоғам пәнінің мұғалімдеріне, студенттерге, аспиранттарға, философия, мәдениеттану, дінтану мамандарына, жалпы халқымыздың дүниетанымын танып білгісі келген ниеттегі оқырманқауымға арналған.
Оқу

Сыздық, Р.С. Абайдың сөз өрнегі/ Рәбиға Сатығалиевна Сыздық; ҚР білім және ғылым м-гі, А. Байтұрсынұлы атын. тіл білім ин-ты.– Алматы: Арыс, 2004.– 207, [1] б.
Кітапта Абай тілінің көркемдік бітімі сөз болады. «Өткірдің жүзі, кестенің бізі» сала алмайтын сөз өрнегін толғауы тоқсан қызыл тілмен салудың құдіретін танытқан ұлы Абайдың сөз қолдану, сөз таңдау, сөз құбылту, сөз үйлестіру, сөз үндестіру тәсілдері мен тәжірбиесі талданады. Жалпы әдеби тіл мен поэзия тілі заңдылықтарының Абай өлеңдері мен поэзиясындағы көрінісі, ондағы дәстүрлі нормалары мен Абай ұсынған жаңалықтар танылады. Абайдың поэтикалық тіл үлгісінің жалғасын тапқандығы Шәкәрім, Султанмахмұт, Ілияс, Қасым өлеңдерін ішінара талдау арқылы көрсетіледі.  
Оқу

Абай әлемі бейнелеу өнерінде= Мир Абая в изобразительном искусстве / ҚР мәдениет, ақпарат және спорт м-гі; [жауапты ред. Т. Ибрагимов].– Астана: Елорда, 2005.– 18, [2] б.
Иллюстрированная книга демонстрирует творчество Абая в изобразительном искусстве, на казахском и русском языках.  
Оқу

Әуезов, М.О.Абай жолы: роман-эпопея / Мұхтар Омарханұлы Әуезов.– Алматы: Жазушы, 2006.–2-кітап: Абай. – 431, [1] б.
Роман-эпопея түпнұсқа бойынша түзетіліп, қалпына келтірілген басылымы бойынша жарияланып отыр. М.Әуезовтің әлемге әйгілі роман-эпопеясы. «Абай жолы» – қазақтың көркем прозасын жоғары деңгейге көтеріп, әлем әдебиетіне биік эстетикалық талғам, көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқының, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан жан-жақты ашып көрсеткен. Қазақтың дана ұлы Абай образын, шығармалық және қайраткерлік тұлғасын сөз өнерінде өзгеше даралықпен сомдаған.


Оқу

Әуезов, М.О. Абай жолы: роман-эпопея / Мұхтар Омарханұлы Әуезов.– Алматы: Жазушы, 2006. 4-кітап: Абай жолы. – 399, [1] б.
М.Әуезовтің әлемге әйгілі роман-эпопеясы. «Абай жолы» – қазақтың көркем прозасын жоғары деңгейге көтеріп, әлем әдебиетіне биік эстетикалық талғам, көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқының, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан жан-жақты ашып көрсеткен. Қазақтың дана ұлы Абай образын, шығармалық және қайраткерлік тұлғасын сөз өнерінде өзгеше даралықпен сомдаған. «Абай жолы» роман-эпопеясына шетелдік қаламгерлерЛуи Арагон, Н.Тихонов, Б.Матип т.б.жоғары баға береді

Оқу

Созвучие творчества Абая и Пушкина: материалы междунар. науч.-практ. конф., 24-26 авг. 2006 г. / М-во науки и образования РК, Семипалат. гос. ун-т им. Шакарима.– Семей: СГУ, 2006.– 515 с.
В сборник включены материалы международной научно-практической конференции, раскрывающие проблемы личности в аспекте языка и культуры в творчества Пушкина и Абая в поликультурном пространстве. Материал конференции рассчитан на профессорско-преподавательский состав вузов, аспирантов, магистрантов, студентов и широкого круга читателей.  
Оқу

Абай Құнанбаев= Абай Кунанбаев: библиогр. көрсеткіш: (1995-2006) / ҚР білім және ғылым м-гі, Ғылым ком., М. О. Әуезов атын. әдеб. және өнер ин-ты; [жауапты ред. Ж. Ысмағұлов].– Алматы: Арда, 2007.– 206, [2] б. –Кітап қаз. және орыс тілдерінде.  
Абай Құнанбаевтың туғанына 160 жыл толуына байланысты құрастырылған бұл көрсеткішке 1995-2006 жылдар аралығында қазақ, орыс, басқа да әлем тілдерінде басылым көрген шығармалары мен олар туралы жазылған еңбектер енгізілді.
Библиографиялық көрсеткіш ұлы абай мұраларына қызыққан оқырман қауымға, оқушылар мен студенттерге, аспиранттарға, зерттеушілерге, кітапхана қызметкерлеріне арналады.
Оқу

Омаров, Д. Абайдың рухани мұрасы немесе данышпан берген салауатты өмір тағлымы: дүниетаным / Досым Омаров.– Алматы: Ел-шежіре, 2007.– 263, [1] б.
Кітапта Абай мұрасы оның өз өмір олы арқлы саралана отырып, оны салауатты өмір салтына қолдану жаңаша көзқараспен беріледі. Абай ілімі бойынша адамның өз болмысын тануы, сана-сезімінің жетілу сатылары, имандылық сырлары баяндалады. Кітап оқу орындарында өзін-өзі тану, салауатты өмір пәндеріне қолдану үшін мектеп оқушыларына, студенттерге және өмірдің терең мағынасына үңілетін көпшілікке арналады.
Оқу

Ақбай, Н.Абай жолы энциклопедиясы/ Наурызбай Ақбай. – Алматы: Арда, 2008.– 501, [3] б.  
Бұл энциклопедия қазақтың классик жазушысы, драматург, абайтанушы, ойшыл, ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің төрт томдық «Абай жолы» роман-эпопеясының негізінде жазылған. Онда қазақ халқының XIX ғасырдың екінші жартысындағы қоғамдық-саяси өмірі барлық жағынан көркемдікпен суреттеліп, олардың тыныс-тіршілігінің түкпірінде жатқан тарихи процестер кеңінен айқын көрсетілген; қоғам дамуының басты-басты заңдылықтары ашылып, жарты ғасырлық тарихи дәуірдің рухы жіті бейнеленген.
Аталмыш энциклопедия көркем шығарма жөніндегі тұңғыш ғылыми басылым болып табылады. Кітапқа үлкенді-кішілі 1400-дей мақала енгізілген.  
Оқу

Досжан, Д. Абайдың рухы: ғұмырнамалық ойтолғау / Дүкенбай Досжан. – Астана: Фолиант, 2008.– 428, [3] б.  
«Абайдың рухы» — жаңа заман биігінен ақын өміріндегі кезеңді оқиғаларға, бәзбір жауһар өлеңдерге табан тірей отырып ұстаздың рухани жан әлеміне барлау жасаған пәлсапалық, ғұмырнамалық ойтолғаныс десеңіз болады. 
Оқу

Анастасьев, Н. А. Абай. Тяжесть полета / Николай Аркадьевич Анастасьев. – М.; Астана: Фолиант, 2008. – 379, [5] с. – (Жизнь замечательных людей. Серия биографий. вып. 1169).  
Автор в книге «Абай: Тяжесть полета» раскрывает Абая, как основоположника казахской литературы, поэт-гуманист, соединивший в своем творчестве вековые традиции степных певцов-жырау с влиянием российской и европейской культуры.
Оқу

Ахметов, З.А. Абай и Лермонтов: эссе / Заки Ахметович Ахметов.– Алматы: Арда, 2008.– 156, [4] с.– (Тарихи тұлға тағлымы).
Книга видного казахского ученого-литературоведа, профессора, академика Заки Ахметова посвящена исследованию поэтических переводов великого казахского поэта Абая произведений выдающегося русского поэта М.Ю. Лермонтова. Значение переводов произведений Лермонтова в казахской литературе поистине огромно.
Издание рассчитано на студентов-филологов, литературоведов, на самый широкий круг читателей.  
Оқу

Абай мұрасы — қазақтың ұлттық қазынасы: респ. ғылыми-теориялық конф. материалдары / ҚР білім және ғылым м-гі, Ғылым ком., М. О. Әуезов атын. әдеб. және өнер ин-ты; [құраст.-жауапты ред. Т. Әлібек]. – Алматы: КИЕ, 2009.– 125, [2] б. –Кітап қаз. және орыс тілдерінде.  
Жинаққа Абайдың «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбай ұғылының өлеңі» атты тұңғыш кітабының (Санкт-Петербург, 1909) алғаш рет жарық көргеніне 100 жыл толуына байланысты 2009 жылдың 2 маусымында М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ұйымдастырған «Абай мұрасы – қазақтың ұлттық қазынасы» атты республикалық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары енгізілді.  
Оқу

Жұртбай, Т. «Күйесің, жүрек… сүйесің…»: (Абай: «Жан бостандығы» немесе рухани тәуелсіздік) / Тұрсын Жұртбай. – Алматы: Қайнар, 2009.– 463, [1] б.
Абайды тану – ұлтымызды тану. Ол – қазақ ұлтының рухани өміріндегі толастамайтын мәдени саясаттың мүдделі және күретамырлы тақырыбы. Даналардың жан жүйесі мен жан дүниесі мәңгілік танымдық тылсым. Абай ілімі – ұлтымыздың ұйыған ақыл-ой парасаты, қазақ елінің адамзаттық парасат пайымына қосқан үлесі. Сол даналық мәйегі қандай танымдық тамырлар арқылы әлемдік көркем ойлау жүйесімен үндестік тапқан? Міне, жазушы-ғалым Тұрсын Жұртбайдың философиялық еркін ойға құрылған бұл толғанысы – соған жауап іздеген, Абайдың көркемдік жүйесін тосын қырынан талдап, тың тұжырым жасаған түбірлі зерттеу болып табылады.  
Оқу

Базарбаев, М.Б. Избранное/ Муслим Базарбаевич Базарбаев; [отв. ред. С. А. Каскабасов].- Астана: Нура Астана, 2009.- (Тұғыры биік тұлғалар). — Т. 4: Казахская поэзия: художественные искания. (К традиции Абая).- 346, [6] с.
Эта книга доктора филологических наук, профессора М.Б. Базарбаева – результат разносторонних исследований национального своеобразия, исторических судеб, содержания и формы казахской поэзии, глубинных связей ее с пространством и временем. Привлекательная особенность книги состоит в том, что М.Б.Базарбаев не органичивается чисто литературоведческими проблемами. Читатель найдет здесь точные и увлекательные сведения народоведческого характера: об особенностях кочевого образа жизни, национальном характере, нравах и обычаях казахов, обо всем, что формировала их эстетические представления и находило затем отражение в поэзии.  
Оқу

Житников, С. А. Поэтические вариации «Қара сөздер» Абая / Сергей Анатольевич Житников.- Караганда: Караганд. полиграфия, 2009.- 166, [2] с.  
Изучением творчества Абая занимаются не только учёные, но и студенты, молодёжь, которая старается понять суть его философских мыслей, содержащихся в «Қара сөздер». Совершенно убеждён, что работа Карагандинского поэта С.А. Житникова «Поэтические вариации «Қара сөздер» Абая» будет с интересом воспринята читателями.
Оқу

Анастасьев, Н.А.Абай. Самғау салмағы/ Николай Аркадьевич Анастасьев; орыс тілінен ауд. Ж. Ысмағұлов. – Астана: Аударма, 2010.- 466, [6] б.
Бeлгілі әдeбиeттанушы әрі жазушы Никoлай Анастасьeв “Жизнь замeчатeльных людeй” сeриясынан жарық көргeн жаңа кітабында oсы жайттарды шығармашылық тұрғыдан жаңаша құрастырып, қайта жаңғыртқан. Oның Абайы – өз халқының ағарту жәнe гүлдeнту жoлында күрeскeн Даланың ұлы пeрзeнті ғана eмeс, сoнымeн біргe Пушкинмeн жәнe Гётeмeн, Шeкспирмeн жәнe Дeкартпeн сұхбаттас бoлып, сoлармeн бoй тeңeстірe, дүниe жүзі мәдeниeтіндeгі ұлы қайраткeрлeрдің тұғырнамасында қатар тұратын тұлға рeтіндe сурeттeлeді.

Оқу

Тәуелсіздік және Абайтану, халықаралық ғылыми-теориялық конф. (2010; Алматы). Тәуелсіздік және Абайтану: (халықаралық ғылыми-теориялық конф. материалдары 22 маусым, 2010 ж.) / ҚР білім және ғылым м-гі, Ғылым ком., М. О. Әуезов атын. әдеб. және өнер ин-ты; [құраст. Д. Мұхамадиев]. – Алматы: PrintExpress, 2010.- 271, [2] б.
Жинаққа қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 165 жыл толуына байланысты 2010 жылдың 22 маусымында М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ұйымдастырған «Тәуелсіздік және абайтану» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары енгізілді.  
Оқу

Абай тілі сөздігі/ ҚР білім және ғылым м-гі, Ғылым ком., «Ахмет Байтұрсынұлы Тіл білімі ин-ты» РМҚК; [ред. алқасы І. Кеңесбаев және т. б.]. – Алматы: Өнер, 2011.- 614, [2] б.  
Сөздік қазақтың үлкен жазба әдебиеті мен ұлттық әдеби тілінің берік негізін қалаған ұлы ақын Абай Құнанбаев шығармалары тілінің бүкіл сөз байлығын түгел қамтиды. Бұл кітап Абай өмір сүрген шақтағы, XIX ғасырдың екінші жарымы тұсындағы, қазақтардың мәдени дәрежесі жөнінде ғана нақтылы түсінік беріп қоймайды, қазақ әдеби тілін дамытудағы, оны бірыңғай ізге түсіріп қалыптастырудағы Абайдың рөлін көрсетеді.  
Оқу

Алаш көсемсөзі: 10 томдық / [ред. басқ. Н. О. Омашев]. – Алматы: Өнер, 2011.- (Алаш көсемсөзі). -Т. 8: Абай.- 380, [4] б.
«Алаш көсемсөзі» сериясымен жарық көретін он томдықтың сегізінші кітабы 1918 жылы Алаш (Семей) қаласында жарық көрген «Абай» журналының жарияланымдарына арналды. Бұл Алаш қайраткерлері — Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезов шығарған басылым. «Абай» — «Қазақ» газеті қалыптастырған тәуелсіздік рухын одан әрі кемелдендіріп, философиялық, психологиялық терең талдауларға құрылған жарияланымдарымен ерекшеленді. Бұл еңбек осы саланың зерттеушілеріне, журналистерге, студенттер мен магистранттарға және көпшілік қауымға арналады.  
Оқу

Молдаханов, Ә. Абай, Шәкәрім, Әуезов дәрістері: оқулық: ҚР Білім және ғылым м-гі бекіткен / Әдебиет Молдаханов; ҚР білім және ғылым м-гі. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011.- 190, [1] б.- (ҚР Жоғары оқу орындарының Қауымдастығы).
Оқулықта халқымыздың ұлы ғұламалары А. Құнанбайұлының, Ш. Құдайбердіұлының, М. Әуезовтің әдеби-ғылыми мұраларының еліміздің Тәуелсіздікке қол жеткізген жиырма жылы ішінде зерттелу нәтижелері қарастырылған. Оларды жаңа көзқараспен қайта тану тұрғысында абайтанудың, шәкәрімтанудың, әуезовтанудың әлі ашылмай жатқан өзекті беймәлім тұстары бойынша тың деректер берілген. Оқулық студенттерге, магистрантарға, ізденушілерге, оқытушыларға және көпшілік оқырманға арналған.  
Оқу

Тәуелсіздік және Абай мұрасы : респ. ғыл.-теор. конф. материалдары / ҚР Білім және ғылым м-гі, Ғыл. ком., М. Әуезов атын. әдебиет және өнер ин-ты ; [жауапты ред. С. Қорабай ; құраст. С. Қорабай]. — Алматы : Credos, 2011. — 243 б.
Жинаққа 2011 жылдың 26 мамырында М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік және Абай мұрасы» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары енгізілді.  
Оқу

Абай-Шәкәрім: ұжымдық монография / әл-Фараби атын. ҚазҰУ; [жалпы ред. басқ. Қ. Әбдезұлы]. – Алматы: Қазақ ун-ті, 2012.- 207, [3] б.
Монографиялық жинақ абайтанудың, шәкәрімтанудың жаңа зерттеу бағыттарында атқарылған жұмыстың негізінде әзірленді. Жеке монографиялық тарауларды белгілі әдебиеттанушы мамандар жазған. Еңбек әдебиеттанушыларға, жас зерттеушілерге арналған.
Оқу

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы/ ҚР білім және ғылым м-гі, Ғылым ком., М. О. Әуезов атын. әдеб. және өнер ин-ты; [жауапты ред. С. С. Қорабай]. – Алматы: Әдебиет әлемі, 2013.– 497, [3] б. – (Ұлы дала тұлғалары).
Кітапқа ұлы ақын, ойшыл Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының кемеңгер тұлғасы мен ақындық таланты туралы қазақтың белгілі ғалымдары мен қоғам қайраткерлерінің зерттеулері мен мақалалары еніп отыр.
Оқу

Абай-Шәкәрім шығармаларын орта және жоғары мектепте оқыту әдістері: республикалық оқу-әдістемелік конференция материалдары, 4 мамыр, 2014 ж. / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ, Филология, әдебиеттану және әлем тілдері фак-ті; [жоба жетекшісі Қ. Әбдезұлы; жауапты ред. Қ. Мәдібай]. – Алматы : Қазақ ун-ті, 2014. – 177, [1] б. : сур.  
Конференция материалдары Абай-Шәкәрім шығармашылығын орта, кәсіптік және жоғары мектептерде оқыту мәселелерін зерттеуші әдіскерлерге, студентер мен магистранттарға арналған.  
Оқу

Дәдебаев, Ж. Абайдың антропологизмі / Жанғара Дәдебаев; әл-Фараби атын. ҚазҰУ. – Алматы: Қазақ ун-ті, 2014.– 234, [2] б.
Профессор Жаңғара Дәдебаевтың монографиялық зерттеуінде Абай шыгармашылығындағы адам болмысының көркемдік, әлеуметтік-этикалық, эстетикалық мәселелері қарастырылады. Абайдың Адам туралы ілімінің негізгі, құрамдас төлімдері мен бастау көздері, басты категориялары пайымдалады. Монография гуманитарлық және қоғамдық ғылым саласында ізденіп жүрген зерттеушілерге, магистранттар мен докторанттарға,абайтанушы жас мамандарға арналған.  
Оқу

Сыздықова, Р. Көптомдық шығармалар жинағы/ Рәбиға Сыздықова; [ҚР Мәдениет және Спорт м-гі, Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс ком.; А. Байтұрсынұлы атын. Тіл білімі ин-ты]. – Алматы: Ел-шежіре, 2014.–Т.1.: Абай шығармаларының тілі. Лексикасы мен грамматикасы. «Абай» энциклопедиясында жарияланған ғылыми-теориялық мақалалар. – 383, [1] б.
Кітапта Абай шығармалары тілінің (өлеңдерінің де, «Қара сөздерінің» де) сөздік құрамы мен грамматикалық ерекшеліктері талданады. Қазақ тілінің Абай қолданған байырғы төл сөздерімен қатар ақын мұрасында кездесетін араб-парсы, орыс сөздері әңгіме болады. Ұлы қаламгер тіліндегі кейбір көне сөздермен бірге әдеби, тілімізге өзі қосқан немесе жандандырған жаңа сөздердің де сыр-сипаты танытылады. Қазіргі әдеби нормалармен салыстырғанда, Абайдың поэзиясының тілінде, әсіресе прозасында біршама ерекше болып көрінетін кейбір грамматикалық тұлға-тәсілдер талданып, олардың мән-мәнісі, қолданылудағы себеп-дәлелі көрсетіледі.  
Оқу

Сыздықова, Р. Көптомдық шығармалар жинағы/ Рәбиға Сыздықова; ҚР Мәдениет және Спорт м-гі; Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс ком.; А. Байтұрсынұлы атын. Тіл білімі ин-ты. – Алматы: Ел-шежіре, 2014. –Т.2.: Абайдың сөз өрнегі. Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы. Абай және қазақ әдеби тілі. – 576, [4] б.
Кітапқа «Абайдың сөз өрнегі», «Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы» атты зерттеулер еніп отыр. Абай тілінің көркемдік бітімі, «өткірдің жүзі, кестенің бізі» сала алмайтын өрнегін толғауы тоқсан қызыл тілмен салудың құдіретін танытқан ұлы Абайдың сөз қолдану, сөз таңдау, сөз құбылту, сөз үйлестіру, сөз үндестіру тәсілдері мен тәжірибесі талданады. Жалпы әдеби тіл мен поэзия тілі заңдылықтарының Абай өлеңдері мен поэзиясындағы көрінісі, ондағы дәстүрлі нормалары мен Абай ұсынған жаңалықтар танылады.
Оқу

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін : Абайдың тұлға болып қалыптасуындағы кітап пен білімнің рөлі : әдіст.-библиогр. құрал / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ, Әл-Фараби кітапханасы ; [жауапты ред. Қ. Т. Туенбаева ; ред. Н. У. Самиева ; құраст.: Ш. Б. Мукашева, С. Мінайхан]. – Алматы : Қазақ ун-ті, 2016. – 113, [1] б. – Библиогр.: 110-111 б.
Абайдың тұлға болып қалыптасу жолы баяндалған.  
Оқу

Тебегенов, Т. С. Абайтану ұлағаты : оқу құралы / Т. С. Тебегенов ; ҚР Білім және ғылым м-гі, Абай атын. ҚазҰПУ. – 2-бас. – Қарағанды : Ақнұр баспасы, 2016. – 264 б.
Оқу құралында хакім Абай шығармашылығының Өзекті мәселелері (ұлттық-этнографиялық, діни-исламдық сипаты, әлем әдебиеті классиктерімен үндестігі, поэзиясының, қара сөздерінің философиялық-психологиялық ерекшелігі және т.б.) қазіргі уақыт талаптарына сәйкес қарастырылған.  
Оқу

Абай : көмекші оқу құралы. 12-саны / [жалпы ред. басқ. C. Медеубеков] ; Әл-Фараби атын. ҚазҰУ. – Алматы : Қазақ ун-ті, 2017. – 46, [22] б. : сур.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің  PhD доктаранты Алтын Ақынбекованың ізденісінің нәтижесінде 1918 жылы Семейде (Алаш қаласында) жарық көрген Абай журналының бұған дейін зерттеушілер назарына ілінбей келген № 12 саны шағатай әріпінен кириллицияға ауыстырылып, ғылыми айналымға енгізіліп отыр.  
Оқу

Абай Кунанбаев в мировом литературоведении : коллективная монография / М-во образования и науки РК, Ком. науки, Ин-т литературы и искусства им. М. О. Ауэзова ; [под общ. ред. У. Калижанов]. – Алматы : Ғылым Ордасы, 2017. – 204, [1] с.  
Ұжымдық монографияда қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбаевтың әлемдік әдебиеттанудағы орны сөз болады. Абай Құнанбаевтың алыс шет елдерде танылып-қабылдануына талдау жасалып, оның әлем халықтары тілдеріне аударылған поэзиясы сапасының жайы сөз болады.
Оқу

Абай и Навои : науч. сб. / М-во образования и науки РК, Ком. науки, Ин-т литературы и искусства им. М. О. Ауэзова ; отв. ред. С. Ананьева ; отв. вып. С. Корабай. – Алматы : Print express, 2018. – 252 с.
Жұмыста Абай Құнанбаев пен Әлішер Науаи поэзиясы мен шығармашылық мұрасының рухани үндестігі қарастырылады. Абай шығармашылығы ерекше. Шынайы өмір құбылыстарына жанашырлықпен қарай отырып Абай халықтың өзіндік танымын ояту және оны рухани дамыту бағытында еңбектенді. Әр ғасырларда өмір сүрген және шығармашылықпен айналысқан Науаи мен Абай жалпыадамзаттық құндылықтардың сабақтастығын, гуманизмді, поэзияның реформаторлық рухын біріктіреді. Әлішер Науаи мен Абай Құнанбаевтың философиялық трактаттары, поэтикалық шығармалары Шығыс өркениетінің тарихында орасан зор рөл атқарады. Қос ойшыл ХХІ ғасырда екі бауырлас халықтың ұлы мұрасы болып қала берді, өз ұлттарының рухани өмірінің бағдарларын айқындады.
Оқу

Макин, Қайыржан қажы. Абай жаққан алау : танымдық мақалалар мен ой-толғамдар / Қ. Макин. – Алматы : Тамыр, 2020. – 335, [1] б.
Автор бұл кітабында елдік пен ерлікті, ынтымақ рен бірлікті, дін мен дәстүрді, адамгершілік пен имандылықты дәріптей отырып, жас ұрпақты отанжандылыққа, адамзатты сүюге үгдейді. Сондай-ақ, кітапта көптеген танымдық дүниелер бар.
Оқу

Абай, Құнанбаев. Айттым сәлем, қаламқас [Текст] : әндер мен күйлер / Құраст. Б. Г. Ерзакович. -Алматы : Өнер, 1986. — 91,[3] б.
Жинақ Қазақ ССР Ғылым академиясы М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында мақұлданған.
Оқу

Абай әлемі бейнелеу өнерінде [Текст] : монография / ҚР мәдениет, ақпарат және спорт м-гі; [жауапты ред. Т. Ибрагимов]. -Астана : Елорда, 2005. — 18,[2] б.
Абай Құнанбаев Семей қаласындағы Ресей Географиялық қоғамы бөлімшесінің жанынан 1883 жылы ашылған өлкетану мұражайының қорын экспонаттармен толықтыруға көмектескені белгілі. Өз уақытында, өз заманында мұражайдың маңызын түсініп, болашақ ұрпақтарға зор тәрбиелік мәні бар, қазақ даласына бейтаныс жаңа бастаманы қолдап, атсалысты.
Оқу

Абай шығармаларының толық жинағы [Текст] : монография / (. Қ. Абай. -Алматы : Қазбірмембас., 1945. — 503 б.
Қазақтың әдеби тілі мен жаңа әдебиетінің негізін салған ұлы ақын — Абай (Ибраһим) Құнанбаев шығармаларының осы жыйнағы ақынның туғанына 100 жыл толу мерекесіне арналып шығарылды.
Оқу

Абай Құнанбаев [Текст] : библиогр. көрсеткіш / (Қаз. ССР-нің А. С. Пушкин атын. мем. респ. кітапханасы). -Алматы : Қазақстан, 1965. — 288 б.
Абай шығармаларының баспа жүзiндe жариялануы мен ол туралы әртүрлі деректердің 75 жылдык ұзак мерзімін қамтитын бұл ұлы ақынымыз туралы жасалған алғашқы толық библиографиялық көрсеткіш.
Оқу

Абай. Қалың елім қазағым [Текст] : Шығармалары / . Абай. -Алматы : Жалын, 1995. — 382,[2] б.
Ұлы ақынның туғанына 150 жыл толатын торқалы тойына арналды.
Оқу

Әбділдин, Жабайхан Мубаракович. Абай – ұлы ойшыл және гуманист : Абайдың 170 жылдығына / Ж. М. Әбділдин, Р. Ж. Әбділдина ; МОН РК, ЕНУ им. Л. Н. Гумилева. — Астана : Фолиант, 2015. — 228, [4] б.
Кітап қазақ халқы дамуының жаңа көкжиектерін ашқан, оның рухани мәдениеті мен ойлауын жаңа сатыға көтерген, алдына жаңа рухани кеңістік көрсеткен, шындықты көркемдік игерудің жаңа үлгілерін жасаған Ұлы Абайдың философиялық-этикалық ілімін зерттеуге және түсінуге арналған.
Оқу

Абай тілі сөздігі [Текст] : сөздік / ҚР білім және ғылым м-гі, Ғылым ком., «Ахмет Байтұрсынұлы Тіл білімі ин-ты» РМҚК; [ред. алқасы І. Кеңесбаев және т. б.]. -Алматы : Өнер, 2011. — 614,[2] б.
Бұл кітап Абай өмip сүрген шақтағы, XIX ғасырдың екінші жарымы тұсындағы, қазақтардың мәдени дәрежеci жөнінде ғана нақтылы түсінік бepiп қоймайды, қазақ әдеби тілін дамытудағы, оны бірыңғай iзгe түcipiп калыптастырудағы Абайдың рөлін керсетеді.
Оқу

Таңдамалы даналық сөздер [Текст] : / Абай (Ибраһим) Құнанбаев. — Алматы : Қазақ ун-ті, 2019 . . — ISBN 978-601-04-3824-8.
1-кітап : Абай институтының еңбектері / әл-Фараби атын. ҚазҰУ, Абай ғыл.-зерттеу ин-ты ; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев ; [ред. М. Үмбетаев ; ғыл.-ред. алқа: Ө. Әбдиманұлы және т.б.]. — 95, [1] б.

Кітапта Абайдын даналык сөздерінін тандамалы бір тобы берілген. Даналык сөздер үлкенге де, кішіге де өмір, өмірдін мэні туралы ой салып, үлгі үсынады.
Оқу

Абай, Қ. [Қара сөздер] / Абай Құнанбаев ; қаз. ауд.. С. Санбаев. – Алма-Ата: Жазушы, 1970. – 128 б.: портр.
Бұл кітап орыс тілінде шыққан «Қара сөздердің» алғашқы толық басылымы.
«Қара сөздер» – қазақтың ұлы ақыны Абайдың өмірінің соңғы жылдары жазылған пәлсапалық шығармасы. Барлығы 45 сөзден (тараудан) тұрады. «Қара сөздердің» соңғы нұсқасы Абай шығармаларын жинақтаушы, көшіріп, насихаттаушы Мүрсейіт Бікеұлының 1905, 1907 және 1910 жылдардағы қолжазбалары бойынша жарияланып келеді. Қара сөздердің бірнешеуі алғаш 1918 жылы Семейде шыққан «Абай» журналында жарық көрді. Кейіннен «Қара сөздер» орыс, қытай, француз, т.б. көптеген шет ел тілдеріне аударылды.
Оқу

“Абайдың ақындық мектебі” халықаралық ғылыми-теориялық конференция(10 желтоқсан 2013 жыл; Алматы).”Абайдың ақындық мектебі” халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары [Текст] : / әл-Фараби атын. ҚазҰУ ; [жалпы ред. басқ. Қ. Әбдезұлы ; жауапты ред. Қ. Мәдібаева]. – Алматы : Қазақ ун-ті , 2014. – 306, [2] б.
Жинаққа 10.12.2013 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен «Абайдың ақындық мектебі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары енгізілді. Конференция материалдары ГФ 1957 «Абай-Шәкәрім шығармашылығын зерттеудің жаңа ғылыми бағыттарын негіздеу мәселелері» ғылыми жобасы қаржысы есебімен шығарылды.
Оқу

Абайтану. Махамбеттану [Текст] : ғылыми-әдістемелік жинақ / әл-Фараби атын. ҚазҰУ; [жоба жетекшісі Қ. Мәдібай]. — Алматы : Қазақ ун-ті, 2012. — 99, [1] б.
Жинақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті қазақ әдебиетінің  тарихы  және теориясы  кафедрасының 3-курс қазақ тілі мен әдебиеті —  5В011700, қазақ филологиясы — 5В020500 мамандығы студенттерінің «Абайтану», «Махамбет — азаттық  жыршысы» таңдауы бойынша піндердңң өзңндңк жұмыстарынан құрастырылды. Еңбек студенттер мен магистранттарға, әдебиеттанушы мамандарға арналады.
Оқу

Қара сөз = Книга слов : жинақ / Абай. — Семей : Халықаралық Абай клубы, 2007. — 383, [1] б. — (Б-ка журн. «Аманат»). — Кітап қаз. және орыс тілдерінде.
Қазақстан Республикасының 10 жылдығына арналады.
Абайдың Қара сөздері – көркем әңгіме емес, ғақлиялық даналық сөздер. Онда ғылыми философиялық толғаныстар кең орын алған. Абай Қара сөздерді жазуға зор дайындықпен келген. Ол бұл еңбектерін діни сопылық-теологиялық ғылымды да, жаратылыс заңдарын да ашқан Галилей, Коперник, Спенсер, Ньютон, Пифагор, Дарвин еңбектерін де, ертедегі философ ғылымдар Сократ, Аристотель, Платон шығармаларын да, Шығыстың ойшылдары – Фирдоуси, Шамси, Қожа Хафиз, Бабыр, т.б. еңбектерін де оқып, ақыл-парасаты әбден толған шағында жазуға кіріскен. Ол Қара сөздердегі келтірілген терминдік атаулар мен сілтемелерден немесе ой-пікір үндестігінен байқалады.
Оқу

Қара сөздер : жинақ / [қаз.ауд.: К. Серікбаева, Р. Сейсенбаев]. — Алматы : Жазушы, 1992. — 120, [8] б. — (Детям-жертвам ядерных испытаний и экол. катастроф).
Жинақ оқырмандарға қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаевтың Қара сөздерінің аудармаларын және Шәкәрім Құдайбердиевтің «Ұмытылған жазбалар» атты философиялық эссе-толғаныстарын ұсынады.
Оқу

Абай, К. Таңдамалы: қаз. ауд. / Құнанбаев Абай ; [Құраст. М. Мағауин]. – М.: Худож. лит., 1981. – 223 б.: ил.
Абай Құнанбаев (1846-1904) – қазақ ақыны және ойшылы. «Таңдаулылар» кітабына оның ең жақсы өлеңдері және ақын өзінің әлеуметтік және философиялық көзқарастарын баяндайтын Қара сөздері енді.
Оқу

Абай, Қ. Өлеңдер мен поэмалар / Абай Құнанбаев ; жалпы ред. В. А. Рождественский. – М.; Л.: Сов. писатель, 1966. – 291 б.: ил.
Бұл басылым ақынның поэтикалық мұрасының ең маңызды бөліктерін қамтып отыр. Жинаққа Абайдың бұрын жарияланған аудармаларымен қатар көрнекті ақын-аудармашылар жасаған жаңа аудармалары да енді.
Оқу

Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы шығармаларының екі томдық толық жинағы [Мәтін] : жинақ / Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы. – Алматы : Жазушы, 2005. 2-т. : Өлеңдер мен аудармалар. Поэмалар. Қара сөздер. – 335 б.
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының шығармаларының екі томдық толық жинағының екінші томына ақынның 1896 жылдан кейінгі өлеңдері мен аудармалары және поэмалары, қарасөздері, сондай-ақ “Үкімет билігіндегі” сенатқа атты шағым пікірі еніп отыр.
Оқу

Абай әуендері [Текст] : альбом / құраст. Х. Тілемісов. — Алматы : Қайнар, 1995. — 304 б.
Абай шығармаларына құрылған бұл альбом оқырманды жылдың әр мезгілінде түсірілген Қазақстан табиғаты байлығымен таныстырады. Көпшілік оқырманға арналған.
Оқу

Абай, Қ. Қара сөздер / Абай Құнанбаев. – Алматы: Б-ка Олжаса, 2012. – 155, [1] б. – (Классики мировой лит.).
Бұл басылымды аудармашы жаңа нұсқасын жасап, қайта шығарып отыр.
«Қара сөздер» – Абайдың соңғы туындылары қатарына жатады. Себебі, 1900-1904 жылдар арасында жүрек ауруының асқынуы салдарынан ұлы ойшыл өндіріп көп еңбек жаза алмаған. Сөйтіп, ол 1904 жылы 23 маусымда 59 жасында дүниеден қайтты.
Оқу

Абай, Құнанбаев. Таңдамалы : поэзия / К. Абай. – М. : Худож. лит., 1970. – 271 б.
Қазақ тілінен аударма.
Ұлы Абай – қазақ халқының руханияты мен мәдениетінің символы болып табылады. Оның ілімі халықтың рухани жаңғыруымен тығыз бай¬ла¬нысты, ал даналығы қа¬зір¬гі заманмен үндес. Абай шығар-машылығымен танысу сананы оятып, ойға ой қосады, жаңа көңіл-күй мен сезімге бөлейді, асыл армандарға жетелейді, өзіңді өзің талдап, тазаруға итермелейді..
Оқу

Абай (Ибраһим) Құнанбаев шығармаларының екі томдық толық жинағы [Текст] : жинақ / Абай (Ибраһим) Құнанбаев ; ред. кол.: З. Ахметов, Ы. Дүйсенбаев, Ә. Дербісәлин ; жалпы ред. басқ. Ы. Дүйсенбаев. — Алматы : Ғылым, 1977. 2-т. : Аудармалар мен қара сөздер / ред. кол.. — 309 с.
Қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбаев шығармаларының екі томдығын баспаға дайындау үстінде бұрынғы басылымдарындағы жетістіктер мен кемістіктер тугелдей ескеріле отырып, текстологиялық тексерулер жүргізілді, түсіндірме сөздер толықтырылып, түзетілді. Сондай-ақ Абай шығармаларының текстологиясы жөнінде бұрын-соңды айтылып келген орынды пікір мен ұтымды ұсыныстар қабылданды.
Оқу

Абай, Қ. Бір томдық шығ. жинағы : Өлеңдер. Поэмалар. Проза қаз. ауд. / Абай Құнанбаев ; ред. И. Дюсембиев, Н. Сидоренко. – М.: Госполитиздат, 1954. – 416 б.: ил.
Абай шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған, оның ақындық талантына шет елдердің ақындары мен жазушылары, әдебиет сыншылары кеңінен үн қатты. Оның шығармашылығы туралы мақалалар, «Қара сөздеріне» арнал¬ған зерттеулер Корея мен Қытайдан, Үндістан мен Иран¬нан, Еуропа елдері мен АҚШ-қа дейінгі әлемнің көптеген мемлекеттерінде жария¬¬лан¬ды. Бүгінгі күні Абай мұрасы әлем мәдениеті қазынасының ажырамас бір бөлігіне айнал¬ды, ал оның есімі қазіргі за¬ман¬ның ұлы ақындарының қатарында тұр.
Оқу

Абай. Таңдамалы өлеңдер: қаз. ауд. / Құнанбаев Абай ; [Құраст. А. Л. Жовтис]. – Алма-Ата: Жазушы, 1985. – 168 б.
Кітапқа А. Құнанбайұлының орыс тіліне аударылған шығармалары енді.
Шынайы өмірдің барлық құбылыстарына өзінің өткір де сергек ойын білдірген ақын халықтың сана-сезімін оятып дамытатын бейнелер сомдады. Абай шығармаларын қайта-қайта оқи отырып, шынайы бейнелердің көркемдік қуаты мен идеялық мазмұнының санқырлылығына және та¬қы¬рыптық әралуанды¬ғы¬на орай Абай шығармашы¬лы¬ғы¬¬ның нағыз өмір энциклопедия¬сы екендігіне тәнті боласың.
Оқу

Құнанбайұлы Абай (Ибрахим) шығармаларының екі томдық толық жинағы [Мәтін] : жинақ / ҚР ҰҒА, М. О. Әуезов атын. әдеб. және өнер ин-ты. – Алматы : Жазушы, 1995 . . – ISBN 5-605-01525-7. 1-т. : Өлеңдер мен аудармалар. – 335, [1] б.
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының туғанына 150 жыл толуы ЮНЕСКО шешімі бойынша бүкіл дүниежүзі  көлемінде тойланғалы отыр. Осы мерейлі мерекеге орай екі томдық толық жинағын баспаға дайындау үстінде бүрынғы басылымдарда айтылып жүрген ескертпелер ескерілді, жаңадан текстологиялық тексерулер жүргізілді, ғылыми түсініктер толықтырылып қайтадан жазылды. Абай шығармаларының екі томдық толық жинағының бірінші томына ақынның 1855 жылдан 1896  жылға дейінгі өлеңдері мен аудармалары  енгізілді.
Оқу

Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Өлеңдер, поэмалар, аудармалар мен қара сөздер [Текст] : / Абай (Ибраһим) Құнанбаев. — Алматы : Жібек жолы, 2005. — 487, [1] б.
Ұлы ақын Абайдың асыл мұрасын мезгіл-мезгіл қайтадан жариялау – уақыт талабы, қауым тілегі. Абай сөзін ардақ тұтатын оқырмандарға ақынның шығармалар жинағы жаңадан ұсынылып отыр. Бұл жинақта өлеңдері, поэмалары, аудармалары мен қара сөздері қамтыған. Абай шығармаларының біржола орныққан, тұрақты (канондық) текстін жариялау ісін Мұхтар Әуезов жүзеге асырған еді. Қолдарыңыздағы кітап сол негізде дайындалды. Тек соңғы басылымдарда қате басылған, жаңсақ кеткен жекелеген сөздерге ғылыми дәлелді түзетулер жасалды.
Оқу

Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы шығармаларының екі томдық толық жинағы [Текст] : / Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы. — Алматы : Жазушы, 2005. 1-т. : Өлеңдер мен аудармалар. — 294, [2] б.
Қазақ халкыньщ ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының екі томдык толық жинағын баспаға дайындау үстінде бұрынғы басылымдарда айтылып жүрген ескертпелер ескерілді, жаңадан текстологиялық тексерулер жүргізілді, ғылыми түсініктер толықтырылып қайтадан жазылды. Абай шығармаларының екі томдық толық жинағының бірінші томына ақынның 1855 жылдан 1896 жылға дейінгі өлеңдері мен аудармалары енгізілді.
Оқу

Абай. Шығармалар [Мәтін] : жинақ / Абай ; әзірлеп, шығ. жауапты Р. Рустамова. — Алматы : Мөр, 1994. — 414, [2] б.
Ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында оқырман қауымға кәдесый ретінде ұсынылып отырған бұл жинағына өлеңдері мен бірқатар аудармалары енгізілді.
Оқу

Абай тілі сөздігі : жинақ / [ред. басқ. А. Ысқақов]. — Алматы : Ғылым, 1968. — 735 б.
Сөздік қазақтың үлкен жазба әдебиеті мен ұлттық әдеби тілінің берік негізін қалаған ұлы ақын Абай Құнанбаев шығармалары тілінің бүкіл сөз байлығын түгел қамтиды. Бұл кітап Абай өмір сүрген шақтағы, XIX ғасырдың екінші жарымы тұсындағы, қазақтардың мәдени дәрежесі жөнінде ғана нақтылы түсінік беріп қоймайды, қазақ әдеби тілін дамытудағы, оны бірыңғай ізге түсіріп қалыптастырудағы Абайдың рөлін көрсетеді.
Оқу

Абай, Қ. Мен бір жұмбақ адаммын…: қаз. аударма / Абай Құнанбаев ; құраст. Г. Бельгер. – Астана: Аударма, 2009. – 503, [1] б. – (Б-ка каз. литературы; Культурное наследие).
Жинаққа Герольд Бельгер таңдаған Абай өлеңдері аудармалары бірнеше нұсқада, Қара сөздерінің екі аудармасы, Абайдың «Ескендір», «Масғұд» атты екі поэмасы және Бельгердің «Абайды аудару неге қиын?» атты мақаласы, сонымен қатар Абай туралы нақыл сөздер еніп отыр.
Оқу

Абай, КҚ. Қара сөздер / Абай Құнанбаев ; қаз. аударған С. Санбаев. – Изд. 2-е. – Алма-Ата: Жалын, 1982. – 159, [1] б.
Абайдың Қара сөздері – көркем әңгіме емес, ғақлиялық даналық сөздер. Онда ғылыми философиялық толғаныстар кең орын алған. Абайдың Қара сөздерінің өзіндік ерекшелігі бар. Сөйлемдері қысқа, мағынасы терең, оқушыға ой саларлық, ғибрат беруді көздей құрылған. Көпшілік қара сөздерінде философиялық сұрау беріп, сол сұрауға өзі жауап беруге тырысады. Немесе өзімен-өзі кеңесу, ой-пікір білдіру үлгісінде құрылады.
Оқу

Абай, Қ. Қара сөздер / Абай Құнанбаев. – Алматы: Өнер, 2006. – 131, [5] б.
Абайдың философиялық, көркемдік, әлеуметтік, гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі – Қара сөздері. Абайдың Қара сөздері – ұлы ақын сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның 6-7 үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің Қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған.
Оқу

Абай, Қ. Өлеңдер, поэмалар, проза / Абай Құнанбаев ; құраст. Г. Бельгер. – Алматы: Мектеп, 2006. – 189, [3] б. : ил. – (Слово седьмое).
Г. Бельгер «Гетені оқысам, Абайды танығандай боламын. Абайды оқысам, Гетені танығандай боламын» дегенімен, үш елдің әдебиетін де тел емген еңбекқор жазушының Абайды сүйген махаббатының алабөтен болғаны екі ұлы ақынның сан қырлы творчествосын талдаған эсселерінен тайға таңба басқандай аңғарылады. Бұл жинақ та Г. Бельгердің ұлы ойшыл Абайға деген үлкен құрметпен құрастырылған еңбектерінің бірі.
Оқу

Абай, Қ. Өлеңдер. Қара сөздер: қаз. аударма / Абай Құнанбаев. — М.: Рус. кн., 2003. – 232, [7] б. – (2003: Год Казахстана в России).
Абайдың Қара сөздері дүниетанымдық мазмұнда тек бір халықтың, не ұлттың еншісіне қатысты мәселелерді айтумен шектелмеген, онда адамзат тарихы барысында сан заман ғұламаларын толғандырып келе жатқан мәселелерге талдау жасалған. Сондықтан Абайдың қара сөздері әлемдік өркениетте өз орны бар келелі мәдени мұра.
Оқу

Абайды оқы, таңырқа … : жинақ / [ред. С. Бақтыгереев]. — Алматы : Ана тілі, 1993. — 156, [3] б.
«Абайды оқы, таңырқа…» – ұлы ақынның туғанына 150 жыл толуы қарсаңында шығарылған. Құрастырған, алғы сөзі мен түсініктемелерін жазған – Мекемтас Мырзахметов. Жинаққа Ә. Бөкейханов, Дж. Кеннан, Зейнелғабиден ибн Әмре, К. Ысқақұлы, А. Белослюдов, А. Байтұрсынов, Н. Рамазанов, М. Дулатов, Н. Төреқұлов, Т. Шоқанов, Б. Күлеев, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, I. Жансүгіров, Ғ. Сағди сияқты зерттеушілер мен ақын-жазушылардың Абай шығармалары туралы әр кезде жазған мақалалары енгізілген. М. Жұмабаевтың «Алтын хакім Абайға» деген өлеңі берілген. Оқырман қауым жинақтың алғашқы және соңғы беттеріне қосымша ретінде ұсынылған ақынның Арғыннан басталатын ата тегінің тізбегімен таныса алады.
Оқу

Әбдірахманов, Сауытбек. Поэзия аудармасы және аударма поэзиясы : жинақ / С. Әбдірахманов. — Астана : Аударма, 2008. — 469, [3] б.
«1887 жылы жарық көрген Абай аудармасындағы «Евгений Онегин» романы қазақ халқының ұлттық мәдениеті тарихында бетбұрыс болды» дейді филолог Сауытбек Әбдірахманов.
Оқу

Абай, Қ. Өлеңдер / Абай Құнанбаев. – Алматы : Жазушы, 1966. – 48 б.
Абай қазақ тілінің сөздік құрамына өзгеріс енгізді. Өзіне дейінгі ақын-жыраулар тілінде көп қолданылмайтын тұрмыс-салттық лексиканы, қарапайым сөздерді, терминдік мәнге ие болған ескі, жаңа атауларды өлең тіліне қосып, оларды поэзия тілінің құралына айналдырды. Абай шығармашылығы тақырыбының бірі және бастысы – адам, оның моральдық бет-бейнесі, сыртқы портреті, ішкі дүниесі, іс-әрекеті. Және бұл тақырыптарды Абай бұрынғыдай жалпы түрде, есиет-ақыл айту түрінде емес, нақтылы түрде, әр қимыл-әрекетті, әр мінез-қылықты дәл көрсету сипатында жырлайды.
Оқу

Абай, К. Абайдың жиырма өлеңі / Абай Құнанбаев. – Алматы: [б. и.], 2005. – 286, [2] б.
Жинаққа Абайдың орыс және неміс тілдеріне аударылған жиырма өлеңі енген. Түпнұсқада және аудармада келтірілген өлеңдер тәржіма өнерінің қиындығы мен күрделілігі туралы ойлануға негіз береді.
Оқу

Абай, Қ. Шығармаларының толық жинағы / Абай Құнанбаев. – Алматы : ҚР ҒА, 1954. – Т. 1. – 321 б.
Ұлы Абайды Ахмет Байтұрсынов: «Қазақтың бас ақыны –Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ» десе, ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов: «Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы – заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр» деп бағалаған.
Оқу

Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Шығармалар жинағы : 2 томдық / Абай (Ибраһим) Құнанбаев. – Алматы : Жазушы, 1986. – Т. 2 : Аудармалар мен қара сөздер. –
199, [1] б.

Абайдың екі томдық шығармалар жинағының бірінші томына ақынның поэзиясы енді.
Абай – ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Оқу

Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Шығармалар жинағы : 2 томдық / Абай (Ибраһим) Құнанбаев. – Алматы : Жазушы, 1986. – Т. 1 : Өлеңдер мен поэмалар. – 250, [1] б.
Абайдың екі томдық шығармалар жинағының екінші томына Қара сөздері мен аударма өлеңдері енді. Араб сөздерінің аудармасын қайта қараған – Әбсаттар Дербісәліұлы.
Оқу

Абай, Қ. Шығармаларының толық жинағы / Құнанбаев Абай. – Алматы : ҚР ҒА, 1954. – Т. 2. – 308 б.
Абай қазақ әдебиеті тарихында тұңғыш рет өз заманында халықты толғандырған қоғамдық және саяси өмір проблемаларын күн тәртібіне қойды. Ол қазақ қоғамының қайшылықты жақтарын, замандастарының алауыз берекесіздігін, патшаның отаршылдық саясаты қоздырып отырған рулық тартыстардың елдің бірлігіне келтірген зиянын қатты сынай отырып, еңбекші елге іш тартты, халықты озық мәдениетке үйретті.
Оқу

Абай, Қ. Таңдамалы / Абай Құнанбаев. – Алма-Ата: Казгосизд. худож. лит., 1951. – 140 б.
Абай поэзиясы – қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Тек қана Абай өлеңдерінен қазақ даласының табиғаты, қазақ өмірінің шындығы, қазақ халқының сезім-сыры, арман-тілегі, ұлттық ерекшелік қасиеттері түгел көрініп, сезіледі. «Абайдың қазақ әдебиетіне XIX ғасырда және XX ғасырда еткен әсері аса мол. Абайдың өзін көрмей, сөзін оқу арқылы, естіп ұғыну арқылы, сол Абайдың өлеңдерінің үлгісінде әлеуметтік мәселеге, адамгершілік жайға, ағартушылық турасына арнап көп-көп өлеңдер жазған талай ақындар бар. Әсіресе, бұлардың саны Абай шығармалары қазақ сахарасына жайыла бастаған сайын молая түскен» дейді Мұхтар Әуезов.
Оқу

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Шығармаларының екі томдық толық жинағы / Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы ; ҚР ҰҒА, М. О. Әуезов атын. әдеб. және өнер ин-ты. – Алматы : Ғылым, 1977. – Т. 1 : Өлеңдер мен поэмалар. – 454, [1] б.
Абай көзі тірісінде өзінің өлеңдерін жинаған емес. Олардың әрқайсысын бір жапырақ қағазға жазып, жастарға таратып бере берген. Олар Абайдың өлеңдерін жаттап алып отырған. Сөйтіп Абай өлеңдері қазақ даласында ауыздан ауызға таралып кете барды. Оның өлеңдері қолдан қолға көшіріп алынды. Ондай қолжазба көшірмеге ие болу әрбір сауатты қазақ үшін зор ғанибет болатын. Кейінірек Абайдың туындыларын оның ұлы Тұрағұл жинастыра бастады. Абай өлеңдерінің ең алғашқы жинағы 1909 жылы ақын Кәкітайдын арқасында Қазан қаласында басылып шықты. Абай Құнанбаевтың өлеңдерін жинауға және бастырып шығаруға көп күш-жігер жұмсап, игі ықпал еткен адал ақын Көкбай Жанатайұлы (1864-1927) болды. Ол өлеңдер белгілі қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханұлының редакциясымен басылып шықты.
Оқу

Абай, Қ. Шығармалар : екі томдық : Т. 1-2 / Абай Құнанбаев. – Алматы : Жазушы, 1968. – Т. 1. – 319 б.
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (10 тамыз 1845 жыл – 6 шілде 1904 жыл) –ұстаз, ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, сазгер, аудармашы, саяси қайраткер, либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Оқу

Абай, Қ. Шығармалар : екі томдық : Т. 1-2 / Абай Құнанбаев. – Алматы : Жазушы, 1968. – Т. 2. – 251 б.
Абай Құнанбайұлы – ұлы ақын, ойшыл, саяси қайраткер және біздің еліміздің тарихында үлкен із қалдырған адам. Ол әдебиеттің дамуына ғана емес, сонымен бірге өз шығармашылығы арқылы Қазақстан, Ресей және басқа да Еуропа елдері арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға үлес қосқан.
Оқу

Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Таңдамалы шығармалар : екі томдық / Абай (Ибраһим) Құнанбаев ; [жалпы ред. басқ., құраст. Ж. Дәдебаев, жауапты ред. Л. Мұсалы]. – Алматы : Қазақ ун-ті, 2021 . – ISBN 978-601-04-5586-3. I том : Өлеңдер, поэмалар. – 241, [1] б.
Абай Құнанбайұлы (1845 – 1904) – қазақ әдeбиeтінің нeгізін салушы рeтіндe жұртшылыққа кeңінeн мәлім, өзінің шығармашылығында қыр eлі ақын-жырауларының ғасырлық дәстүрлeрін Рeсeй жәнe Eврoпа мәдeниeтімeн ұштастырған гуманист-ақын. Oл сoнымeн біргe нәзік лирик, тeрeң oйшыл жәнe замандастарының кeлeңсіз мінeздeрін батыл сынаған сатирик. Абайдың өмірі сырттай қарағанда oқиғаларға бай eмeс, алайда шығармашылық іздeністeргe, жаңа пішіндeр қарастыруға, Батыс жәнe Шығыс классиктeрімeн сырттай сұхбаттасуға тoлы. Oның өмірбаяндық шeкарадан алысқа тараған “сөздік бoлмысы” oсындай.
Оқу

Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Таңдамалы шығармалар : екі томдық / Абай (Ибраһим) Құнанбаев ; [жалпы ред. басқ., құраст. Ж. Дәдебаев, жауапты ред. М. Үмбетаев]. – Алматы : Қазақ ун-ті, 2021 . – ISBN 978-601-04-5594-8. II том : Қара сөздер, аудармалар. – 195, [1] б.
Абай отандық тарихымыз бен әдебиетімізде аса көрнекті орын алады. Абай қазақтың ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалады. Абай есімі дүниежүзі халықтары әдебиетінде Шекспир, Пушкин, Гётелермен қатар тұрады. Ақынның мол әдеби мұрасы тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы саналады.
Оқу

Анастасьев, Н. А. Абай. Самғау салмағы / Николай Аркадьевич Анастасьев; орыс тілінен ауд. Ж. Ысмағұлов. – Астана : Аударма, 2010. — 466, [6] б.
Бeлгілі әдeбиeттанушы әрі жазушы Никoлай Анастасьeв «Жизнь замeчатeльных людeй» сeриясынан жарық көргeн жаңа кітабында Абай биографиясын шығармашылық тұрғыдан жаңаша құрастырып, қайта жаңғыртқан. Oның Абайы – өз халқының ағарту жәнe гүлдeнту жoлында күрeскeн даланың ұлы пeрзeнті ғана eмeс, сoнымeн біргe Пушкинмeн жәнe Гётeмeн, Шeкспирмeн жәнe Дeкартпeн сұхбаттас бoлып, сoлармeн бoй тeңeстірe, дүниeжүзі мәдeниeтіндeгі ұлы қайраткeрлeрдің тұғырнамасында қатар тұратын тұлға рeтіндe сурeттeлeді.
Оқу

Анастасьев, Н. А. Абай. Самғау салмағы / Николай Аркадьевич Анастасьев. – М.; Астана: Фолиант, 2008. – 379, [5] б. – (Жизнь замечательных людей. Серия биографий. вып. 1169).
Бeлгілі әдeбиeттанушы әрі жазушы Никoлай Анастасьeв «Жизнь замeчатeльных людeй» сeриясынан жарық көргeн жаңа кітабында Абай биографиясын шығармашылық тұрғыдан жаңаша құрастырып, қайта жаңғыртқан. Oның Абайы – өз халқының ағарту жәнe гүлдeнту жoлында күрeскeн даланың ұлы пeрзeнті ғана eмeс, сoнымeн біргe Пушкинмeн жәнe Гётeмeн, Шeкспирмeн жәнe Дeкартпeн сұхбаттас бoлып, сoлармeн бoй тeңeстірe, дүниeжүзі мәдeниeтіндeгі ұлы қайраткeрлeрдің тұғырнамасында қатар тұратын тұлға рeтіндe сурeттeлeді.
Оқу

М. Әуезов. Абай : 4 актылы 7 суретті трагедия / . – М. ; Л. : Государственное издательство “Искусство”, 1945. – 129 б.
«Абай» – 1939 жылы М. Әуезов пен Л. Соболев бірігіп жазған 4 актылы 7 суретті трагедия.

Пьеса алғаш рет 1940 жылы 30 қазанда қазақ академиялық драма театры сахнасында қойылды (режиссері – А. Тоқпанов, суретшілері – Э.Чарномский, Қ. Қожықов). 1950, 1960 жылдары қазақ тілінде, 1941, 1944, 1948 жылдары орыс тілінде жарияланған. Мұхтар Әуезовтің әдеби-мемориалдық музейінің мұрағатында «Абай» трагедиясының үш түрлі нұсқасы сақтаулы тұр.
Оқу

Әуэзов, Мұхтар Омарханович.
Абай жолы : роман-эпопея / М. О. Ауэзов ; [пер. А. Ким]. — Алматы : Жибек Жолы, 2012. — ISBN 978-601-294-107-4. — Текст : непосредственный. Кн. 2. — 555 б.

М. Әуезов 1929-1939 жылдары қуғын-сүргіннің тауқыметін тарта жүріп, өз өмірінің басты кітабы – «Абай жолы» эпопеясына аса ыждаһаттылықпен дайындалды. Абай шығармаларының екі томдық толық жинағын шығарды, ақын туралы деректерді жинастырды, оның өмірбаяндық, шығармашылык жолын ғылыми тұрғыдан ізге түсірді. Әлем әдебиетінің түрлі жанрдағы үздік шығармаларын аударып, ғылыми жұмыспен шүғылданды. Болашақ эпопеяның алғашқы тарауы «Татьянаның қырдағы әні» деген атпен жарияланды. Осыдан бастап М. Әуезовтің қалған өмірі тек Абай бейнесін көркем бейнелеуге арналды. Бұл оның табиғи талантының барынша ашылып, дүниежүзілік деңгейге көтерілуіне жол салды.
Оқу

Әуэзов, Мұхтар Омарханович. Абай жолы : роман-эпопея / М. О. Ауэзов ; [пер. А. Ким]. — Алматы : Жибек Жолы, 2012. — ISBN 978-601-294-107-4. Кн. 3. — 501 б.
М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясын 1942 жылы 1-кітабын, 1947 жылы 2-кітабын, 1952 жылы 3-кітабын, 1956 жылы 4-кітабын жарыққа шығарды. Алғашқы екі кітабы үшін авторға 1949 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Төрт томдық роман-эпопеясы үшін 1959 жылы кеңес кезіндегі ең жоғарғы сыйлық Лениндік сыйлықпен марапатталды.
Оқу

Әуэзов, Мұхтар Омарханович. Абай жолы : роман-эпопея / М. О. Ауэзов ; [пер. А. Ким]. — Алматы : Жибек Жолы, 2012. Кн. 4. — 527 б.
«Абай жолы» бір ұлтты әлемге танытудың кепілдігіне жіберілген рухани елші міндетін атқарды. Француздың кемел кемеңгері Луи Арагон: «Мен оның шығармаларын туған еліме таныстырушы болуды үлкен абырой санаймын. Эпикалық роман «Абай» менің ойымша, ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі. Бұл шығарма кеңес әдебиеті туындыларының маңдай легінен орын алады деу аздық қылады, әлемнің басқа елдерінде де онымен тең түсетін шығарма табу қиын» деп бағалады..
Оқу

Әуэзов, Мұхтар Омарханович.
Абай жолы : роман-эпопея / М. О. Ауэзов. — Алматы : Жибек Жолы, 2012. Кн. 1. — 567 б.
«Абай жолы» роман-эпопеясы тек қазақ әдебиетінің тарихында ғана орын алмай, бүкіл дүниежүзінде жоғары бағаланды. Олар: «ХХ ғасырдың ең үздік шығармаларының бірі» (француз жазушысы Луи Арагон), «Бұл тамаша эпопея бізге тұтас бір әлемді сыйға тартты» (орыс жазушысы Н.Тихонов), «Өзім қалай қазақ болып кеткенімді білмей қалдым» (орыс жазушысы К.А.Федин), «Абайдай шығарма бұл тұсқа дейін қазақ әдебиетінде болған емес» (Ғ.Мүсірепов), «Өз басым өзге елге сапарға шығып, өзге жұрттың табалдырығын аттай қалсам, әрқашан қасиет тұтып, өзіммен бірге қастерлеп ала жүретін екі түрлі асылым бар: бірі — «Манас», бірі — Мұхтар Әуезов» (Қырғыз жазушысы Ш.Айтматов).
Оқу

Әуэзов, Мұхтар Омарханович.
Абай қазақтың ұлы ақыны : жинақ / М. О. Ауэзов, Б. Кенжебаев ; отв. ред. М. С. Сильченко. — Алма-Ата : КазОГИЗ, 1945. — 32 б.

Абайтану – әдебиеттану ғылымының арнаулы салаларының бірі. Абай әлемі – мәңгілік мұра, қымбат қазыналар қатарына жататындықтан, ғасырдан астам уақыт бойы сөз етіліп, әр алуан бағытта зерттеулер жүйесіне айналып келеді. М. Әуезов осы тұрғыдан туған халқының әдебиеті мен ауыз әдебиетінің, Ұлы Абайдың көркемдік әлемінің кәусар бұлағынан сусындап, солардың игі дәстүрін өз бойына сіңіру, оларды байытып, дамыту үстіндегі бүкіләлемдік көркем ойдың асыл қорына баға жетпес үлес қосты.
Оқу

Әуэзов, Мұхтар Омарханович. Абай : роман / М. О. Ауэзов ; пер. с каз. под ред. Л. Соболева. – М. : Гослитиздат, 1950. – 584 б.
Әлемнің 116 тіліне аударылған М. Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясын 200 томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы» сериясында 134-135 том болып тұр. Мәскеу мен Санкт-Петербургтің өзінде «Абай жолы» роман-эпопеясы 17 рет басылып жарық көрді.
Оқу

Әуэзов, Мұхтар Омарханович.
Абай жолы : роман-эпопея / М. О. Ауэзов. — Алматы : Ана тілі, 1997. — Т. 2. — 350 б.

«Абай жолы» — қазақ өмірінің айнасы, ол төрт том арқылы бүкіл дүниежүзіне қазақтың кім екенін танытты. Заңғар жазушы әрбір қазақтың бойында ұлттық мақтаныш сезімін оятады, туған жерге, ана тілімізге деген құштарлықты, отансүйгіштік сезімін тудырып, елдің ертеңгі күніне сенімімізді арттырады.
Оқу

Әуэзов, Мұхтар Омарханович. Абай жолы : роман-эпопея / М. О. Ауэзов. – Алматы : Ана тілі, 1997 . –Т. 3. – 318 б.
«Абай жолы» эпопеясының әр кітабында Абай өмірінің әр кезеңі бейнеленген. Кітаптан кітапқа өсіп отыратын Абайдың тұлғасы мен характері оның жасына, тәрбиесіне, арманына лайық өзіндік ерекшеліктерімен бейнеленген. Эпопеядағы орталық тұлға типтік характер – Абай. Ол бүкіл бір халықтың рухани адамшылық келбетін елестете алатын бейне. Абай сөзі мен ісі соншалық нақты, әрбір әрекетіне нандыратын тұлға, заман мен халық қамын терең толғайтын үлкен ойшыл, ұлы ақын сипатында көрінеді. Абайдың көркем бейнесін жасауға ақынның өз өлендерінің көп көмегі тигенін жазушы ризашылықпен еске алады.
Оқу

Әуэзов, Мұхтар Омарханович. Абай жолы : роман-эпопея / М. О. Ауэзов. – Алматы : Ана тілі, 1997 . –Т. 4. – 365 б.
«Абай жолы» туралы автор: «ақын Абайдың қалыптасуын көрсету арқылы үлкен қоғамдық шындықты: ескі мен жаңаның диалектикалық қарама-қарсылығын, күрес нәтижесінде ескіні жаңаның жеңуін ашуға тиіс болдым» дейді. Мұның барлығын қазақ халқының ұлы ойшылы Абай айналасына топтап, өмір шындығына терең бойлайды. ХІХ ғасырдағы қазақ халқының қоғам өзгерістерін жаңа мен ескінің күресін бүгінгі заманның мүдделерімен үйлестіріп бере білген жазушы Құнанбайды жөн-жосықсыз қараламайды, Абайды асқақтата дәріптемейді, қоғамның даму сатысымен ескі мен жаңаның ара-жігін ашып, жаңаша сипат беруді мақсат тұтады.
Оқу

Әуэзов, Мұхтар Омарханович. Абай жолы : роман-эпопея / М. О. Ауэзов. – Алматы : Ана тілі, 1997 . –Кн. 1. – 335 б.
М. Әуезов Абай образын шындыққа лайық тарихи процеспен, халық өмірімен тығыз байланыста алып суреттейді. Тарихи жағдайды байыптасақ, XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында, өзгеріс, жаңалық аз болған жоқ. М. Әуезов осы өзгерістерді айқын көрсетіп, отаршылдық саясаттың ауыр зардабын, асқындаған қайшылықтарды, әлеуметтік теңсіздікті ел ішіндегі шым-шытырық күресті баса суреттейді. М. Әуезов бейнелеген оқиғалар мен кұбылыстар тарихи процестің даму тенденциясын дәл тауып, халық өмірінің негізгі салаларын қамтиды.
Оқу

Әуэзов, Мұхтар Омарханович. Абай жолы : роман-эпопея : в 2 т. / М. О. Ауэзов. – М. : Худож. лит., 1965. Т. 1 : Абай. – 783 б.
«Абай жолы» — халық жолы, халық жолы — Абай жолы. Осындай тамаша бірлікті тарихи шындыққа сай және көркемдік шеберлікпен көрсету М. Әуезовтің ұлы творчестволық жеңісі болып табылады.
Оқу

Әуэзов, Мұхтар Омарханович. Абай : роман / М. О. Ауэзов ; пер. с каз.: А. Никольска, Т. Нуртазин ; под ред. Л. Соболева. – М. : Сов. писатель, 1945. – 390 б.
Қазақтың әдебиетіне жан, күш берген, сөздің сыртынан сырлап, ішін түрлеген, ақын, сыншыл, дарын Абай еді. Ой мен сөздің ұштасуы осы болар, Мұхтар Әуезов: «Абай жатқан дария, мен одан шөміштеп алдым» деп айтады. Абайды танытқан — Әуезов, ал Әуезовты танытқан — «Абай жолы» роман-эпопеясы.
Оқу

Әуэзов, Мұхтар Омарханович. Абай : роман-эпопея : в 2 кн. / М. О. Ауэзов ; [пер. с каз. Л. Соболев]. – Алма-Ата : Казгослитиздат, 1957. Кн. 2. – 418 б.
М. Әуезовтың Абай жайлы романдары өздерінің ғажайып көркемдік қуатымен ұлттық әдебиетіміздің дамуына ерекше әсер етті. Бұл ретте сөз зергері, үлкен жазушы Ғ. Мүсіреповтің төмендегі сөздерін атап көрсетуге болады: «Абай» романдары қазақ-совет прозасының қалыптасуына көмектесумен бірге, шығарма алдына қойылар талап дәрежесін жаңа бір биікке көтерді. Жазушылық өнерден үміті бар жасымыз да, жасамысымыз да «Абайдан» үйрене де, сүйсіне отырамыз».
Оқу

Әуэзов, Мұхтар Омарханович. Абай : роман-эпопея: в 2-х кн. / М. О. Ауэзов ; [пер. с каз. Л. Соболев]. – Алма-Ата : Казгослитиздат, 1957. Кн. 1. – 411 б.
М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясында қазақ халқының тілі мен ділін, өнері мен мәдениетін, тарихи болмысы мен дүниетанымын, әдеп-ғұрпы мен ұлттық дәстүрін барлық қырынан жан-жақты ашып көрсеткен. М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясын 1942 жылы 1-кітабын, 1947 жылы 2-кітабын, 1952 жылы 3-кітабын, 1956 жылы 4-кітабын жарыққа шығарды. Алғашқы екі кітабы үшін авторға 1949 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Төрт томдық роман-эпопеясы үшін 1959 жылы кеңес кезіндегі ең жоғарғы сыйлық Лениндік сыйлықпен марапатталады.
Оқу

Әуэзов, Мұхтар Омарханович. Абай : роман / М. О. Ауэзов ; пер. с каз. под ред. Л. Соболева. – М. : Сов. писатель, 1955. – 590 б.
Эпопеядағы орталық тұлға, типтік характер – Абай. Ол бүкіл бір халықтың рухани адамшылық келбетін елестете алатын бейне. Абай сөзі мен ісі соншалық нақты, әрбір әрекетіне нандыратын тұлға, заман мен халық қамын терең толғайтын үлкен ойшыл, ұлы ақын сипатында көрінеді. Абайдың көркем бейнесін жасауға ақынның өз өлеңдерінің көп көмегі тигенін жазушы ризашылықпен еске алады. Суреткер Әуезов ұлы ақынның шығармаларын туғызған жағдай мен себептер табиғатына терең бойлау арқылы оның өмір жолына қанығады. Абай халық қиялында қаншалық биік сатыда тұрса, роман оның көркем бейнесін соншалық жоғары деңгейде көрсетеді.
Оқу

Әуэзов, Мұхтар Омарханович. Абай : роман-эпопея : в 2 кн. / М. О. Ауэзов. – М. : Гослитиздат, 1958. Кн. 2. – 774 б.
Өзінің осы тамаша эпопеясы арқылы М. Әуезов ұлы ақынымыз Абайға арнап жоқтық та таңбасын түсіре алмайтын, уақыт та уытын дарыта алмайтын ғажайып көркем ескерткіш жасады. Ақынның қазақ топырағында орнаған бұл ескерткіші оның нұрлы бейнесін бүкіл әлемге паш етті. Сүйікті жазушысы М. О. Әуезовке туған халқы сол үшін дән риза, мәңгілік қарыздар және ғұмыр бойы ұмытпайды.
Оқу

Ахметов, Зәки. Лермонтов және Абай : Абайдың М. Ю. Лермонтов шығармаларының аудармасы / З. Ахметов. — Алма-Ата : АН КазССР, 1954. — 64 с.
З. Ахметовке дейін «Абайдың Лермонтовтан жасаған аудармаларының баян еткен ауқымы мен идеялары қандай?», «Абай не үшін Лермонтов поэзиясына алабөтен құмартты?», «Абай өлеңдері мен Лермонтов поэзиясының өзектестігі мен өзгешелігі неде?» сияқты т.б. сауалдарға жауап қарастырылмаған еді. Бұл еңбекте осы тақырып жан-жақты ашылады.
Оқу

Ахметов, Зәки Ахметович.
«Абай жолының» дүниеге келу тарихындағы поэтикасы : жинақ / З. А. Ахметов ; АН КазССР, ИЛИ им. М. О. Ауэзова. — Алма-Ата : Наука, 1984. — 254, [2] б.

«Абай жолы» — қазақтың көркем прозасын классиклық стиль деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне биік эстетикалық талғам, көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсеткен. Қазақтың дана ұлы Абай образын, мәңгілік тұлғасын сөз өнерінде өзгеше даралықпен сомдаған» З. Ахметов.
Оқу

Ахметов, Зәки. Абайдың ақындық әлемі : жинақ / З. Ахметов. — Алматы : Ана тілі, 1995. — 271 б.
«Абай – қазақтың жаңа реалистік жазбаша поэзиясының, әдебиетінің негізін салды. Абайдың ақындық дарыны аса қуатты және сан қырлы. Ол – керемет суреткер ақын және сыршыл лириканың сирек кездесетін шебері. Сонымен бірге біз Абайды ойшыл ақын дейміз. Мұны алдымен ақынның өмір құбылыстарын терең толғау жағы басым келетін өлеңдеріне қатысты айтсақ, сонымен қатар өмір, адам тағдыры, дүние, заман ағымы жайлы пікірлері, дүниетанымы көбірек көрінетін өлеңдеріне қатысты, яғни ойшыл философ ақын деген мағынада айтамыз» дейді академик Заки Ахметов.
Оқу

Бейсембиев, Қасым. Абай Құнанбаевтың дүниетанымы : жинақ / Қ. Б. Бейсембиев ; АН КазССР. — Алма-Ата : АН КазССР, 1956. — 171 б.
Автор 1956 жылы жарық көрген «Абай Құнанбаевтың дүниетанымы» деген көлемді монографиясы мен Қазақстанның қоғамдық-саяси және философиялық ой-пікірлеріне арналған іргелі зерттеулерінде Абайдың туған халқының ұлы ақыны болып қана қоймай, өз шығармаларында көкейкесті әлеуметтік-саяси, философиялық, этикалық мәселелерді қазақ қоғамы дамуының пісіп жетілген қажеттіліктерімен тығыз байланыста көтере білген ұлы ойшыл екендігін жан-жақты ашады. Абай өлеңдері мен Қара сөздеріндегі философиялық ой-толғаныстарды талдау арқылы оның XX ғасыр басындағы демократиялық ой мен ұлттық сананың өрістеуіне үлкен әсер еткендігін атап көрсетеді.
Оқу

Бельгер, Герольд Карлович. Жердегі пайғамбарлар (Гете. Абай) : әдеби-сын очерк-эсселер / Г. К. Бельгер. — Алматы : Жазушы, 1995. — 251, [4] б.
«Менің Абайды тануым Гетені түсінуден басталуға тиіс сықылды еді. Қаншама қазақша оқып, қазақ ауылында өстім дегенмен, неміс емеспін бе? Бірақ, бәрі керісінше болып шықты. Мен әуелі Абай арқылы Гетені таптым. Бұл әншейін айтыла салған жылтырақ сөз емес. Басқасын былай қойғанда, Гетенің әйгілі «Жолаушының түнгі жыры» атты өлеңін мен әуелі Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып» деген өлеңін оқып барып, Лермонтовтың «Тау шыңдары» арқылы бойыма сіңіріппін. Қалай десек те, танып-білудің жолы кейде осылай иір-шиыр болады екен» Г. Бельгер.
Оқу

Бөжеев, Мұратбек. Абайдың ақындық айналасы : зерттеу / М. Божеев. — Алматы : Жазушы, 1971. — 112 б.
Филология ғылымдарының кандидаты, зерттеуші-ғалым Мұратбек Бөжеевтің бұл еңбегінде Абай поэзиясының өзінен бұрынғы ақындармен байланысы және ауыз әдебиетімен тамырластығы дәлелденіп, сөз етіледі.
Оқу

Болатова, Гүлжан Жамбыловна. Ұлттық ерекшелікті жаңғырту : М. О. Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясының орыс тіліне аудармалары / Г. Ж. Болатова. — Алматы : Қазақ ун-ті, 2010. — 317, [1] б.
Автордың 2010 жылы жарық көрген «Воссоздание национального своеобразия романа-эпопеи М.О. Ауэзова «Путь Абая» на русский язык» атты монографиясында М.О. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының ұлттық сипаты, оның орыс тіліндегі аудармаларда берілу ерекшелігі қарастырылған.
Оқу

Ғизатов, Бисенғали.
Абай және музыка : жинақ / Б. Ғизатов. — Алматы : Гылым, 1995. — 122, [2] б.

Жаңа ырғақ – өлшеу, жаңа кейіпті мелодия жолы, жаңа үн сөздіктері – осы үшеуі Абай музыкасының жаңалығы болды. Бұрынғы он бір және жеті-сегіз буынды өлеңдермен айтылатын әндерге Абай әңдері ұқсамады. Абай тудырған жаңа поэзия лебі оның әндеріне де жаңа лебіз берді.
Оқу

Есім, Ғарифолла. Хакім Абай : жинақ / Ғ. Есім. — Астана : Фолиант, 2012. — 395, [5] б.
Ілкімді ізденіс пен зерделі зерттеу нәтижесінде дүниеге келген бұл сүбелі еңбекте қазақ руханиятының толағай тұлғасы, ұлы ақын, әлемдік деңгейдегі ойшыл Абай Құнанбайұлының шығармаларындағы теңіздей терең ой, астарлы ақиқат, тылсым да тұңғиық сырлар туралы тұжырым-пайымдар жасалған.
Ұлы бабамыздың түсініктері туралы түсінік деп бағалауға лайық, абайтану ғылымында сөзсіз үлкен үлес болып қосылар туынды көпшілік оқырман қауымға арналған.
Оқу

Есім, Ғарифолла. Хәкім Абай : жинақ / Г. Есім ; МКИ РК, Ком. информации и архивов. — Астана : Фолиант, 2012. — 373, [11] б.
Ілкімді ізденіс пен зерделі зерттеу нәтижесінде дүниеге келген бұл сүбелі еңбекте қазақ руханиятының толағай тұлғасы, ұлы ақын, әлемдік деңгейдегі ойшыл Абай Құнанбайұлының шығармаларындағы теңіздей терең ой, астарлы ақиқат, тылсым да тұңғиық сырлар туралы тұжырым-пайымдар жасалған.
Ұлы бабамыздың түсініктері туралы түсінік деп бағалауға лайық, абайтану ғылымында сөзсіз үлкен үлес болып қосылар туынды көпшілік оқырман қауымға арналған.
Оқу

Есімов, Ғарифлла. Хаким Абай : жинақ / Ғ. Есімов. — Алматы : Білім, 1995. — 189, [1] б.
«Хакім Абай» кітабы ұлы ақынның даналық дүниетанымын саралауға арналған. Абайдың данышпандық ойлары белгілі бір жүйеге түсіріле таратылмағандықтан, автор ақынның жекелеген ғибратты ой түйіндеріне түсінік беретін герменевтикалық тәсілді қолданған. Кітапта Абайдың өлеңдері мен Қара сөздеріндегі философиялық тұжырымдары нақтылы ұғымдар түрінде қарастырылады.
Оқу

Есім, Ғарифолла. Сөз философиясы : жинақ / Ғ. Есім ; әл-Фараби ат. КазҰУ. — Алматы : Қазақ ун-ті, 2005. — 135, [2] б.
Кітапта Абайдың өлеңдері мен Қара сөздеріндегі философиялық тұжырымдары нақтылы ұғымдар түрінде қарастырады. Ұлы Абайдың мәңгілік өшпес рухани мұрасын қайта жаңғырта, оқырман қауымның санасына даналықтың нұрын шашып, парасатты ой ұялататын бұл кітаптың қазақ халқының қоғамдық ой-пікірінің қалыптасу тарихын оқып-үйренушілердің білім көкжиегін кеңейте түсері сөзсіз.
Оқу

Жұбанов, А. Қ. Абай : 4-перделі опера : либреттосы М. Әуезовтікі: 2 томдық / Ахмет Қуанұлы Жұбанов, Латив Хамиди. – Алматы : Таймас, 2007. – Т. 1: Абай. — 247, [1] б.
«Абай» – композитор А. Жұбанов пен Л. А. Хамидидің операсы. Либреттосы – М. Әуезовтікі. Операның алғашқы қойылымы 1944 жылы желтоқсанның 26-сы күні Қазақтың опера және балет театрында Абайдың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында қойылды. Операны сахнаға шығарған режиссері Қ. Жандарбеков, суретшісі Қ. Қожықов, дирижері Л. М. Шаргородский болды. Операның екінші редакциясын А. Жұбанов пен Л. Хамиди 1956 жылы қайта жазды.
Оқу

Жеменей, Ислам. Абай Құнанбайұлының шығармасындағы түркі-парсы ақындары (шығыстық дүниетаным) : монография / И. Жеменей. — Алматы : Қазақ ун-ті, 2020. — 174, [3] б.
Еңбекте жаратылыс пен Жаратушыны ақылмен танып, жүрекпен жырлаған ғылым мен поэзияның қос жүйріктей бір-бірінен қалыспай қатар зулаған дәуірі қазақ оқырмандарына алғаш рет едәуір кең көлемде ашылады. Ислам Жеменей ақындарды филология ғылымдары¬ның тар шеңберіне салып талдаумен ғана шектелмей, жан-жақты қарас¬тырады.
Оқу

Жеменей, Ислам. Қазақ әдебиеті мен тарихы = ادبیات و تاریخ قزاقستان : монография / И. Жеменей. — Алматы : Нұрлы Әлем, 2017. — 295 б. : сур. — Библиогр.: 291-295 б.
Бұл кітап «Қазақ әдебиеті мен тарихы» деп аталады. Қазақ әдебиеті мен тарихы жөнінде парсы тілінде жазылған тұңғыш зерттеу еңбек. Шығармада қазақ тарихы мен әдебиеті бес дәуірге бөлініп, әр дәуірдің өзіндік тарихы сараланып, әдебиеттің де тарихи рөлі талданады.
Оқу

Жиреншин, Әбіш. Абай және орыстың ұлы революцияшыл демократтары : жинақ / Ә. Жиреншин. — Алматы : Қазмембас., 1959. — 266 б.
Монография 4 тараудан және сөз соңынан тұрады. Ғалым онда Абайдың қазақ халқының данышпан ойшылы болып қалыптасуында із қалдырған ХІХ ғасырдың 2-жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі қоғамдық ой-пікірлерге, тарихи оқиғаларға шолу жасайды. Шығыстың өшпес жұлдыздары Фирдауси, Низами, Сағди, Хафиз, Хайям, Жами, Науаилармен қатар Н. Г. Чернышевский, А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов, Ф. М. Достоевский, М. Е. Салтыков-Щедрин, Л. Н. Толстой, В. Г. Белинский, Н. Г. Добролюбов, Д. И. Писарев сынды орыстың озық ойлы ақын-жазушыларының Абай дүниетанымының қалыптасуына жасаған ықпалын сөз етеді. Қазақ даласына саяси көзқарастары үшін жер аударылған, демократ ғалымдар Е. П. Михаэлис, Н. И. Долгополовтармен Абайдың жарқын достығы жайлы нақты деректер келтіреді.
Оқу

Жиреншин, Ә. Абай Құнанбаев : қаз. халқының ұлы ақыны және ойшысы / Әбіш Жиреншин. – Алматы : Қазмембас., 1950. – 221, [3] б.
Жиреншин Әбіш Мұсылманқұлұлы (1913-1975) – әдебиет зерттеушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент. Абай шығармашылығын ұзақ жылдар бойы үзбей зерттеп, абайтану ғылымына елеулі үлес қосты. Жиреншин «Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны және ойшылы» (1950), «Абай және оның орыс достары» (1949, орыс тілінде), «Абай Құнанбаев» (1950), «Абай және орыстың революциялық демократтары» (1959), т.б. зерттеу еңбектерін жазды.
Оқу

Жиреншин, Әбіш. Абай және оның орыс достары : жинақ / Ә. Жиреншин ; АН КазССР. — Алма-Ата : АН КазССР, 1949. — 126, [1] б.
Кітапта Абайдың қазақ халқының данышпан ойшылы болып қалыптасуында із қалдырған ХІХ ғасырдың 2-жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі қоғамдық ой-пікірлерге, тарихи оқиғаларға шолу жасалады. Шығыстың өшпес жұлдыздары Фирдауси, Низами, Сағди, Хафиз, Хайям, Жами, Науаилармен қатар Н. Г. Чернышевский, А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов, Ф. М. Достоевский, М. Е. Салтыков-Щедрин, Л. Н. Толстой, В. Г. Белинский, Н. Г. Добролюбов, Д. И. Писарев сынды орыстың озық ойлы ақын-жазушыларының Абай дүниетанымының қалыптасуына жасаған ықпалын сөз етеді. Қазақ даласына саяси көзқарастары үшін жер аударылған, демократ ғалымдар Е. П. Михаэлис, Н. И. Долгополовтармен Абайдың жарқын достығы жайлы нақты деректер келтіреді.
Оқу

Исабек, Әзімхан. Абайдың «Китаб тасдиқ» шығармасы : / Ә. Исабек ; [ред. кеңес төрайымы Д. Қожамжарова ; кеңес мүшелері: М. Мырзахметұлы және т. б.]; М. Әуезов атын. Оңтүстік Қазақстан мем. ун-ті, «Мұхтартану» ғыл.-зерттеу орт.. – Алматы : Қазақ ун-ті, 2020. – 182, [32] б.
Қазақтың әдеби тілін түрлендірген Абай тек «Китаб тасдиқ» туындысын шағатай тілінде жазған. Себебі «Китаб тасдиқ» – көркем шығарма емес, ғылыми еңбек. Ал, шағатай тілі – бүкіл түрік жұрты мың жыл бойы қолданған ортақ тіл. Ғылыми һәм әдеби. Ол өрнекпен кезінде Жүсіп Баласағүни, Қожа Ахмет Иасауи, Насреддин Рабғузи, Сәйф Сараий, Қадырғали Жайлайырилар жазды.
Оқу

Исин, А. “Абай” журналы. 1992-2000 : Библиогр. көрсеткіш / А. Исин. – Семей : Тенгри, 2003. – 55,[1] б.
Ғылыми-анықтамалықта «Абай» басылымында журналдың қайта шыққан уақытынан бастап, 2000 жылға дейінгі аралықта жарық көрген танымдық материалдар жүйеленген. Басылым Қазақстан және түркі халықтары тарихы мен мәдениеті мәселелеріне ден қоюшы ғылыми қызметкерлер, аспиранттар, магистранттар мен студенттерге арналған.
Оқу

Күмісбаев, Өтеген. Абай және Шығыс : жинақ / Ө. Күмісбаев ; әл-Фараби атын. ҚазМҰУ. — Алматы : ҚазМҰУ, 1995. — 342 б.
Шығармада қазақтың ұлы ақыны Абайдың өмірі мен шығармашылығын зерттей отырып, оған әсер еткен шығыс әдебиеті мен классиктерінің ақын шығармашылығында алған орнын анықтаған зерттеуші ғалымдардың пікірлері түйінделеді, еңбектерінен мысалдар келтіріледі. Жалпы, Абай өмірі мен шығармашылығы қазақ халқының белгілі бір дәуірдегі өмірінің бейнесі дейтін болсақ, ол туралы зерттеу еңбектер мен шығармаларын жан-жақты талқылау әлі де жалғаса береді.
Оқу

Көбесов, Ауданбек. Абайтану дәрістері : оқу құралы / А. Көбесов ; ҚР Білім және ғылым м-гі. — Алматы : Ы. Алтынсарин атын. қазақтың білім акад. респ. баспа каб., 2000. — 83, [1] б.
Еңбекте ұлы ақынның Қара сөздері мен өлеңдерін мұқият қарастыра отырып, оның ғылыми-педагогикалық, діни-философиялық және басқа да көзқарастары мен жаңалықтары баяндалған.
Кітап жоғары оқу орындарының студенттеріне, аспиранттар мен ғылыми қызметкерлерге, жалпы оқырман қауымға арналған.
Оқу

Қалмырзаев, Әбдеш Сәрсенович. Абай шығармашылығындағы эстетика : жинақ / Ә. С. Қалмырзаев. — Алма-Ата : Казахстан, 1979. — 160 б.
Философ, саясаттанушы, қоғам қайраткері Әбдеш Сәрсенұлы Қалмырзаев әр салада атқарған ұзақ жылдарғы жауапты қызметтерін белсенді шығармашылықпен астастыра келе, қалың жұртшылыққа пайдалы, руханият қазынасына елеулі үлес боп қосылған сүбелі ғылыми кітаптар жазды. Оның ғылымдағы алғашқы қадамы қазақ ойшылдарын зерттеуден басталған еді. Бұл ретте ұлы Абай шығармашылығын терең зерттеп, 1979 жылы «Қазақстан» баспасынан «Эстетическое в творчестве Абая» («Абай шығармашылығындағы эстетикалық сипат») атты кітабын шығарды.
Оқу

Қарақұзова, Жеңісгүл Құмекбаевна. М. Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясын орыс мектептерінде оқыту : жинақ / Ж. К. Каракузова. — Алма-Ата : Рауан, 1991. — 68, [1] б.
Кітапта жоғары сынып оқушыларының көркем шығарманы толыққанды түсінуі үшін М. Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясының мысалында шығармашылық заңдылықтар туралы айтылады. Жинақ көркем шығарманың стилі жайлы мағлұмат жинаушы жалпы оқырман қауымға арналған.
Оқу

Қарпық, әл-Халел. Абай : монография / А. Қарпық. – Алматы : Аль-Халел, 1995. – 301, [3] б.
Ұлы Абайды Ахмет Байтұрсынов: «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ», десе, ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов: «Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы – заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр» деп бағалаған. Бұл монографияда да осы ұлы тұлға жұмбағын ашуға талпыныс жасалды.
Оқу

Кенжебаев, Бейсенбай. Абай қазақ халқының реалистік әдебиетінің негізін салушы : (Абайдың қайтыс болуына 50-жыл толуына арн.) / Б. Кенжебаев ; ҚазССР ММ МАМІБ, Респ. лекция бюросы. — Алматы : [б. ж.], 1954. — 30, [2] б.
Еңбекте автор Абайдың келелі ойларын, суреткерлік шеберлігін, жаңашылдық көзқарасын ашып көрсетеді. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін шыншылдықпен жырлап, жұртын адамгершілікке, өнер-білімге, еңбекке үндегенін баса айтады. Ақын шығармашылығына нәр берген халық өнерінің негізгі қайнар көздеріне тоқталады, шығыстың және орыс, Батыс Еуропа әдебиетінің үлгі-өнегесіне қысқаша шолу жасайды. Ақынның өзінен бұрынғы қазақ өлеңдерінің түр үлгілерін: өлшемін, шумағын, ұйқасын сарқа пайдалана отырып, өлең құрылысын ұстартып, ілгері дамытудағы еңбегін қорытындылайды. Кітап әдебиетшілерге, мәдени-ағарту қызметкерлеріне арналған.
Оқу

Крылов, И. А. Мысалдар : монография / И. А. Крылов; ред. М. Әуезов, Б. Кенжебаев, Қ. Сатыбалдин. – Алматы : Қазбірмембас., 1944. – 142 б.
Абайдан бастап, бүгінге дейін қазақ халқы жақсы біліп, шын сүйіп оқыған Крылов шығармаларын қазақ мектептері де аса зор құрмет етумен келеді. Крыловтың қайтыс болғанына 100 жыл толуына байланысты шыққан осы жинаққа енген мысалдардың көбі жаңадан аударылған.
Оқу

Мұхамедханов, Қайым. Абай мұрагерлері : монография / Қ. Қайым. Мұхамедханов. – Алматы : Атамұра, 1995. – 202,[3] б.
Бұл жинаққа белгілі әдебиетші, абайтанушы ғалымның архивтерден, көне басылымдар мен баспасөздерден және Абайдың көзі тірі ұрпақтарынан ұзақ жыл бойы тірнектеп жиған дерек-дәйектерін негіз еткен бірнеше зерттеу еңбегі еніп отыр.
Оқу

Мәдібаева, Қанипаш Қайсақызы. Абайтану : жинақ / Қ. Қ. Мәдібаева; әл-Фараби атын. ҚазҰУ. – Алматы : Қазақ ун-ті, 2013. – 202, [2] б.
Қазақ әдебиетінің тарихындағы аса ықпалды, орталық тұлға – қазақтың бас ақыны атанған Абайдың әдеби мұрасы қазақ әдебиеттану ғылымында бір ғасырдан астам уақыт зерттеліп, зерделеніп келеді. Бұл жинақ та солардың қатарынан орын алады.
Оқу

Мәдібай, Қанипаш Қайсақызы. Абай және Абай дәуіріндегі қазақ өлеңі : («Абайтану» арн. курсына көмекші құрал) / Қ. Қ. Мәдібай; Әл-Фараби атын. ҚазҰУ. – Алматы : Қазақ ун-ті, 2007. – 99, [1] б.
Әдістемелік құрал жоғары мектепте оқылатын «Абайтану» арнаулы курсына қосымша есебінде жазылды. Абайтанудың қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелері мен зерттеу бағыттары көркемдік таным аясына тартылған көмекші құрал студенттер мен магистранттарға, әдебиет зерттеуші мамандарға арналған.
Оқу

Мұхамедханұлы, Қайым. Абайдың ақын шәкірттері : / Қ. Мұхамедханұлы. – Алматы : Дәуір, 1997 . – 4-кітап. – 240 б.
Абай шәкірттері, Абайдың ақындық мектебі. Бұл – Қайым Мұхамедханов ұстазымыздың басты тақырыбы. Абайдың ақындық мектебі сияқты нәрсе – қазақ әдебиетін былай қойғанда, әлем әдебиетінде де ұшыраспайтын сирек құбылыс. М. Әуезов жазады: «Өзге ақындар «шәкірт» деп аталған соң, Абай – әрине, олардың басшысы, ұстазы болмаққа керек. Әрбір әдебиеттік мектеп осындай аға ақын мен іні ақындардың екі буынынан құралатын болса, ең алдымен сол әдебиеттік мектепте басшы ақынның бағыты, стилі, өзгеше идеялар, өз халқының әдебиет тарихына кіргізген анық тарихтық көркемдік жаңалықтары – қысқасын айтқанда, барлық қасиеттері әр алуан бой көрсететін болады».
Оқу

Мусинов, А. Ахмет. Абай және қырғыз әдебиеті : монография / А. Мусинов. -Алматы : Б.и., 1995. – 25 б.
Абайдың бай мұрасын қырғыз тіліне аударған, ұлы ақынның замандасы Тоголок Молдо шығармашылығы туралы жазылған еңбек.
Оқу

Мырзахметұлы, Мекемтас. Абай лұғаты : / М. Мырзахметұлы. – Алматы : Мектеп, 2017. – 143, [1] б.
Абай «мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла» деп жазған. Сол жұмбақтың жауабын тапсам деген жолда Мекемтас Мырзахметов 60 жыл ізденіс жасайды. 90 жасқа келгенде тоқтам жасады. Абай армандаған «толық адам» формуласын түзді. Ол үш нәрседен тұрады екен: ақыл, әділет, рақым.
Оқу

Мырзахметұлы, Мекемтас. Абайтану : жинақ / ҚР Мәдениет м-гі. – 2-бас., өңд., толықт. – Астана : Interactiv Kazakhstan, 2014 . 1-кітап. – 429, [3] б.
Белгілі абайтанушы, филология ғылымдарының докторы Мекемтас Мырзахметұлы дайындап отырған бұл кітапта ұлы Абай мұрасы, оның зерттелуі туралы жазылған құнды деректер мен мұрағат қазыналары егжей-тегжейлі екшеліп, Абайтану тарихының қалыптасу жағдайы сала-салаға бөлініп баяндалған. Бір ғасырдан астам уақытта ақын мұрасын танып, бағалау жолындағы жетістіктеріміз бен кемшіліктеріміз бүгінгі күн тұрғысынан таразыланады.
Оқу

Мырзахметұлы, Мекемтас. Абайтану : жинақ / ҚР Мәдениет м-гі. – 2-бас., өңд., толықт. -Астана : Interactiv Kazakhstan, 2014. 2-кітап. – 520, [4] б.
«Қазір адамзат баласы жауыздықтан басқаны ойламай кетті. Ал, біз «адамды қалай ізгі етеміз?» деп талпынудамыз. Яғни Толық адамды толық меңгерген бала өзін-өзі рухани тазалайды. «Мына жерің қате, мынауың былай екен…» деп мұғалім түсіндіреді, одан кейін жетесіне жетеді. Абайтануды жалпы 8 университетте оқытып жүрміз. Негізі бүкіл Қазақстан бойынша оқыту керек. Кейін бұл ілім бүкіл түркі халықтарына жайылады. Әлемде бұндай ілім жоқ, тіпті Еуропада да» М. Мырзахмет.
Оқу

Мырзахметов, Мекемтас.
Мұхтар Әуезов және Абайтану проблемалары : монография / Қаз. ССР ҒА, М. О. Әуезов атын. әдеб. және өнер ин-ты. — Алматы : Ғылым, 1982. — 289, [3] б.

М. Әуезовтың абайтану негізін қалаудағы күрделі ғылыми зерттеулерінің проблемалық жақтары, яғни Абайдың ғылыми өмірбаянын жазу, текстологиялық ізденістері мен ақын мұрасының шығысқа қатысы, Абайдың әдеби ортасы сөз етіледі. Бұлар ғалымның абайтану саласында жарық көрген еңбектеріне, әсіресе оның әдеби-мемориалды музейі мен Алматы, Семей, Ташкент, Омбы архивтеріне сүйеніп жазылды.
Оқу

Мырзахметулы, Мекемтас. Мұхтар Әуезовтың Абай биігіне көтерілуі : жинақ / М. Мырзахметулы. – Алматы : Санат, 1994. – 317, [3] б.
Абайтану – әдебиеттану ғылымының арнаулы салаларының бірі. Абай әлемі – мәңгілік мұра, қымбат қазыналар қатарына жататындықтан, ғасырдан астам уақыт бойы сөз етіліп, әр алуан бағытта зерттеулер жүйесіне айналып келеді. М. Әуезов туған халқының әдебиеті мен ауыз әдебиетінің, Ұлы Абайдың көркемдік әлемінің кәусар бұлағынан сусындап, солардың игі дәстүрін өз бойына сіңіру, оларды байытып, дамыту үстіндегі бүкіл әлемдік көркем ойдың асыл қорына баға жетпес үлес қосты.
Оқу

Мырзахметұлы, Мекемтас. Әуезов және Абай : монография / Мырзахметұлы, Мекемтас. – Алматы : Қазақстан, 1997. – 272 б.
Абайдың ғылыми өмірбаянын жазу – өте күрделі мәселелерді молынан қамтиды.
Абайдың ғылыми өмірбаянын терең танып, ақынның заманы тудырған ерекшеліктерін біліп меңгермейінше, Абай шығармаларының қоғамдық-әлеуметтік басты сарындарын ажырата алуымыздың өзі қиынға айналмақ.
Абайдың бірегей биографы Мұхтар Әуезов Абайдың ғылыми өмірбаянын жазу, қалыптастыру жолында ұзақ жылдар бойы толассыз ізденді. Мырзахметұлы Мекемтастың бұл монографиясына осы ізденіс нәтижелері негіз болды.
Оқу

Мырзахмет, Мекемтас. Абайтану тарихы : монография / Мырзахмет, Мекемтас. – Алматы : Ана тілі, 1994. – 191,[1] б.
Белгілі абайтанушы, филология ғылымының докторы Мекемтас Мырзахмет дайындап отырған бұл кітапта Абай мұрасы, оның зерттелуі туралы жазылған құнды деректер мен архив қазыналары егжей-тегжейлі екшеліп, абайтану тарихының қалыптасу жағдайы сала-салаға бөлініп баяндалған. Бір ғасырдай уақытта ақын мұрасын танып, бағалау жолындағы жетістіктеріміз бен кемшіліктеріміз бүгінгі күн тұрғысынан таразыланады.
Оқу

Абай мен Жамбыл жерінде : Қазақстандағы кеңес әдебиеті күндері / [құраст.: В Ларин, С. Санбаев ; ред. алқа. А. Әлімжанов]. – Алма-Ата : Жазушы, 1974. – 244 б.
Қазақстандағы кеңес әдебиеті күндері барысында құрастырылған бұл кітаптың қоғамдық және саяси маңызы зор, оның біздің халықтар арасындағы достықты одан әрі нығайта түсуге және бүгінгі күні халықтың немен тыныстап, нені жарлайтыны жайлы нақты түсінік беруге септігі тиеді.
Оқу

Оразалин, Кәмен. Абайдан соң : роман / К. Оразалин. – Алматы : Жазушы, 1989 . –3-кітап. – 446 б.
Кәмен Оразалиннің халыққа таралған ең сүбелі туындысы Мұхтар Әуезовтің жастық шағын бейнелеген төрт кітаптан тұратын «Абайдан соң» атты романы.
Оқу

Омаров, Досым. Ұлылар үндестігі : Абай мен Мұхтар Әуезов дүниетанымдары туралы философиялық толғамдар / Д. Омаров. – Алматы : Санат, 1999. – 173, [3] б.
М. Әуезов 1929-1939 жылдары қуғын-сүргіннің тауқыметін тарта жүріп, өз өмірінің басты кітабы – «Абай жолы» эпопеясына аса ыждаһаттылықпен дайындалды. Абай шығармаларының екі томдық толық жинағын шығарды, ақын туралы деректерді жинастырды, оның өмірбаяндық, шығармашылык жолын ғылыми тұрғыдан ізге түсірді. Әлем әдебиетінің түрлі жанрдағы үздік шығармаларын аударып, ғылыми жұмыспен шүғылданды.
Оқу

Оразбекова, Фатима Қойлыбаевна. Абай – қазақ даласының рухани символы : монография / Ф. К. Оразбекова, А. А. Шауханов. — Алматы : [б. и.], 2020. — 194 [2] б.
Абай – ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Оқу

Оразалин, Камен. Абай ауылына саяхат : (орта мектеп оқушыларына, мұғ. және көпшілік оқырмандарға арн. көмекші құрал) / К. Оразалин. — Алматы : Мектеп, 1976. — 120 б.
«Абай ауылына саяхат» кітабы – Абай ауылының өткені мен бүгінгісі жайында, Абай, Шәкәрім, Мұхтар есіміне байланысты тарихи орындар жөнінде әңгімеленеді. Сондай-ақ оқырмандар бір ауылдан шыққан осы үш ұлы адамның өмірі мен творчествасына қатысы бар тың деректер де табады.
Оқу

Оразалин, Кәмен.
Абай ауылына саяхат : деректі әңгімелер / К. Оразалин. — Алматы : Жалын, 1994. — 286 б.

«Абай ауылына саяхат» кітабы – Абай ауылының өткені мен бүгінгісі жайында, Абай, Шәкәрім, Мұхтар есіміне байланысты тарихи орындар жөнінде әңгімеленеді. Сондай-ақ оқырмандар бір ауылдан шыққан осы үш ұлы адамның өмірі мен творчествасына қатысы бар тың деректер де табады. Кітап поэзия дүлдүлі Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толатын мереке-той қарсаңында шығарылып отыр.
Оқу

Орешникова, Инна Михайловна. Абай орыс мектебінде : орыс мектептерінде қазақ әдебиетін оқытуға арналған құрал / И. М. Орешникова. – Алма-Ата : Мектеп, 1968. – 78, [1] б.
Өз шығармалары арқылы Абай өскелең ұрпаққа жалынды қайрат сыйлайды. Оның өлеңдері адам санасының өрісін кеңейтеді. Болашаққа өткенге құрмет арқылы ғана өтуге болады. Ақын адамзат баласын махаббатқа, ізгілікке үндейді. Оның шығармашылық мұрасы тек қазақ халқы үшін ғана емес, әлем әдебиеті үшін құнды болып табылады.
Оқу

Орынбеков, Мұханмадияр Серікбекович. Абайдың философиялық дүниетанымы : монография / М. С. Орынбеков. — Алматы : Білім, 1995. — 135, [1] б.
Абай әкелген білімнің негізгі мақсаты – адамды адамдандыру. «Өзі үшін әлемнің көзге көрінетін және көрінбейтін құпияларын ашып алмай, оларды өзіне өзі түсіндірмей, адамның адамға айналуы қиын болады». Абай гуманизм мен ағарту арқылы өзін өзі тану жолын таңдаған алғашқы қазақ ақыны.
Оқу

Пушкин, А. С. Шығармалары : / А. С. Пушкин. – Астана : Аударма, 2008. – 644, [4] б.
Орыс классикалық әдебиетіне қатысты да Абай өзінің гуманистік және ағартушылық бағытын ұстанды. Ол жалпы көңіл-күйлік және идеялық тұрғыдан өзінің жанына жақын туындыларды аударды. Абай Пушкиннің «Евгений Онегин» поэмасын ерекше жақсы көрді, терең сезінді. Бұл шығармада орыстың ұлы ақынының өмірлік философиясы мен заман ағымына қатысты пайымдары, ізгілік идеалдары көрініс тапқан деп есептей отырып, Абай Пушкинді ұлттық ақын деп қабылдады, оның шығармашылығы арқылы орыс мәдениеті мен орыстың асқақ рухын сезінді. Сондықтан да Абай қазақ даласын «Евгений Онегинмен» таныстыру жайлы шешім қабылдады.
Оқу

Рысбекова, Ш. С. Абай дүниетанымындағы құдай : оқу құралы / КазНУ им. аль-Фараби. – Алматы : Қазақ ун-ті, 2007. – 131, [2] б.
Кітап Абайдың кезіндегі партиялық және кластық қабылдау жағдайында жан-жақты ашылып көрсетілмеген діни дүниетанымы мен философиясын зерттеуге арналған. Оқу құралында Абайдың және оның ізбасарларының қазақтың тұрмыс-салты мен өмірлік жолына қатысты тұжырымдарына кең шолу жасалады. Абай тұлғасына қызығушылық танытқан оқырмандар қауымына арналаған.
Оқу

Сүйіншәлиев, Х. Ж. Абайдың қара сөздері / Х. Ж. Сүйіншәлиев. – Алматы : Қазмемкөркемәдеббас., 1956. – 150 б.
Кітапта Абайдың қарасөздері мазмұндық, тақырыптық ерекшелігіне қарай: қоғам құрылысы, ел билеу жайы, оқу, өнер-білім, тәлім-тәрбие, еңбек, шаруашылық, адамгершілік, мораль, мінез-құлық, дүние, өмір туралы арнайы бөлімдерге топтастырылып, ғылыми тұрғыдан қарастырылған. Абайдың 1-, 27-, 37-сөздері және «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» еңбегінің идеялық-көркемдік ерекшелігі атап көрсетіліп, жеке сөз болған. Қарасөздердегі Абайдың ағартушылық, бұқарашылдық көзқарастары ашылып, оларды ойшылдық, сыншылдық, имандылық мәселелеріне арнап, өсиет, толғау сипатында жазғанын айтады. Автор Абайдың қарасөздерін алғаш жеке зерттеу объектісі ретінде қарастырып, оны ХІХ ғасырдағы жазба әдебиетте үлкен орны бар прозалық шығарма деп бағалаған.
Оқу

Сүйіншәлиев, Ханғали Жұмашұлы. Абай қазақ халқының ұлы ақыны және ағартушысы : (Абайдың қайтыс болуына 50 жыл толуына байланысты лекторларға көмек ретінде ұсынылады) / Х. Ж. Сүйіншәлиев ; ҚазССР ММ МАМІБ, Респ. лекция бюросы. — Алматы : [б. ж.], 1954. — 41, [1] б.
Еңбек Абайдың демократ, ағартушы, қоғам қайраткері ретінде қазақ халқы тарихынан алатын орнын көрсетеді. Ақын шығармаларын талдай отырып, оның философиялық, әлеуметтік, этикалық, эстетикалық, көзқарастарына шолу жасайды. Абайдың өлеңдеріндегі, қара сөздеріндегі оқу-ағарту, тәрбие мәселелерін жан-жақты қарастырады. Кітапша әдебиетшілерге, мәдени-ағарту қызметкерлеріне, лекторларға арналған.
Оқу

Сәбден, Оразалы. Абай және қазақ елінің болашағы = Абай и будущее Казахстана : қара сөздерін ХХІ ғасырда іске асыру тетіктері / О. Сәбден. — Алматы : [б. ж.], 2016. — 186 б. : сур. — Қаз. және орыс тілдерінде.
Бұл еңбекте Абайдың ой-тұжырымдарын ертеңгі ізгілендіру қоғамын құруға, оның моральдық кодексін жасауға пайдалану әрекеттері көрініс тапқан. Қазақ елін алға жетелейтін құндылықтардың тетіктері мен тың пікірлер берілген, болашаққа бағыттайтын жол мен жобалар да бар. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.
Оқу

Сәбден, Оразалы. Абай және қазақ елінің болашағы : қара сөздерін XXI ғасырда іске асыру тетіктері / О. Сәбден. — Алматы : [б. ж.], 2017. — 215 б.
Бұл еңбекте Абайдың ой-тұжырымдарын ертеңгі ізгілендіру қоғамын құруға, оның моральдық кодексін жасауға пайдалану әрекеттері көрініс тапқан. Қазақ елін алға жетелейтін құндылықтардың тетіктері мен тың пікірлер берілген, болашаққа бағыттайтын жол мен жобалар да бар. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.
Оқу

Сильченко, М. С. Абай : өмірі мен шығармашылығының очерктері / М. С. Сильченко; Казахский филиал АН СССР, Ин-т языка и литературы. – Алма-Ата : КазОГИЗ, 1945. – 111, [1] б.
Кітап 16 мақаладан тұрады және қазақтың ұлы перзентінің өмірі мен шығармашылығын толық сипаттайды. Ғылыми жұмыс орыс тілінде жазылды, студенттерге, әдебиет зерттеушілері мен тарихшыларға арналған.
Оқу

Сильченко, М. С. Абайдың шығармашылық биографиясы : монография / М. С. Сильченко. – Алма-Ата : АН КазССР, 1957. – 292, [2] б.
Кітап қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған. Монографияда ақынның өлеңдеріне нақты сараптама жасау арқылы шығармашылық ерекшеліктері, оның қоғамдық-саяси және әдеби-тарихи көзқарастарының қалыптасу процесі көрсетіледі. Қазақтың халық поэзиясымен, орыстың демократиялық әдебиетімен, Шығыс классиктерінің шығармаларымен салыстырыла отырылып, Абайдың реалистік шеберлігі қарастырылады.
Оқу

Сильченко, М. С. Абай қазақ әдебиетінің классигі : қоғамдық дәрістер стенограммасы / М. С. Сильченко; Общ. по распрост. полит. и науч. знаний КазССР. – Алма-Ата : КазОГИЗ, 1949. – 29, [1] б.
1949 жылы Қ. Жұмалиевтің редакциясында жарық көрген бұл автобиографиялық зерттеу орыс тілінде жазылған және студенттерге, әдебиет зерттеушілері мен тарихшыларға арналған.
Оқу

Сүйіншалиев, Х. Ж. Абай Құнанбаев және орыс классикалық әдебиеті : (лекторларға көмекші құрал) / гл. упр. по делам культурно-просветительных учреждений М-ва культуры КазССР, Респ. лекционное бюро. – Алма-Ата : [б. и.], 1954. – 39 б.
Абай – орыс классикалық әдебиетінің дәстүрлерін терең түсінген және жоғары бағалаған ойшыл. Ол қазақ даласына Пушкин, Лермонтов шығармаларын қазақша сөйлетіп қана қоймай, Гёте, Шиллер, Байрон, Мицкевич шығармаларын еркін түрде аударған.
Оқу

Тәжібаев, Төлеген Тәжібаевич. Абай Құнанбаев жастар тәрбиесі туралы : жинақ / Т. Т. Тажибаев; Общ. по распрост. полит. и науч. знаний КазССР. – Алма-Ата : Казгосиздат, 1954. – 34, [1] б.
Тәрбие берудің ең көрнекті құралының бірі, амал-тәсілі – әдебиет үлгілері, көр¬кем шығармалар болған. Онда көрі¬ніс табатын авторлық суреттемелер, жасалған образдар оқырманды ойға жетелейді, түрлі әсерге бөлейді. Тағы¬лым¬дық, танымдық қасиеттер бой көр¬сетеді. Бұл орайда өзінің ағартушылық мақсатына сәйкес әдеби шығармаға тәрбие құралы ретінде қалам тартқан Абай өнегесі орасан зор. Бар сұлулықты, эстетикалық көркемдікті бойына жинаған Абайдың өлең жолдары кімді де болса рухани биіктерге жетелеп, болашаққа деген құштарлыққа ұмтылдырады, саналылыққа тәрбиелейді.
Оқу

Тайшыбай, З. С. Абай және баспасөз : 19 ғ. аяғы, 20 ғ. басындағы қазақ баспасөзінің материалдары бойынша / З. С. Тайшыбай. – Қарағанды : ҚарМУ, 1996. – 175, [1] б.
Зерттеуші ғалым Зарқын Сыздықұлы Тайшыбайдың бұл еңбегінде абайтану мәселелерінің революцияға дейінгі мерзімдік қазақ баспасөзінде қаншалықты дәрежеде көтерілгені сөз болады. Нақты деректер негізінде Абайдың көзі тірісінде жарық көрген шығармалары ғылыми тұрғыда зерделенеді.
Оқу

Тарақов, Әнуар Саутович. Абайдың аудармашылық таланты : оқу құралы / Ә. С. Тарақов; Әл-Фараби атын. ҚазҰУ. – Алматы : Қазақ ун-ті, 2018. – 258 б.
Ұлы ақынның Батыс әдебиетінен Гете, Шиллер, Байрон, А. Мицкевич, орыс классикасынан А. Пушкин, М. Лермонтов, И. Крылов, И. Бунин, Я. Полонскийден тәржімелеген туындылары талданып, бағаланады. Қазақ поэзиясының классигі, ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбаевтың көркем аудармадағы ізденістері мен шеберлігі бұдан бұрын да зерттеліп, жекелеген аудармалары талданып, бағаланғанымен, заманауи аударматану ғылымы негізінде, түпнұсқамен салыстыра қайта сараптап, пайымдау – уақыт талабы.
Оқу

Темірболат, Алуа Берікбайқызы. Абайдың поэтикалық әлемі : монография / А. Б. Темірболат, Н. Ж. Кенжеғараев; әл-Фараби атын. ҚазҰУ. – Алматы : Қазақ ун-ті, 2015. – 189, [1] б.
Монографияда Абайдың көркемдік әлемінің ерекшелігі зерттеледі. Дискурс, диалог талдаудың негізінде авторлар өлеңдерінің табиғатын ашады. Хронотроп категориясына көп назар аударылады. Абай өлеңдерінің уақыт пен кеңістік құрылымы мен қызметтері анықталады.
Оқу

Шаймерденова, К. Ш. Абай Құнанбаевтың педогогикалық көзқарасы : монография / К. Ш. Шаймерденова. – Алма-Ата : Рауан, 1990. – 54, [2] б.
Оның шығармашылық қызметінің негізгі мұраты – адам тәрбиесі. Ұстаз сөзінің биік мағынасы Абайдай ағартушыға өте орынды айтылған. Абай халықтың үлкені мен кішісіне, ұлы мен қызына, әкесі мен баласына өмірлік қажет еңбек пен адамгершілік, өнер мен білім, өнеге мен тәлім, достық-жолдастық, парыз бен қарыз сияқты қасиеттердің асыл үлгілерін жырымен де, ғақлияларымен де жеткізе білді. Ойшыл ақынның ағартушылық тұрғыдағы педагогикалық тұжырымдары негізінен жастарды халқына адал қызмет ететін нағыз азамат – «толық адам» етіп тәрбиелеу мақсатынан туындаған.
Оқу

Қазақтың бас ақыны, ғылыми-теориялық конф. (2004; Алматы). Қазақтың бас ақыны : халықаралық ғылыми-теориялық конф. материалдары / ҚР Білім және ғылым м-гі, М. О. Әуезов атын. әдеб. және өнер ин-ты ; [құраст. С. Қорабай]. – Алматы : Дәуір, 2004. – 119, [1] б.
Жинаққа 2004 жылдың 4 маусымында ұлы ақын, ойшыл Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының қайтыс болуына 100 жыл толуына арнап, М. О. Әуезов атындағы Әдебиет пен өнер институты өткізген «Қазақтың бас ақыны» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары енгізілді.
Оқу

Қасқабасов, Сейіт Асқарұлы. Абай : жинақ / С. А. Қасқабасов. – Алматы : Алматы баспа үйі, 2010. – 109, [2] б.
Бұл кітапшаға академик С. А. Қасқабасовтың ұлы Абайдың ақындық, азаматтық тұлғасы жайлы әр жылдары жазылған ғылыми мақалалары жинақталған. Онда ғалымның Абай поэзиясының рененсанстық сипаты, әдебиеттегі ұлы ойшыл қалыптастырған сыншылдық, шыншылдық, имандылық мәселелері жайлы тың тұжырымдары тиянақталған.
Оқу

Қожакеев, Темірбек. Абай-сатирик : жинақ / Т. Қожакеев. — Алматы : [б. ж.], 1970. — 30 б.
Бұл кітапшада қазақ халқының ұлы ақыны әрі классигі Абай Құнанбаевтың туғанына 125 жыл толуына байланысты оның өткір сатиралық шығармалары сөз болады. Абай сатирасының поэтикалық және идеялық өткірлігі жан-жақты талқыланады. Сондай-ақ әдебиеттану ғылымымен шұғылданушы ғалымдардың еңбектері жайлы айтылады. Сонымен бірге автор Абай сатирасы туралы өзінің пікірлерін жұртшылыққа ұсынады.
Оқу

Қозы Көрпеш – Баян сұлу : Абай жазып алған нұсқасы / [ред. О. Кенжебеков]. – Алматы : Жазушы, 1988. – 93, [1] б.
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» – қазақтың шамамен 13-14 ғасырлардан белгілі лиро-эпостық жырының Абай жазып алған нұсқасы.
Бұл нұсқа 1988 ж. «Жазушы» баспасынан тұңғыш рет жеке кітап болып жарық көрді. Жырды баспаға әзірлеп, алғысөзін жазған – Ә. Марғұлан. Кітапты суретші Т. Мұқатов көркем безендірген. Бұл жырдың Абай нұсқасы екенін академик Марғұлан дәлелдеп берді. Ақын жырдың бір нұсқасын 1884 ж. сыртына орыс әрпімен «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» деп жазып, жанына «Жаңа закон» деген жаңа поэмасын қосып, атақты ғалым Г. Н. Потанинге сыйға тартқан. Адресін орыс тілінде: «Семипалатинского уезда, Чингизской волости, А. К.» деп көрсеткен.
Оқу

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Хикмет кітабы = Книга мудрости : жинақ / А. Құнанбаев. — Алматы : ИП «RS», 2011. — 537, [3] б. — (Аманат журналының кітапханасы). — Кітап қаз., орыс, ағыл. тілдерінде.
Қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, философ, композитор және көрнекті қоғам қайраткері. Абайдың әдеби мұрасына енген өлеңдері, поэмалары, аудармалары және ерекше стильде жазылған философиялық «Карасөзі» – ақынның терең ой толғаныстары мен жан дүниесінің көп жылғы жемісі. Ақынның асыл мұрасы әдебиет тарихында қазақ халқының рухани мәдениетінің шыңы болып табылады. Ұлы ақынның халқына аманат қылып қалдырған философиялық еңбегі – данышпан ойшылдың рухани кәмілдігінің дәлелі.
Оқу

Құнанбаев, Тұрағұл. Әкем Абай туралы : сборник / Т. Құнанбаев. — Алматы : Ана тілі, 1993. — 55, [1] б.
Абайдың сүйікті жары Әйгерімнен туған баласы Тұрағұлдың «Әкем Абай туралы» атты естелігі архив сөресінде ұзақ уақыт сақталып келіп, енді ғана жарық көріп отыр. Тұрағұл қолжазбасы Абай туралы жазылған тұңғыш естелік. Автор әкесінің бойындағы ақындық өнері мен машықтарын, мінез-құлқы мен кейбір оқиғаларға қатысын, өз ортасымен қарым-қатынасын қызықты түрде баяндаған.
Оқу

Әбдіғазиев, Балтабай. Асыл арна : Абай дәстүрі және Шәкәрім / Б. Әбдіғазиев. – Алматы : ҚазМУ, 1992. – 126, [2] б.
1990 жылы Б. Әбдіғазиев «Абай дәстүрі және Шәкәрім Құдайбердиевтің поэзиясы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Бұл Шәкәрім жөніндегі ғана емес, ХХ ғасыр басындағы ұлттық әдебиетіміздің ақтаңдық тұстарын зерделеп, жазықсыз жапа шеккен ақын-жазушыларымыз бен мәдениет қайраткерлерінің есімі мен еңбектерін ақтауға бағытталған алғашқы диссертациялық зерттеу болатын.
Оқу

Әлімқұлов, Т. Абай : ақынның қайтыс болуының елу жылдығына арналған әдеби сын мақала / Т. Әлімқұлов ; сый Х. Ж. Сүйіншәлі . – Алматы : Қазмемкөркемәдеббас., 1954. – 40 б.
Абай заманының шым-шытырық шәркездігі бейтарап талдаудан қағажу қалған шақтар өз алдына. Абай сынды айрықша дарынның, шыншыл, сыршыл суреткердің қоғам атаулыдан алатын әс嬬рі, бағдарлайтын байқауы, түйетін тү¬¬йіні, былайша айтқанда, жақсыға жанасумен, жаманнан жерумен шектелмей¬ді. Әлеуметтік көзқарас пен суреткерлік шын¬шылдықтың арасындағы қайшылық өз алдына. Халқының өсіп-өркендеуін, үлгілі ел болуын армандаған Абай қай¬сар қайраткердің қатарында нәзік те әсер¬шіл ақын, қиын болмыс.
Оқу

Әуезов, М. О. Абайтану дәрістері: һашия, баяндама, ой-пікір, сын-рецензия / М. О. Әуезов. -Алматы : Рауан, 1994. – 157, [1] б.
Ұлы жазушы артына ұлан асыр көркем туындыларын, әсіресе «Абай жолы»
эпопеясы мен Абай шығармалары жайлы ұзақ жылдар бойы ізденуден туған
зерттеу еңбектерін қалдырды. Жазушының «Абай жолының» жазылу тарихы мен дүниеге келу жолындағы сүйенер негізі, рухани қайнар көздері – Абайдың өмірі мен шығармалары, ақынның
өмір сүрген дәуірі жөнінде ізденген, сарыла зерттеген еңбектері болды.
Оқу

Әуезов, Мұхтар Омарханұлы. Абай жолы : роман-эпопея / ҚР Білім және ғылым м-гі. – Алматы : Жазушы, 2007 . 1 т. – 365, [3] б.
М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясын 1942 жылы 1-кітабын, 1947 жылы 2-кітабын, 1952 жылы 3-кітабын, 1956 жылы 4-кітабын жарыққа шығарды. Алғашқы екі кітабы үшін авторға 1949 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Төрт томдық роман-эпопеясы үшін 1959 жылы кеңес кезіндегі ең жоғарғы сыйлық Лениндік сыйлықпен марапатталады.
Оқу

Әуезов, М. О. Абай : төрт перделі, жеті суретті трагедия / М. О. Әуезов. – Алматы : Қазмемкөркемәдеббас., 1950. – 87, [1] б. – 10.00 тг.
Пьеса алғаш рет 1940 жылы 30 қазанда қазақ академиялық драма театры сахнасында қойылды (режиссері – А. Тоқпанов, суретшілері – Э. Чарномский, Қ. Қожықов). 1950 ж., 1960 ж. қазақ тілінде, 1941 ж., 1944 ж., 1948 ж. орыс тілінде жарияланған. Мұхтар Әуезовтің әдеби-мемориалдық музейінің мұрағатында «Абай» трагедиясының үш түрлі нұсқасы сақтаулы тұр.
Оқу

Өзбекұлы, Сәкен. Абай және адам құқы : жинақ / С. Өзбекұлы. — Алматы : Жеті жарғы, 1995. — 109, [3] б.
Сәкен Өзбекұлы 1995 жылы «Абай және адам құқығы» деп аталатын монографиясы үшін Абай атындағы сыйлықпен марапатталды. Сонымен бірге, осы жылы оның көптеген ғылыми-публицистикалық еңбектері жоғары бағаланып, ҚР журналистер одағының мүшесі болды.
Оқу

Өмірәлиев, Құлмат. Абай афоризмі : жинақ / Қ. Өмірәлиев. — Алматы : Қазақстан, 1993. — 123, [4] б.
Абай шығармаларындағы тәрбиелік мән-мағынасы терең адамгершілік мақсат-мұраттарын білдіретін ой-толғаныстары арнайы талданып, жаңа қырынан ашылады. Ұлы ақынның эстетикалық, этикалық, психологиялық, имандылық туралы айтқан нақыл, қанатты сөздері, ой айшықтары іріктеліп арнайы беріледі. Автордың ақын мұрасын зерттеудегі тың ізденістері мен толғаныстары да оқырман зердесіне ұялайды деп сенеміз.
Оқу

Яндекс.Метрика