Сирек кездесетін кітаптар

Сирек кездесетін әдебиеттер қоры ғылыми жұмыстармен айналысатын  ғалымдар үшін таптырмас қазына.  Әл-Фараби кітапханасы 14357  дана қайталанбас басылымды сақтап отыр.

Кириллица таңбасындағы әдебиеттерге сұраныс пен қызығушылық көп. Кітапхана анықтамалық басылымдарға да аса бай. Сөздіктер мен энциклопедиялар – 948 дана. Бұл Ф. А. Брокгауз және И. А. Эфрон баспагерлерінің «Энциклопедиялық сөздігі», «Грант энциклопедиялық сөздігі», шет тілдеріндегі сөздіктер мен энциклопедиялар, соның ішінде Британ энциклопедиясы (1875-1902, 1991 жылдар).

Бақытжан Әлішерұлының сөзіне сүйенсек, университетке тапсырылған кітаптар атасы Дүйсенбек Қабыланбайұлы ақсақалдың жинаған кітап мұрағатынан екен. Сирек кездесетін жәдігерлер араб, парсы, шағатай тілдерінде жазылған, көне ғасырлардан бүгінгі дәуір аралығын қамтиды. 1324 жылы Мысыр баспасынан шыққан Құран Кәрімнен бастап, Пәкістан, Үндістан, Түркия, Қазан баспаларында басылған әдеби, тарихи, діни кітаптар бар.

Университет ректоры Жансейіт Түймебаев Бақытжан Әлішерұлына Әл-Фараби кітапханасына тапсырған құнды кітаптары үшін оқу орны ұжымының атынан алғыс айтып: «Біз бұл рухани қазынаны кітапханамызға қабылдап қана қоймай, шығыстанушы, лингвист, тарихшы ғалымдарымыздан жұмыс тобын құрып, арнайы сараптама жасап, оларды сұрыптап, тақырыптық бағыттарына байланысты салаларға бөліп, нақты зерттеулер жүргізетін боламыз. Бұл кітаптарды зерделеу барысында олардың мазмұнын жеке-жеке талдап, астарына үңіліп, рухани, ғылыми құндылығына бағасын беретін боламыз», – деді. Толығырақ келесі сілтеме бойынша осы жерде

Азаматтық басылым кітаптары сирек кездесетін әдебиеттер қорының көп бөлігін алады. Мәселен тарихи басылымдарға әлемдік этнографиялық және географиялық классикалық шығармалар жатады. Қорда 531 данасы бар.

Көркем шығармалар мен шетел әдебиеттерінің жалпы саны – 1280 дана кітап.

«Казахстаника» қорына Республикамыздың тарихына қатысты 1917 жылға дейін басылып шыққан мол мұра топтастырылды. Қазіргі уақытта  2058 дана кітап тарих ғылымы, тарихнама, тарихтану, КСРО тарихы, Ежелгі заман тарихы, Еуропа мен Америка тарихы салалары бойынша сақтаулы.

Сирек кездесетін әдебиеттер қорында мазмұны мен безендірілуі жағынан ерекше діни кітаптар сақтаулы. Олар Құран мен Библия. Құран  араб тілінде, ХІХ ғасырдың басылымы.

Шетел тіліндегі кітаптар топтамасы: ағылшын, неміс, француз, араб, поляк, корей тілдерінде білімнің әртүрлі салалары бойынша. Қазіргі таңда шет тіліндегі әдебиеттер саны – 2041 дана кітап. Бұл кітаптардың арасында 1871 жылы Лондон қаласында басылып шыққан Джордж Генри Левистің екі томдық «Философия тарихы» атты бағалы еңбегі де бар.

Сирек кездесетін әдебиеттер мен қолжазбалар қорын арнайы сақтайтын орын бөлінген.


Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалары әдебиеттерінің тізімі

Скачать все фото

Скачать обзорные фото (3 шт.)

Яндекс.Метрика