Бірінші курс студентіне

Құрметті бірінші курс студенті!

Әл-Фараби атындағы кітапханамен қысқаша танысу

Сіз әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті атанып, әл-Фараби атындағы кітапхана қорын қолдану және ақпараттық қызметтерін тұтыну құқығына ие болып отырсыз. Университетте жан-жақты білім алу үшін кітапханада өз бетіңізше жұмыс істеуіңізді тиімді ұйымдастыру қажет. Ақпараттардың қайнар көзіне қысқа әрі тиімді жол табуға осы тарау көмектеседі. Әл-Фараби кітапханасына қош келдіңіз!​

1. Кітапхананы пайдалану ережелерімен танысып алыңыз​.

2. Төмендегіні білу маңызды:​​

  • Абонементтен әдебиетті үйге алуға болады. Оқу әдебиеті семестрге, ал көркем әдебиеттер 15 күнге беріледі;​
  • Классикалық оқу залында кітапхана қорындағы энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтар, мерзімді басылымдар, данасы аз оқулықтар, оқу құралдары мен әдістемелік құралдар сияқты саны шектеулі әдебиеттер орналастырылған, оларды залда пайдалана аласыз немесе жалғыз данадағы басылым болмаса, 1 күнге үйге алуға болады (толығырақ Кітапхананы пайдалану ережелерін қараңыз);​
  • Электронды кітапхана оқырмандарға электронды каталогтарды, деректер қорын пайдалануды, мультимедиялық аймақтар Интернетпен жұмыс істеу, графикалық бағдарламалармен және электронды қорлармен жұмыс істеу аймақтарын қолдануды ұсынады.​
  • Кітапты пайдалану мерзімін уақытында ұзартып отырыңыз.
  • Кітапты жоғалтып немесе бүлдіріп алған жағдайда, кітапханаға келтірілген зиянның құнын өтеу қажет​. (Оқырмандардың жоғалтқан құжаттарының орнын толтыру туралы)

3. Кітапхана бөлімдерінің қайда орналасқанын, жұмыс кестесін білгіңіз келсе Жұмыс кестесі және Кітапхана бойынша жолсілтегіштен қараңыз.

4. Кітапхана қорынан қажетті кітапты қалай табуға және алуға болады?

Қажет әдебиетті кітапхана абонементі мен оқу залдарына қойылған информайзерлерден, компьютерлерден кітапхана сайтына (http://elibrary.kaznu.kz.) кіріп, «Электронды каталог»  бөліміне кітаптың авторын, тақырыбын немесе кілт сөздерін жазып, тауып алуға, сонымен қатар кітапханашы-менеджерден кеңес алуға болады.​

Электронды каталогтан кітап туралы ақпаратты іздеуді бастау үшін Сіз кез келген іздеу опциясын таңдай аласыз: автор, тақырып, баспагер немесе жай кілт сөздер.

Назар аударыңыз! Алфавиттік каталогта сіз кітаптың авторын немесе атауын білсеңіз, қалаған кітап туралы ақпаратты таба аласыз.

Қалай істеу керек? Алфавиттік каталогтан қажетті кітапты табу немесе талап парағын толтыру бойынша кеңес алу үшін кітапханашы-менеджерге жолығыңыз. Кітапқа қойылатын талапты толтырыңыз.

Талапта Сіз кітаптың шифрын, автордың тегі мен аты-жөнін, атауын, шыққан жылын көрсетуіңіз керек.

Яндекс.Метрика