Жыр алыбы – Жамбыл

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай, «Жамбыл және қазіргі дәуірдің өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Ауқымды шараға ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, генерал-полковник, Халық Қаһарманы Сәт Тоқпақбаев, Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев, ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев, Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек, Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Манас, фольклор, ақындар поэзиясы бөлімінің басшысы Мээрим Көлбаева, сондай-ақ Өзбекстаннан келген профессор Насриддин Назаров қатысты. Сонымен қатар жиынға белгілі ғалымдар, ЖОО ректорлары мен ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, тарихшылар, филологтар, оқу ордасының оқытушы-профессорлық құрамы мен білім алушы жастары жиналды.

Іс-шара аясында университет кітапханасында арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты: Қазақтың ұлы ақыны, жырау, жыршы, айтыс өнерінің көрнекті өкілі Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына орай ақынның өмірі мен шығармашылық мұрасын таныстыру, оның қазақ әдебиеті мен ұлттық руханияттағы орнын ашу. Ақынның әдеби мұрасын, халық поэзиясының дәстүрін және Жамбылтану бағытындағы зерттеулерді көрсету:

Жамбыл Жабаевтың өмір жолы мен шығармашылығы туралы мәліметтерді ұсыну;
Ақынның әдеби мұрасын жан-жақты таныстыру;
Жамбылдың айтыскерлік, жыршылық және ақындық қырларын көрсету;
Ақын шығармаларының тақырыптық және көркемдік ерекшеліктерін ашу;
Жамбылтану саласындағы ғылыми-зерттеу еңбектерін таныстыру;

Көрменің бөлімдері:

  1. «Жыр алыбы – Жамбыл»

Жамбыл Жабаевтың өмір жолы, ақындық өнерге келуі, шығармашылық қалыптасуы және халық поэзиясындағы орны туралы әдебиеттер ұсынылады. Көрме Әл-Фараби кітапханасының ақынның 180 жылдығына арналған библографиялық көрсеткіштен бастау алады, бұл көрсеткіште ақынның өмірі мен творчествосы туралы ақпатар көрсетіледі, Сонымен қатар У. Қалижановтың «Жамбыл, Жыр алыбы Жамбыл туралы талдама зерттеулер», [құраст. Б. К. Нүсіпбекова және т. б.]. – Алматы : Қазақстан, 1986, ақынның өмірі мен творчествосы туралы ғылыми-информациялық библиографиялық көрсеткіш, «Жамбыл бейнелеу өнерінде» : [Альбом құраст. : Л. Г. Плахотная, Н. А. Полонская]. 1989, альбомда қазақ ақынына, оның өмірі мен қызметіне арналған көркем, мүсіндік және графикалық жұмыстар ұсынылған, Ағыбаев А. Н. «Жамбыл жырлаған батырлар» : (зерттеу мақалалар) 2011, ел қорғаны болған батырлардың, оның ішінде қарасайдай алыптың рухы мен алмас қылышынанкүш алып, бүкіл қазақ елінің бостандығы үшін күн мен түн қатқан, елінің азаттығы жолында бар өмірлерін сарп еткен ерлер жайлы баяндалады, С.Бегалиннің «Жамбыл», 1996, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған кітабы. Ұлтымыздың ұлықты өнері – сөз сайысы, айтыс ақындары туралы келелі сөз қозғалып, сол уақыттың әлеуметтік тыныс-тіршілігі, қоғамдағы қайшылықтар басып айтылып, жас өскінді ақындық биіктіктің асқар шыңдарына жетектейді, «Жамбыл әлемі ғасырға тең ғұмыр = Мир Жамбыла жизнь, равная веку = Jambyl’s Time Life of a Century» : фотоальбом : 1846–1945 /1996. – 191, Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде. Қазақ халқының ұлы перзенті, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық мерейтойына арналған, және тағы басқа кітаптар ұсынылды.

  1. «Менің пірім Сүйінбай»

Жамбылдың ақындық өнерінің қалыптасуына ықпал еткен Сүйінбай Аронұлының шығармашылық тұлғасына да назар аударылады. Жамбыл Сүйінбайды өзінің ұстазы ретінде ерекше бағалаған. Бұл бөлімге Сұлтанғали Садырбаевтың «Сүінбай» таңдамалы шығармаларында 1935, 1975, 1990 жылдары жарияланған өлеңдер жинағының негізінде құрастырылған. Ақынның кейбір толғаулары мен айтыстарының көркемдік текстология жасалған, «Менің 100 кітабым» сериясымен «Сүйінбай Алмас қылыш асынған», «Бөрлі менің байрағым», Сұлтанғали Садырбайұлының өнерді жоғары бағалайтын көпшілік қауымға арналған «Сүйінбай Аронұлы», тағы басқа кітаптар қойылды.

  1. «Алатау асқарынан жыр асырған»

Бұл бөлім Жамбылдың айтыскерлік өнеріне арналады. Ақынның айтыстары, суырыпсалмалық өнері, сөз тапқырлығы мен шешендік шеберлігі көрініс табады, Н, Төреқұлдың «Алатау асқарынан жыр асырған» кітабы, Жыр алыбы Жамбылдың жас кезінен жүз жасқа дейінгі өмірін қамтитын ғұмырнамалық эссе деуге болады. Сондай ақ «Менің 100 кітабым» сериясына еңген «Жапанға біткен бәйтерек» : жырлар, 2016 ж, бұл кітабында қазақ ауыз әдебиетінің соңғы саңлағы Жамбыл атамыздың шығармаларына арналады, «Жапанға біткен бәйтерек : өлеңдер, айтыстар, дастандар», ** сондай ақ лирикалық, философиялық өлеңдері мен айтыстары, тарихи-эпикалық дастандары топтастырылған «Халық – менің шын атым» : өлең–жырлары мен айтыс, дастандары, «Туған елім» : Өлеңдер, айтыстар, толғаулар,** тағы басқа кітаптар ұсынылды.

Ақынның халық өмірімен тығыз байланысты шығармалары арқылы оның поэзиясының қоғамдық және рухани маңызы ашылады.

  1. «Жамбылтану: зерттеу және зерделеу»

Бөлімге Жамбылдың өмірі мен шығармашылығын зерттеген әдебиеттанушылар мен ғалымдардың еңбектері және басқа тілге аударылған кітаптар қойылды. Жамбыл шығармашылығының зерттелуі, ақын мұрасының ғылыми тұрғыдан зерделенуі, қазақ әдебиетіндегі орны мен кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани мұрасы туралы ғылыми басылымдар қамтылады. Бұл бөлім 1946 жылы жарық көрген Павел Кузнецов аударған «Джамбул, Избранные стихи», 1938 жылғы «Джамбул Путешествие на Кавказ», аталған жинақта ақынның орыс тіліне аударылған таңдаулы өлеңдері еңген «Песня о братстве народов», «Песня о большом караване», «Песня о сталинской Москве», «Я избираю Сталина», «Песня ликования», «Советский Союз», «Алма-Ата», «Славься в песнях, СССР», О.А.Нурмагамбетованың, «Великий певец : к 125-летию со дня рождения Д. Джабаева», Творчество Джамбула : (статьи, заметки, материалы), «Ұлы даланың ұлық жырауы: Жамбыл Жабаевтың 170 жылдық мерейтойына арналған» ХХ ғасырдың Гомері атанған жыр алыбы атанған Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына орай шығарылған монография «Жамбыл әлемі және жамбылтану көкжиегі», «Жамбылдың айтыскерлік, жыршылық дәстүрі, ақындық мектебі» атты екі бөлімнен тұратын кітабы, «Дастан ата» : (Ж. Жабаев туралы естеліктер) / [Құраст. Н. Төреқұлов]. – Алматы 1989., бұл кітап кезінде Жамбылдың көзін көріп, қасында бірге жүрген, талай әңгіме-сұхбат құрған белгілі жазушы, өнер қайраткерлерінің естеліктерінен құрастырылған. Кітап М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, М. Қаратаев, Ә. Тәжібаев, Т. Жароков т.б. естеліктерін қамтиды.

Яндекс.Метрика