Кітапхана пайдаланушыларының құқықтары мен міндеттері

1. Пайдаланушы:

1.1 ұсынылатын кітапханалық-ақпараттық қызметтерді тегін пайдалануға;
1.2 әдебиеттер мен ақпараттың басқа да көздерін уақытша пайдалану үшін кітапхананың барлық абонементтерінен алуға;
1.3 электронды  және кітапханалық ақпарат берудің өзге де түрлері арқылы кітапхана қорларының құрамы туралы толық ақпарат алуға;
1.4 ақпарат көздерін іздеу мен таңдауда консультациялық көмек алуға;
1.5 «Шағымдар мен ұсыныстар кітабына»  кітапхана жұмысы бойынша өз пікірін, ескертуін, шағымын  қалдыруға құқылы.

2. Пайдаланушы:

2.1 Кітапхананы пайдалану ережелерімен, пайдаланушы құқықтарымен, міндеттерімен танысып, оларды орындауға;
2.2 қауіпсіздік қызметінің талабы бойынша ID картасын көрсетуге;
2.3 сырт киімді гардеробқа өткізіп, үлкен сөмке мен рюкзактарды сақтау камерасына қалдыруға;
2.4 кітапхана залдары мен абонементтерінен қызмет  алу үшін ID картасын ұсынуға;
2.5 жеке ақпарат тасымалдағыштарды (флешкілер, дискілер)  қолдану барысында оларды вирусқа тексеруге;
2.6 кітаптарға, басқа да басылымдарға, кітапхана материалдары мен мүлкіне  ұқыпты болуға;
2.7  кітапхана мүлкіне (құрал-жабдық, техника, жиһаз, т.б.) зиян келтірген жағдайда оның толық құнын өз есебінен өтеуге;
2.8 алған басылымдарды уақытында қайтаруға немесе қолдану мерзімін абонемент пен оқу залдарында ұзартып алуға;
2.9 жоғалған немесе зиян келтірілген кітап  үшін орнына дәл сондай кітап әкелуге және кітапхана жоғалған кітапқа сәйкес деп тапқан әдебиетті  өткізуге (жоғалған кітаптардың орнына ұсынылатын кітаптар тізімі) немесе жоғалған басылымның нарықтағы құнын төлеуге міндетті. Төлем Каspi. kz мобильді қосымшасы арқылы жасалады.  «Төлемдер» мәзіріне кіріп, «Білім» қойындысына (вкладка) өтесіз. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін таңдап, форманы толтыру қажет.  «Тағы да басқа» (Прочие) бөлімінде Түсініктемеге (Комментарий) қандай төлемақы жасайтыныңызды  көрсетесіз.
Назар аударыңыз! Кітапхана қызметкеріне төлемақыны қолма-қол қаражат түрінде қабылдауға тыйым салынады, ондай жағдайда кітапхана әкімшілігіне (206 каб.,  тел. 8 (727) 3773333; ішкі нөмірі 17-00) хабарласу керек немесе «Шағымдар мен ұсыныстар кітабына» қызметкердің аты-жөнін көрсетіп, шағым түсіре аласыз.
2.10 Жоғарыда көрсетілген ережелерді сақтамаған жағдайда пайдаланушыға кітапхана қызметтерін қолдануға шектеу қойылады.
2.11 Ережелерді бұзған немесе кітапханаға зиян келтірген тұлғалар Кітапхананы пайдалану ережелеріне ​ және ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік, азаматтық-құқықтық (материалдық) жауапкершілікке тартылады.

3. Пайдаланушыға:

3.1 абонементтен кітап алу үшін және оқу залын пайдалану үшін бөгде адамның (құжатын) ID картасын көрсетуге  (мұндай жағдайда 1 айға кітапхананы пайдалану құқығынан айырылады);
3.2 кітапхананың оқу залынан әдебиеттерді алып шығуға және жеке заттарын қараусыз қалдыруға;
3.3 оқу залында қатты сөйлеуге, телефонды дыбыстық режимге қоюға;
3.4  қайшы, өткір заттар, желім пайдалануға, кітапханалық басылымдарға зиян келтіруге, оларға белгі қоюға, сызуға, парақтарын бүктеуге, кесуге, құжаттардың RFID белгісін жыртуға, суреттерді, карталарды, сызбаларды бастырып алуға (кітапқа зиян келтіргені үшін 3 айға дейін кітапхананы пайдалануға  шектеу қойылады);
3.5 қызметтік бөлмелерге, оқу залының қосалқы қорларына және кітап сақтау қорына рұқсатсыз кіруге;
3.6 кітапхана бөлмелерін және кітапхана материалдарын фотоға, видеоға (бейне) түсіруге (тек  кітапхана әкімшілігінің рұқсатымен жүзеге асырылады);
3.7 кітапхана аумағында темекі шегуге, сондай-ақ қалыптан тыс әрекеттер мен дөрекі мінез көрсетуге тыйым салынады.

4. Кітапхана құқықтары мен міндеттері

4.1 Кітапхана міндеттері:

  • «Әл-Фараби атындағы кітапхана туралы ережеге» және осы Ережеге  сәйкес оқырмандарға қызмет көрсетуге;
    ұсынылатын қызметтердің барлық түрлері туралы оқырмандарды ақпараттандыруға;
  • оқырмандарды кітапхананың барлық қорларын пайдалану мүмкіндігімен қамтамасыз етуге;
  • кітап қорын және көрсетілетін қызметтерді көпшілікке таныстыстырып отыруға, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыруға;
  • компьютерлендіру мен озық технологияларды енгізе отырып, оқырмандарға кітапханалық және ақпараттық қызмет көрсетуді жетілдіруге;
  • кітапханада оқырмандардың жұмыс істеуіне ыңғайлы жағдай жасауға;
  • белгіленген ережелерге сәйкес қордағы  кітаптардың, басқа басылымдар мен материалдардың пайдаланылуын, сақталуын және есеп жүргізілуін жүзеге асыруға;
  • ұлттық мәдени құндылықтардың бір бөлігі болып саналатын қорлардың тұтастығына жауапты болуға;
  • кітапханада сақталған құжаттарға оқырмандардың қол жеткізуіне шектеу қоймауға міндетті.

4.2 Нормативтік талаптарға сәйкес кітапхана күндерін өткізуге құқығы бар. Бұл күні оқырмандарға қызмет көрсетілмейді.

Яндекс.Метрика