Біз туралы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми кітапханасы 1934 жылы университетпен бір уақытта ашылды. Ректордың 2014 жылғы 26 маусымдағы № 281 бұйрығы негізінде ғылыми кітапхананың атауы «Әл-Фараби атындағы кітапхана» болып өзгертілді.

Әл-Фараби атындағы кітапхананың миссиясы:

  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқыту, ғылыми зерттеулер мен инновацияларды алға жылжытып, дамып келе жатқан ақпараттық ортаны құру және қолдау.
  • Білім алуға, сақтауға және дүниежүзілік ғылыми коммуникацияның дамуына ықпал ететін қызметтер, стратегиялар және жүйелер саласында озық болуға ұмтылу.
  • Ақпараттық сауаттылықты насихаттау.
  • Әрбір адамның заманауи және серпінді атмосферада мәдени өсуіне ықпал ету.
  • Тәжірибе байыту және мүмкіндіктерді кеңейту.

Әл-Фараби кітапханасының басым бағыттары:

  • Біз жаңа кәсіби дағдыларды үйренуге арналған ресурстарды ұсынамыз.
  • Біз электронды коллекциялар мен ресурстарды үнемі кеңейтіп отырамыз.
  • Біз виртуалды қызметтер санын біртіндеп көбейтіп келеміз.
  • Біз технологияларды бәрінен бұрын мұқтаж адамдарға қолжетімді және пайдалы ету үшін жұмыс істейміз.
  • Біз қолжетімділік пен оқытуды қамтамасыз ету үшін серіктестермен ынтымақтасамыз.
  • Біз цифрлық технологиялар енгізуді ақпарат беру арқылы кеңейтеміз.

Кітапхана мұраты

Әл-Фараби кітапханасы – әртүрлі қоғамдастықты біріктіретін, ақпаратқа, қорға және инфрақұрылымға қол жетімділікті қамтамасыз ететін университеттің ажырамас классикалық және виртуалды құрылымы.

Кітапхананың функционалдық аймақтары

Әл-Фараби атындағы кітапхананың жалпы ауданы – 17846,1 м2 құрайды.

Оқу-ақпараттық кеңістікке электронды және оқу залдары, коворкинг-зал, тақырыптық залдар, абонемент, сондай-ақ кітап сақтау қоры кіреді.

Электронды кітапхана залы. 240 орынға есептелген электронды кітапхананың жалпы ауданы шамамен 1000 м2 құрайды. https://elibrary.kaznu.kz/kk/node/15345

Классикалық оқу залы. Ауданы 1718,8 м2 құрайтын 750 орындық классикалық оқу залы, сонымен қатар ҚазҰУ кампусынан тыс Масаншы және Қарасай батыр көшелерінде орналасқан университет ғимараттарында ауданы 660,8 м2 құрайтын оқу залдары бар. https://elibrary.kaznu.kz/kk/node/15286

Абонемент барлық оқырмандарға «бір терезе» қағидасы бойынша бір жерден қызмет көрсетеді.

Кітапхананың негізгі кітап сақтау қорының ауданы 3363 м2. Кітап сақтау қоймасында кітаптарды реставрациялау, кітапхана қорындағы кітаптардың түптерін қалпына келтіру, тұрақты сақтауға қалдырылған газеттердің түптерін байлау жұмыстары жүргізіледі.

Академик Әбсаттар Дербісәлі атындағы сирек кітаптар мен қолжазбалар қоры. Бүгінгі таңда қорда XVIII-XXІ ғасырдың басында жарық көрген ғылымның әртүрлі салаларына қатысты сирек кітаптар мен қолжазбалар сақталған. Оның ішінде тарихи-мәдени және ғылыми құнды басылымдар, араб, латын, кириллица қарпімен басылған баспа кітаптары бар.

Тұңғыш президент залы. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ашылған бұл зал – тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу және нығаю тарихы туралы ақпарат беру, үнемі толықтыру және сақтау міндеті болып саналатын өзіндік білім ошағы. https://elibrary.kaznu.kz/kk/node/6447

Абай залы. Көрнекті қазақ ақыны, ойшылы, ағартушы, аудармашы, композитор Абай Құнанбаевқа арналған экспозицияда ақынның шығармашылығы туралы баяндайтын көркемсурет галереясы орнатылған. https://elibrary.kaznu.kz/kk/node/6448

Коворкинг-зал (304 каб.) кітапхананың топтық және жеке сабақтар, бейнелекциялар, тренингтер өткізуге арналған кеңістігі. https://elibrary.kaznu.kz/kk/node/6649

Түркітану және алтайтану ғылыми-зерттеу институты. Қазіргі таңда институт мамандары кітапхана қорында сақталған сирек кітаптар мен қолжазбаларға ауқымды зерттеу жұмыстарын жүргізіп, қолжазба деректерін, құнды мәліметтер мен материалдарды сараптауда.

Коммуникациялық-экспозициялық кеңістікте конференц-залдар, сондай-ақ әр қабатта холл, вестибюль, фойелер орналасқан. https://elibrary.kaznu.kz/kk/node/2562

Ұлы философ, ғалым-энциклопедист Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми мұрасын зерттеумен айналысатын Әл-Фараби орталығы және оның өмірі мен шығармашылығына арналған Әл-Фараби мұражайы орналасқан.

 «Ұлы дала» экспозициясы қазіргі Қазақстан жерінен табылған, Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралып, ата-бабамызда ең озық технологиялардың болғанын айғақтап, Ұлы даланың қырларын бейнелейтін тарихи жәдігерлерді ұсынады.

 «Алаш мұраты» экспозициясы ХХ ғасырдың басында еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен Алаш қайраткерлерінің жарқын бейнелерін ашады.

 «Мәңгілік Ел» композициясы ата-бабалар ғасырлар бойы тәуелсіздік пен еркіндікті аңсаған, жарқын болашаққа ұмтылған қазақ халқының бүгінгі ұрпақтарының азаттық сүйгіш рухын көрсетуді көздейді. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына зор үлес қосқан белгілі тарихи тұлғалар бейнеленген.

Сыйымдылығы 300, 80, 60 орындық конференц-залдар заманауи техникалық құралдармен жабдықталған. Әртүрлі іс-шараларды өткізуге арналған.

Кітапхананың әкімшілік-өндірістік аймағында қызметтік бөлімдер, шаруашылық, қосалқы және әкімшілік кабинеттер орналасқан.

БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасының Жаһандық хабының кеңсесі. ҚазҰУ ТМД елдерінің ішінде халықаралық деңгейдегі жоғары орынға ие болған алғашқы әрі жалғыз университет. ҚазҰУ Жаһандық хабы ғаламдық ресурстарды сақтауға, сапалы білім мен әл-ауқаттың қолжетімділігін қамтамасыз етуге, инновацияларды дамытуға, экожүйелерді сақтауға, т.б. бағытталған адамзаттың тұрақты дамуының 17 мақсатын іске асыруға әлемдік академиялық қауымдастықты үйлестіретін және белсенді түрде тартатын БҰҰ-ның дүниежүзілік 10 хабының бірі.

Коммуникативтік-релаксациялық аймақта 75 орындық дәмхана, жүк сақтау камерасы, гардероб бөлмесі орналасқан.

Яндекс.Метрика