Биобиблиографиялық көрсеткіштерді құрастыру

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары» сериясының библиографиялық көрсеткіштері ғалымның мерейтойлық күндеріне арнайы шығарылады.

Негізгі мақсат – библиографиялық сипаттағы ақпаратты ретке келтіру және университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми қызметінің бағыттарын көрсету.

Жеке библиографиялық көрсеткішке ғалымның өмірбаянынан қысқаша мағлұматтар, негізгі жұмыстарының (кейде толық мәтінімен) және өзі туралы жарияланымдарының тізімі кіреді.

Биобиблиографиялық көрсеткіш мынадай бөлімдерден құралады:

  • Кіріспе (ғалымның ғылым саласындағы рөлін қысқаша баяндау, құралдың оқырмандық және мақсаттық бағытын ашу, құрылымын сипаттау);
  • Өмірбаяндық эссе (ғалымның кәсіптік, педагогикалық, қоғамдық қызметінің бағыттарын сипаттауға назар аударылады);
  • Өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері (жарияланымдарын, жеке ісін, өмірбаянын, есептерін зерттеу арқылы жасалады);
  • Педагог және / немесе ғалым туралы жарияланымдардың тізімі;
  • Ғалымның еңбектерінің тізімі (жарияланымдардың хронологиялық және алфавиттік тәртібі немесе басылым түрлері бойынша: кітаптар, мақалалар, ғылыми-зерттеу жұмыстары, патенттік құжаттар, редакциялау);
  • Ғалымның ғылыми мектебі (ғалым ғылыми жетекшілік еткен аспиранттар мен докторанттардың диссертациялық жұмыстарының тізімі);
  • Қосалқы аппарат (бірлесіп жазған авторлардың көрсеткіші)

Кітапхана факультетпен бірігіп мемлекеттік стандарттарға сәйкес биобиблиографиялық көрсеткішті құрастырады. Библиографиялық сипаттамалар МемСТ 7.1-2003 «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар және құрастыру ережелері», МемСТ 7.82-2001 «Библиографиялық жазба. Электронды ресурстардың библиографиялық сипаттамасы: жалпы талаптар және құрастыру ережелері» атты мемлекеттік стандарттарға сәйкес сипатталады. Сөздер 7.0.12-2011 «Библиографиялық жазба. Орыс тіліндегі сөздер мен сөз тіркестерінің қысқартылуы. Жалпы талаптар мен ережелер» атты МемСТ-қа сәйкес қысқартылады.

БИОБИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІ ДАЙЫНДАУ ЕРЕЖЕСІ

Биобиблиографиялық көрсеткішті дайындау үшін әл-Фараби кітапханасына мынадай құжаттар ұсынылуы тиіс:

  • көрсеткішті құрастыру және басып шығару туралы өтініш; 
  • ғалымның мерейтойына дейін екі ай бұрын электрондық және қағаз нұсқаларындағы материалдар;
  • Өтініш беруші тарапынан Республикалық патенттік қордан және Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығынан алынған авторлық куәліктер, патенттік құжаттар, ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы есептер ұсынылады.
Яндекс.Метрика