Халықаралық дерекқорларға қолжетімділік немесе интернет кеңістікте ғылыми ақпаратты қалай табуға болады?

Бұл мақалада біз ғылыми дерекқордағы қолжетімді материалдардың тізімін ұсынамыз.

Бүгінгі таңда Әл-Фараби кітапханасында 9 дерекқор материалдары тұрақты негізде қолжетімді (Ұлттық жазылым бойынша дерекқорлар және Жазылымды дерекқорлар), сондай-ақ қол жеткізілген уағдаластық  аясында бізге әртүрлі қорлар мен ақпараттық ресурстарға тестілік қолжетімділік мерзімі бір аптадан бірнеше айға дейін беріледі.  

Ұлттық жазылым дерекқорлары:

1. Springerlink — жаратылыстану ғылыми бағыттар бойынша академиялық журналдар мен кітаптарды шығаруға маманданған халықаралық баспа компаниясы.  (сипаттамасына өту үшін осы жерді басыңыз)

Жазылымды дерекқорлар:

2. ScienceDirect — бұл беделді ғылыми журналдар мен Elsevier кітаптарынан ұсынылған 14 миллионнан астам мақаладан тұратын ғылыми, техникалық және медициналық ақпараттың бірегей көзі. (сипаттамасына өту үшін осы жерді басыңыз)

3. Scopus — 2004 жылы Elsevier академиялық баспасы (орыс. Эльзеви́р) құрған рецензияланатын ғылыми әдебиеттің бірыңғай библиографиялық және реферативтік деректер базасы. Scopus-қа қол жеткізу институционалдық жазылым арқылы жүзеге асырылады.   (сипаттамасына өту үшін осы жерді басыңыз)

4. EBSCO – ғылыми кітапханалар зерттеушілер мен студенттерге мыңдаған рецензияланған толықмәтінді ғылыми журналдар ұсынады, сонымен қатар жетекші пәндік көрсеткіштерді пайдалану мүмкіндігін береді. EBSCO академиялық қорлары ғылым мен техниканың, технологияның, математиканың, өнер және гуманитарлық ғылымдардың, әлеуметтік ғылымдардың, құқық пен бизнестің маңызды бағыттарын қамтиды (сипаттамасына өту үшін осы жерді басыңыз)

5. Wiley – бай тарихы бар және ғылым, жоғары білім, бизнес саласына арналған мазмұн мен шешімдердің әсерлі коллекциясына ие, әлемдегі ең көне академиялық (ғылыми) баспалардың бірі. Баспаның журналдарында 450-ден астам Нобель сыйлығы лауреатының жұмыстары жарық көрді (сипаттамасына өту үшін осы жерді басыңыз)

6. IEEE электронды кітапханасы IEEE Xplore сандық кітапханасы арқылы ұсынылған. Электртехника, байланыс және информатика бойынша қазіргі әлем әдебиетінің үштен бір бөлігін қамтиды (сипаттамасына өту үшін осы жерді басыңыз)

7. SciVal – Elsevier баспасының сараптамалық құралы. Қарқынды өзгеріс үстіндегі зерттеу ортасының жылдамдығына сай болу үшін сенімді ақпарат пен сараптама қажет. SciVal сіздің ұйымыңыздағы зерттеулер нәтижелеріне визуализация жасауға, оларды балама көздермен салыстыруға, сондай-ақ зерттеулердегі жаңа үрдістерді анықтап, сараптауға көмектеседі (сипаттамасына өту үшін осы жерді басыңыз)

8. «Aknurpress» цифрлық кітапханасы – отандық цифрлық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер базасына онлайн қолжетімді бағдарламалық өнім (сипаттамасына өту үшін осы жерді басыңыз)

9. SoftBooks — жалпы білім беретін, арнаулы, кәсіптік білім беру ұйымдарында оқу процесін, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын, соның ішінде үздіксіз білім беруді қолдауға бағытталған өзіндік жұмысқа арналған бағдарлама (сипаттамасына өту үшін осы жерді басыңыз)

Тестілік қолжетімділік — бұл дерекқорлардың материалдары шектеулі мерзімге тегін беріледі. Көбінесе қолжетімділік шектеулі коллекцияларға ұсынылады. Тестілік қолжетімділіктегі дерекқорлардың тізімі үнемі өзгеріп отырады, сондықтан өзекті ақпараттарды сайттың басты бетінен қараңыз.

Меншікті дерекқорлар (ашу үшін осы жерді басыңыз) – Әл-Фараби кітапханасы қорының толық мәтінді дерекқорлары тегін ұсынылады.

 

Яндекс.Метрика