Әл-Фараби атындағы кітапханада ғылыми дерекқорлармен жұмыс істеу бойынша семинар-тренинг өтті
2025 жылдың 15 және 17 қазан күндері Әл-Фараби атындағы кітапхананың ұйымдастыруымен ғылыми зерттеушілер мен докторанттарға арналған «Mendeley бағдарламасымен, Scopus дерекқорымен және SciVal құралымен практикалық жұмыс» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Семинардың мақсаты – университеттің жас ғалымдары мен зерттеушілеріне халықаралық ғылыми дерекқорлармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, зерттеу нәтижелерін тиімді басқару және талдау құралдарын қолдану мүмкіндіктерін көрсету болды.
Іс-шара барысында қатысушылар:
- Mendeley референс-менеджер бағдарламасында деректер базасын құру мен ғылыми еңбектерді жүйелеу тәсілдерін меңгерді;
- Scopus дерекқорында ғылыми мақалаларды іздеу, талдау және индикаторлармен жұмыс істеу мүмкіндіктерімен танысты;
- SciVal аналитикалық құралы арқылы зерттеу нәтижелерін бағалау мен университеттің ғылыми әлеуетін талдау әдістерін тәжірибе жүзінде пысықтады.
Семинар-тренингтің спикері – Informascope компаниясының Орталық Азия бойынша кеңесшісі Қожамқұл Рабиға болды. Ол қатысушыларға әлемдік тәжірибеден алынған тиімді әдістемелер мен зерттеу өнімділігін арттыру жолдарын ұсынды.
Іс-шара соңында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, ғылыми ақпараттық жүйелермен жұмыс істеудің заманауи тәсілдері бойынша кеңестер алды.