Бірлестіктер мен қауымдастықтар атауы | Сипаттама | Сілтеме |
Ұлттық Мемлекеттік кітап палатасы | Қазақ КСР Мемлекеттік Кітап палатасы 1937 жылғы 19 шілдедегі Казақ КСР Орталық Атқару Комитеті мен Қазақ КСР ХКК-ның «Қазақ КСР Мемлекеттік Кітап палатасының құрулу туралы» бірлескен Қаулысына сәйкес ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 6 сәуіріндегі 1993 жылғы № 270 Қаулысында Кітап палатасына ұлттық ұйым мәртебесі беріліп, Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы деп аталды. | kitap-palatasy.kz |
Халықаралық кітапханалық ассоциациялар мен мекемелер федерациясы (ИФЛА) (International Federation of Library Associations and Institutions). | Кітапханалар мен ақпараттық қызметтердің және олардың пайдаланушыларының мүддесін білдіретін жетекші үкіметтік емес халықаралық ұйым. IFLA – бүкіләлемдік кітапханалық қауымдастық халықаралық маңызы бар мәселелерді қарау үшін кездесетін ұйым. IFLA 1927 жылы Эдинбургте (Шотландия) құрылды, ал ресми ұйым ретінде 1971 ж. Нидерландыда Жарғы қабылданғаннан кейін тіркелді. IFLA штаб-пәтері әрдайым Гаагадағы Нидерландының Корольдік кітапханасында орналасқан. IFLA-ның негізгі мақсаттары: кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетуді жоғары деңгейде қамтамасыз ету мен жеткізуді қолдау; жеке, мемлекеттік және қоғамдық секторларда жоғары сапалы кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетудің маңыздылығы мен құндылығын түсінуін таратуға жәрдемдесу; бүкіл әлемге өз мүшелерінің мүдделерін ұсыну. | ifla.org |
Еуразия Кітапханалары ассамблеясы (ЕКА) | Коммерциялық емес серіктестік «Еуразия Кітапханалары ассамблеясы», бұдан әрі «Серіктестік» деп аталатын, коммерциялық емес ұйымның мүшелігінде негізделіп құрылған оның мүшелерінің нағыз Жарғыда көзделген мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған қызметтерді бірігіп жүзеге асыруда жәрдемдесуге арналған заңды тұлғалар құрған ұйым. Серіктестік қызметінің мақсаттары: ЕКА мүшелерінің күш-жігерін шоғырландыру, бірінші кезекте ұлттық кітапхана ісінде жалпы кітапханалық-ақпараттық кеңістікті, ұлттық-мәдени игілікті сақтау және дамыту, кітапхана қорын, оның ішінде электрондық деректер қоры мен электронды кітапханалар және каталогтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, сонымен қатар мәдениеттерді өзара байыту, кітапханаларды, кітапхана қызметкерлерін, қоғамдық бірлестіктерді әлеуметтік қорғау және қолдау, ТМД-дағы кітапханалық-ақпараттық қызметтің дамуына жәрдемдесу. | bae.rsl.ru |
Ресей кітапханалар қауымдастығы (РБА) | 1994 ж құрылған. Қауымдастықтың мақсаты: Күш-жігерін біріктіру, Ресейдегі кітапхана ісін сақтау және дамыту мүддесінде кітапхана, кітапханалар мен мектептер қауымдастығы қызметтерін қолдау және үйлестіру, ресей кітапханалық қауымдастықтың мүддесін білдіру және қорғау, кітапханалардың беделін арттыру және кітапхана мамандығының әлеуметтік мәртебесін көтеру. | rba.ru |
Ұлттық кітапханалық- ақпараттық орталығы ЛИБНЕТ | «Орталық» Ресейдің екі ұлттық кітапханалары арқылы құрылды: 2001 жылы наурыз айында Ресей мемлекеттік кітапханасы және Ресей ұлттық кітапханасы. Оның мақсаты қазіргі заманғы технологиялар негізінде электрондық ресурстарды пайдалану, алмасу және құру саласында ресей кітапханалар ынтымақтастығы жобаларын жүзеге асыру болып табылады. Автономды коммерциялық емес ұйым ретінде Орталықтың ресми тіркелүі 2001 жылы 11 сәуірде болды. Орталық мәдениет және кинематография Федералдық агенттігінің қолдауында. Орталықтың Міндеттері: ақпараттандыру саласындағы ұлттық кітапхана саясатын жүзеге асыруға жәрдемдесу; RUSMARC ұлттық форматтарын және каталогтау ережесін, библиографиялық қызмет көрсетуді, машина оқитын каталогты енгізудегі кітапханалар ынтымақтастығын, ұйымдастыру; Ресей кітапханаларының «еркін» каталогын құрастыру; маңызды файлдарды құрастыру; жарияланым алдында (СІР) каталогтау технологиясын ұйымдастыруға жәрдемдесу; ақпараттық технологиялар саласында ақпараттық-кітапханалық қызметкерлерді даярлау және қайта даярлауды ұйымдастыруға қатысу; кітапханалар ынтымақтастығы мәселелері бойынша мәжілістер мен семинарларды жүргізу; ең маңызды ақпараттық қорларға қолжетімділікті қамтамасыз ету. | nilc.ru |
Мақалалардың аймақаралық аналитикалық тізімі (МАРС) | Жоба 2001 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейн ортақ күш-жігермен деректер қорын жасайтын әр түрлі жүйелер мен ведомстволардан тұратын 200-ден астам кітапхананы біріктіреді. Қазіргі уақытта 1700-ден астам журналдар тізімде. Жобаның ерекшеліктеріне журналдар аналитикалық тізімі, жобаның барлық қатысушыларының тең құқылығы, бірыңғай нормативтік құжаттарды пайдалану және жобаның қолжетімділігі. Кез келген кітапхана бекітілген ережелермен келіссе жобаға қосыла алуы мүмкін. Еркін деректер қорында толық мәтінді мақалалар жоқ. Бірақ құжаттарды электронды түрде жеткізу жобасы қатысушы-кітапханаларға өз оқырмандарына мақалалардың электронды көшірмелеріне тапсырыс жасауға мүмкіндік береді. | mars.arbicon.ru |
ЮНЕСКО-ның кітапханалық порталы | ЮНЕСКО Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі агенттігі болып табылады және осы салалардағы халықаралық ынтымақтастық арқылы бейбітшілік орнатуға тырысады. ЮНЕСКО бағдарламалары 2015 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы қабылдаған 2030 жылға дейінгі тұрақты даму күн тәртібінде айқындалған тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етеді. Үкіметтер арасындағы саяси және экономикалық келісімдер халықтардың тілектерін тұрақты және шынайы қолдауды қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз. Тұрақты бейбітшілік диалог пен өзара түсіністік, сондай-ақ адамзаттың интеллектуалды және моральдық ынтымақтастығы негізінде құрылуы керек. | portal.unesco.org |
Халықаралық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы | Халықаралық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы (ICSTI, Center) — ғылыми-техникалық ақпараттың халықаралық алмасуын қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін 1969 жылы 27 ақпанда ICSTI құру туралы үкіметаралық келісім негізінде құрылған мамандандырылған үкіметаралық ұйым. ICSTI заңды тұлға болып табылады және мүше мемлекеттердің аумағында өз функцияларын орындау үшін қажетті құқықтық қабілетке ие. Келісім бойынша Орталықтың негізгі міндеттері: — ғылыми-техникалық ақпарат пен мәліметтер базасының халықаралық жүйесін құру және жүргізу; — ғылыми-техникалық ақпараттың халықаралық мәліметтер базасына қол жеткізу үшін ақпараттық қызметтерді ұсыну; — теория, практика, ғылыми-техникалық ақпаратты, оның ішінде аналитикалық бағалауды пайдаланудың формалары, әдістері мен техникалық шешімдері саласындағы ғылыми зерттеулерді қолдау және жүргізу; — елдердің ғылыми-техникалық ақпарат саласындағы жұмысшыларды даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға көмектесу, осы саладағы озық тәжірибелермен алмасуға қолдау көрсету; — ақпараттық материалдарды жариялау және ғылыми-техникалық жетістіктерді, сондай-ақ ғылыми-техникалық ақпараттарды таратудың басқа түрлерін пайдалану. | inti.kz |
Жарияланған күні: 04 апреля 2020