Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған электронды порталдарын әзірледі

Құрметті оқырмандар! Әл-Фараби кітапханасы сіздерге тілдерді дамыту бойынша ғылыми зерттеулер, білім беру технологиялары мен қосымша білім беру әзірлемелері саласындағы қызметті жүзеге асыру барасында келесі электронды сайттарды ұсынады.

Til-Qural – Қазақ тілін өздігінен оқуға арналған веб-платформа және мобильді қосымшалар. Барлық жаттығулар интерактивті түрде берілген әрі тиімді әдістемелерге негізделген. Олардың көмегімен ережелерді меңгеріп, сөздік қорыңды байытасың және оқылым, тыңдалым дағдыларын жақсартасың. Қазақ тілінің латын графикасы курсы сізге латын графикасындағы қазақ тілінің жаңа әліпбиін, оқу мен жазу дағдыларын меңгеруге көмектеседі.

Tilalemi Ана тіліміздің кеңге қанат жайып, туған тілінде толғамы мен толғанысы, ойы мен өзегі, өткені мен бүгіні баян болатын теңдесі жоқ таңдаулы, алғашқы жоба — «Тіл әлемі» порталы Қазақ елі үшін өнімді жұмыс жасайды.

«balatili.kz» — сайты қазақ тілін оқып, дамытқысы келетін үш жастан асқан балаларға, сонымен қатар бала тәрбиесі мен оқытуды жүзеге асырушы тәрбиешілер мен мұғалімдерге, ата- аналарға арналады. Сайт интуитивті іздеу жүйесі мен ыңғайлы навигация жүйесі бар онлайн платформа негізінде жұмыс істейді.

«Emle.kz» — Қазақ тілінің орфографиялық электрондық базасы.

«Termincom.kz» — Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ғаламтор желісіне енген«Termincom.kz» ғылым, білім, техника мен экономика, қоғамдық–әлеуметтік өмірдегі термин сөздердің бірыңғайреспубликалық терминологиялық электронды базасы болып саналады. Сайт қазақ терминологиясын жүйелеудің жаңа талаптарын жүзеге асыруды көздейді, терминологиялық лексиканы біріздендеру, терминологиялық қорды толықтыру, терминдерді және атауларды қазақ тілінің нормаларына сәйкес реттеу, терминологиялық атауларды қолдану тиімділігін арттыру мақсатында бұқара қауымға арналған ақпараттық құрал.

«Sozdikqor.kz» — Әртүрлі салалық сөздіктер мен энциклопедиялардағы сөздер мен тұрақты сөз тіркестерін, қазақ тіліндегі көне сөздерді, кірме сөздерді, аймақтық және ақпараттық технологиялардың даму кезеңіндегі жаңа технологиялық сөздердің мағынасын көруге мүмкіндік беретін платформа. «Сөздікқор» порталының іздеу жүйесі арқылы сөздердің дефинициясын, синонимін, антонимін, омонимін, фразеологиялық тіркесте немесе сөйлем ішінде кездесуін бір бетте көруге болады.

«Qazcorpora.kz»

Кіші корпустар әзірлеу қызметі қазақ тілінің ұлттық корпусының жаңа технологиялық платформасын дамытуға бағытталған. Заман ағымына сай ақпараттың жүйелендірілуі мен қолданысы цифрландыру ыңғайында қолжетімді болып отыр. Корпус жасаудағы негізгі мақсат – табиғи тіл ресурстарын жинақтап, тілді нормаландыру, жүйелендіру, нәтижесін көпшілік тұтынушыға ұтымды пайдалануға ұсыну. Лингвистикалық корпус – тілдік құбылыстарды (әсіресе сөз, фразаларды) іздеуді жеңілдететін белгілі бір тілдегі жазбаша және ауызша мәтіндердің электронды түрде жинақталған ақпараттық-анықтамалық базасы. Ол іздеу нәтижесін табиғи контексте көрсетеді.
Әлемдегі тілдердің біршамасы өздерінің ұлттық корпустарын жасаған, олар бір-бірінен негізінен мәтіндерді ғылыми өңдеуі, база толықтығы мен субкорпустарының алуандығы бойынша ерекшеленеді.

«Qujat.kz» — Айналымының автоматтандырылған электронды базасы.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті.
Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы.

«Tilmedia.kz» — Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасы бойынша Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы тарапынан әзірленген.

«Atau.kz» — Oномастикалық электрондық базасы.

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасы бойынша әзірленген.

Яндекс.Метрика