Әл-Фараби кітапханасында инклюзивті қарым-қатынас этикасын дамытуға арналған іс-шара өтті.
2025 жылдың 10 қараша күні Әл-Фараби кітапханасында «Инклюзивті қарым-қатынас этикасын дамыту» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараны университетіміздің «Инклюзивті орта» ғылыми-практикалық орталығы өткізді. Қатысушылар – ҚазҰУ студенттері.
Іс-шараның мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға және әртүрлі әлеуметтік топ өкілдеріне құрметпен, түсіністікпен және толерантты көзқараспен қарау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ инклюзивті ортада өзара әрекеттесу этикасын дамыту.
Шақырылған спикер – «ITeachMe құзыреттерді дамыту орталығы» қоғамдық қорының өкілі – инклюзивті білім берудің маңызы және қоғам мен білім беру ұйымдарында қолжетімді орта қалыптастырудың заманауи тәсілдері туралы баяндады.
Іс-шара аясында Әл-Фараби кітапханасына Қазақстан зағиптар қоғамы (ҚЗҚ) тарапынан Брайль рельефті-нүктелі қарпімен басылған 5 атаудағы* 270 дана кітап сыйға тартылды. Бұл көзі нашар көретін және зағип жандарға арналған кітаптар ҚЗҚ-ның арнайы баспаханасында басылып шығарылды.
2025 жылдың басында Қазақстан зағиптар қоғамы Бүкіләлемдік зияткерлік меншік ұйымының (WIPO/ВОИС) грантын ұтып алды. Гранттың мақсаты – қолжетімді форматтарда, соның ішінде Брайль қарпінде және цифрлық нұсқада кітаптар шығару. Кітапханаға табысталған бұл басылымдар университеттің барлық факультеттерін қамтитын 50 атаудан тұратын кітаптардың алғашқы бөлігі. Аталған оқу әдебиеттері ҚазҰУ мен Қазақстан зағиптар қоғамы арасындағы ынтымақтастық аясында Брайль қарпіне бейімделу үшін Әл-Фараби кітапханасы тарапынан ұсынылған.
Әл-Фараби кітапханасы инклюзивті ортаны дамытуды және барлық санаттағы пайдаланушыларға білім мен ақпараттық ресурстарға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін сервистерді енгізуді жалғастырады.
*Кітапхана қорын толықтырған Брайль қарпіндегі кітаптар:
1. Усембаева Р.Б. Психологиялық оқулық.- Алматы:New Book, 2020.- 249 б.
2. Сламбекова Т.С. Педагогика: Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы. 1 кітап.-Алматы: Эверо, 2014.- 267 б.
3. Смағамбет Б. Шетелдік әлеуметтану тарихы.-Алматы: Эверо, 2014.- 375 б.
4. Ғабитов Т. Мәдениеттану: Жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне арналған оқулық.-Алматы: Лантар Трейд, 2019.- 415 б.
5. Аллаберген Қ. Қазақ журналистикасының тарихы (1870-2008ж.) .-Алматы: Білім, 2014.- 307 б.