Кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарының әдебиет қоры Қазақстан Республикасындағы тиiстi оқу орындарын лицензиялау, аттестаттау және аккредиттеу кезiнде бағалау үшiн пайдаланылады. Әл-Фараби атындағы кітапхана қоры бірыңғай кітапхана қоры ретінде құрылады.
Әл-Фараби атындағы кітапхана қорын жинақтау тақырыптары университетте жүзеге асырылатын негізгі білім беру бағдарламаларының бейінімен және университет кафедраларының ғылыми қызметінің бағыттарымен анықталады. Құжаттарды іріктеу университетте мамандарды, бакалаврларды және магистрлерді даярлау бағыттарына сәйкес келеді және университет ректоры бекіткен тақырыптық жинақтау жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Құжаттарға тапсырыстар жыл бойы баспалардан, кітап сату ұйымдарынан ақпараттық материалдар келіп түсуі бойынша, сондай-ақ университет кафедраларынан түскен жазбаша өтінімдер бойынша рәсімделеді.
Оқу құжаттары кафелралардың өтінімдері бойынша «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік ережелерінде» (ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы) айқындалған мөлшерде университеттің оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жинақталады.
Кафедралар тапсырыстың сапалық және сандық сипаттамаларын (атауы, құжаттың оқу мақсаты, данасы және т.б.) анықтайды және ҚР БҒМ/РОӘК ОӘК мөртаңбасы бар білім беру құжаттарына артықшылық береді.
Ғылыми басылымдар және басқа да құжат түрлері оқырмандардың сұранысын қанағаттандыру қағидасы негізінде сатып алынады Өтінім формасын мына жерден жүктеп алуға болады
«Қазпочта» АҚ, «Еуразия-Пресс» Агенттігі» ЖШС (мекенжайы: Алматы қ., Жібек жолы даңғылы, 6, 2 каб. Тел: +7(727)382-34-87,+7(727 )382-25 -11 E-mail: mailto:evrasia_press@rambler.ru т.б.) каталогтары бойынша қалыптастырылған мерзімді басылымдар кафедраның немесе факультеттің жазбаша өтінімі бойынша алынады.
Ескерту:
Әр факультеттің мерзімді басылымдарына жауаптылар мерзімді басылымдарға 2022 жылдың 01 қарашасына дейін өтінім беруі керек.