John Wiley & Sons (қысқаша атауы – Wiley) – Қазіргі уақытта 21 000-нан астам ғылыми кітап, 1 600 ғылыми журнал (олардың ішінде әлемге әйгілі және беделді басылымдардың көп мөлшеріне) бар. Жыл сайын Wiley журналдары дәйексөздер мен импакт-факторлардың жоғары көрсеткішіне, көптеген басылымдар сәйкес салалар бойынша рейтингтердегі бірінші орындарға ие болады. Баспа барлық білім салалары бойынша материалдар жариялайды.
Тақырыптамасы: әмбебап: техникалық ғылымдар, әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдар
Сайтқа сілтеме: (www.onlinelibrary.wiley.com).
Қор түрі: толықмәтінді
Басылымдар түрлері: ғылыми журналдар мен кітаптар
Көлемі: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқырмандары үшін жаратылыстану және техникалық бағыттар бойынша 137 Wiley журналдары жинағына қолжетімділік ашылды.
Журналдар тізімін осы жерден қарай аласыз
Жарияланым тілі: ағылшын
Мәліметтерді ұсыну форматы: pdf.
Қолжетімділік түрі: ұлттық жазылым
Назар аударыңыз! Егер пайдаланушы ұйым желісінің ішінен Wiley Online Library платформасына тіркеліп кірсе, оның Wiley профилі ұйыммен автоматты түрде байланыстырылады. Болашақта пайдаланушы 60 күн ішінде кез келген компьютерден Wiley Online Library-ға тіркелу және кіру арқылы Wiley ресурстарына қол жеткізе алады. Қолжетімділікті жаңарту үшін тіркелу мен ұйым арасындағы қарым-қатынасты үнемі жаңартып отыру керек, яғни ұйым желісінен Wiley Online Library-ға тіркелгенде кемінде 60 күнде бір рет кіріңіз.
Нұсқаулық!