Әл-Фараби кітапханасында белгілі жазушы Айзат Рақышпен шығармашылық кездесу өтті

2025 жылғы 4 қараша күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, жазушы, драматург, сыншы, әдебиеттанушы, педагог Айзат Рақышпен мазмұнды шығармашылық кездесу өтті.

Іс-шараны ҚазҰУ-дың аға оқытушысы Болат Әбенов жүргізіп, автордың өмір жолы мен шығармашылық қалыптасуы, сондай-ақ оның туындыларының тақырыптық бағыты мен көркемдік құндылығы туралы әңгімеледі.

Кездесу барысында Айзат Рақыш өз кітаптарының жазылу тарихымен, шығармашылық ізденістерімен және қазіргі әдебиет жөніндегі көзқарастарымен бөлісті.

Кездесуге қатысқан, автордың шығармаларымен таныс студенттер қызықты сұрақтар дайындап, Айзат Рақыш оларға терең әрі мазмұнды жауаптар берді. Ал ең белсенді қатысушыларға жазушы өз қолтаңбасы қойылған кітаптарын сыйға тартты.

Кеш көңілді әнмен аяқталып, қатысушылар естелік суретке түсті.

Іс-шараны Әл-Фараби кітапханасы мен Farab оқырмандар клубы бірлесе ұйымдастырды. Алдағы уақытта кітапхана жас оқырмандар арасында мәдени және рухани атмосфераны дамытуға ықпал ететін шығармашылық кездесулер мен әдеби іс-шараларды ұйымдастыруды жалғастыруды жоспарлап отыр.

Яндекс.Метрика