SciVal – Elsevier баспасының сараптамалық құралы. SciVal сіздің ұйымыңыздағы зерттеу нәтижелерін визуализациялауға, оларды балама көздермен салыстыруға, сондай-ақ зерттеулердегі жаңа үрдістерді анықтап, сараптауға жәрдемдеседі. SciVal сонымен қатар зерттеулерді жоспарлау, алға жылжыту, бағалау және қаржыландыру стратегияларын оңтайландыру мақсатында қажетті мәліметтер негізінде ақпараттар ұсынады. SciVal көмегімен сіз түрлі бөлімдердегі немесе тұтас ұйымдағы зерттеуші деңгейінде өз тәжірибеңіз бен ықпалыңызды жете түсіне аласыз. Scival – Scopus библиографиялық дерекқорындағы жарияланымдық белсенділікті сараптауға арналған аналитикалық жүйе. Scival жүйесі әртүрлі мақсаттағы бірнеше жұмыс модульдерінен тұрады. Scival-дағы талдау объектілері ұйымдар мен олардың топтары, зерттеушілер мен зерттеуші топтары, зерттеу салалары, елдер, жарияланым массивтері.
SciVal – таңдалған ұйымдардың, елдердің, зерттеу тақырыптарына, т.б. зерттеу нәтижелеріне жылдам шолу жасайды.
Сайтқа сілтеме: https://www.scival.com/home
Тақырыптамасы: аналитикалық реферативтік база
SciVal мүмкіндіктері:
Ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің нәтижелеріне көрнекілік жасау. Кез келген ғылыми зерттеу ұйымының нәтижелерін көруге, толық шолуға қол жеткізу, оның бірегей күшті жақтарын және көп саласын зерттеу бағыттарын анықтау.
Көрнекі стандартты есептерді құру және барлық ұйымдар мен елдер үшін құзыреттілік карталарына қол жеткізу.
Жетістіктерді салыстыру. Кез келген ұйымның, елдің және алдын ала анықталған топтардың нәтижелерін салыстыру немесе уақыт өте келе прогресті қадағалау. Мақсатқа жету үшін зерттеу аймақтары мен өлшемдердің қажетті комбинацияларын таңдау арқылы егжей-тегжейлі талдау жүргізу мүмкіндігі. Стратегияңызды оңтайландыру үшін күшті және әлсіз жақтарды анықтау.
Ынтымақтастықты дамыту. Жарияланымдар мен дәйексөздер негізінде ынтымақтастықтың бар және әлеуетті мүмкіндіктерін анықтау, талдау, Google карталарында ұйымыңыздың ағымдағы, ықтимал ынтымақтастықтарымен танысу мүмкіндігі.
Деректерді жаңарту жиілігі: күн сайын