
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты Фараби кітапханасымен бірлесе отырып әлемдік деңгейдегі ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аясында Абай күніне орай «АДАМЗАТТЫҢ АБАЙЫ» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік мәжіліс өткізеді.
Мәжілісте Фараби университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аясында абайтану саласында атқарылған ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері, Фараби кітапханасымен бірлескен кітап көрмесі таныстырылады, алдағы міндеттер бағдарланады.
Мәжіліске қазақстандық және шетелдік абайтанушы, әдебиеттанушы ғалымдар, ЖОО мен ғылыми-зерттеу институттарының зерттеуші мамандары, докторанттар, магистранттар және БАҚ өкілдері қатысады.
Ғылыми-тәжірибелік мәжіліс 2025 жылдың 8 тамызында сағ. 15.00-де Әл-Фараби кітапханасының Абай залында басталады. Онлайн байланыс «Zoom» платформасында басталады. Сілтеме қосымша хабарланады.