Trinka AI — ағылшын тілінде кез келген күрделілік деңгейіндегі ғылыми және академиялық мәтіндерді жазуға және редакциялауға арналған жасанды интеллект негізіндегі заманауи платформа.
Trinka AI студенттерге, оқытушыларға және зерттеушілерге ғылыми мақалалар, диссертациялар, дипломдық жұмыстар, ғылыми жобалар және басқа да академиялық материалдарды жазуға көмектеседі.
Ғылыми бағыттары: ғылымның барлық академиялық салалары.
Ресурс түрі: академиялық мәтіндермен жұмыс істеуге арналған бұлттық жасанды интеллект платформасы.
Жасанды интеллект платформасының негізгі мүмкіндіктері:
- Грамматика мен орфографияны тексеру — ағылшын тіліндегі мәтіндерде кездесетін қателердің барлық түрлерін анықтау және түзету.
- Академиялық жазу стилін жетілдіру — ғылыми мәтіннің анықтығын, дәлдігін және кәсіби сапасын арттыру.
- Мәтінді қайта тұжырымдау — бастапқы мағынасын сақтай отырып, сөйлемдер мен тұжырымдарды жетілдіру.
- Терминология мен бірізділікті тексеру — ғылыми терминдердің, қысқартулардың және мәтінді рәсімдеудің сәйкессіздіктерін анықтау.
- Ғылыми сілтемелер мен дәйексөздерді тексеру — библиографиялық сілтемелердің сапасын талдау және оларды дұрыс рәсімдеуге көмектесу.
- Мақалаларды жариялауға дайындау — ғылыми журналға жіберер алдында қолжазбалардың академиялық жазу талаптарына сәйкестігін тексеру және ғылыми журналдарды таңдауға көмектесу.
- Плагиат пен жасанды интеллект арқылы жасалған мәтінді анықтау — студенттердің жұмыстарындағы плагиат белгілерін және жасанды интеллект көмегімен жасалған мәтіндерді анықтау.
- Қауіпсіздік — Trinka AI корпоративтік деңгейдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін толық жабық платформа болып табылады.
Trinka AI платформасын пайдалану университеттің ағылшын тіліндегі ғылыми жұмыстарының, соның ішінде ғылыми жарияланымдардың, баяндамалардың, дипломдық жұмыстардың және басқа да академиялық материалдардың сапасын бірнеше есе арттыруға мүмкіндік береді.
Платформа академиялық мәтіндерді талдауға, қателерді іздеуге және түзетуге, плагиатты анықтауға жұмсалатын уақытты едәуір қысқартады. Сонымен қатар зерттеу жұмыстарын халықаралық ғылыми журналдарда жариялауға дайындауды жеңілдетеді, бұл университеттің ғылыми жарияланымдар белсенділігін айтарлықтай арттыруға ықпал етеді.
Платформа тілі: ағылшын тілі.
Жазылым мерзімі: 01.09.2026–01.09.2027
Жеке кабинетке қалай кіруге болады?
Магистратура және докторантура студенттері, сондай-ақ оқытушылар төмендегі сілтеме арқылы тіркеліп, жеке кабинетін аша алады:
https://cloud.trinka.ai/signup
Тіркелу кезінде университеттің корпоративтік электрондық поштасын пайдалану қажет.
Институционалдық жазылым аясындағы барлық мүмкіндіктерді белсендіру үшін университет кітапханасына хабарласу қажет.
Егер электрондық поштаңызға Trinka AI платформасынан жеке есептік жазбаңызды (аккаунтыңызды) белсендіру туралы хат келсе, бұл сіздің Trinka платформасына бұрыннан қосылғаныңызды білдіреді. Мұндай жағдайда кітапханаға қосымша хабарласудың қажеті жоқ.
Хаттағы нұсқауларға сәйкес есептік жазбаңызды белсендіргеннен кейін жеке кабинетіңізді пайдалана бастай аласыз.