Кітаптарды төлемақысыз қайтару мүмкіндігі қыркүйекке дейін ұзартылғанын естеріңізге саламыз!

Алған әдебиетті уақытында өткізуге мүмкіндігі жоқ оқырмандар қыркүйек айына дейін кітаптарды төлемсіз қайтара алады.

Қолдағы кітаптарды өткізуге мүмкіндігі бар оқырмандар абонементке келіп өткізуіне болады.

Кету парағын толтыруы үшін оқырмандар алған кітаптарын абонементке өткізуі тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, карантин кезінде абонемент дүйсенбі-жұма күндері аралығында (9.00-17.00) ашық.

Назар аударыңыз! Абонементке барған кезде карантиндік сақтық шараларын, әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз және бетперде киюді ұмытпаңыз.

Егер кітапхана кітабын жоғалтқан немесе бүлдірген болса, қолданушы келтірілген залалды келесі жолдармен өтеуге міндетті:

1. Ұқсас кітап өткізу арқылы;

2. Жоғалған кітапты кітапхана тең келеді деп санайтын кітаппен алмастыру арқылы (алмастыру үшін (жоғалған кітаптардың орнына ұсынылған кітаптар тізімі);

3. Жоғалған кітаптың құнын шыққан жылына қарай төлеу арқылы.

Жоғалған кітаптың құнын және кітапты уақтылы қайтармағаны үшін төлемақы өтеу кез келген банк арқылы жүзеге асырылады. Толығырақ…

Немесе QR-кодпен өтіп оқыңыз:

Яндекс.Метрика