Құрметті оқырмандар, кітапхана жұмыс уақыты өзгерді!

Естеріңізге сала кетейік, карантин кезінде кітапхана дүйсенбі-жұма күндері аралығында (9.00-18.00) және сенбі күні оқу залы, электронды зал, периодика залы (9.00-14.00) ашық.

Назар аударыңыз! Кітапханаға келген кезде карантиндік сақтық шараларын, әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз және бетперде киюді ұмытпаңыз.

Біздің қымбатты студенттерімізбен оқытушыларымыз! Сіздерге жаңа оқу жылында сәттілік тілейміз! Өздеріңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыздар! Біздің кітапханада кездескенше!

Құрметті студенттер! Жаңа оқу жылы қашықтықтан басталатындығына байланысты кітапхана сіздерге соңғы оқу жылында берілген кітаптардың қайтару мерзімін қосымша төлемақысыз ұзартады. Кітаптарды кітапханаға университет әдеттегі оқу режиміне көшкеннен кейін тапсырасыздар. Биылғы оқу жылына қажетті әдебиеттерді кітапхана сайтының «Толықмәтінді деректер қоры» бөлімінен қарауға болады. Егер деректер қорында толық мәтін болмаса, сіз «Кітапқа тапсырыс» қызметін пайдалана аласыз, толығырақ elib.kaznu.kz/order-book сілтемесі бойынша қараңыз.

Егер кітапхана кітабын жоғалтқан немесе бүлдірген болса, қолданушы келтірілген залалды келесі жолдармен өтеуге міндетті:

1. Ұқсас кітап өткізу арқылы;

2. Жоғалған кітапты кітапхана тең келеді деп санайтын кітаппен алмастыру арқылы (алмастыру үшін (жоғалған кітаптардың орнына ұсынылған кітаптар тізімі);

3. Жоғалған кітаптың құнын шыққан жылына қарай төлеу арқылы.

Жоғалған кітаптың құнын және кітапты уақтылы қайтармағаны үшін төлемақы өтеу кез келген банк арқылы жүзеге асырылады. Толығырақ…

Немесе QR-кодпен өтіп оқыңыз:

Яндекс.Метрика