Әл-Фараби кітапханасы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жиі қойылатын сұрақтар
Кітаптарға тапсырыс беру үшін алдымен электронды каталогта қалаған кітаптың бар-жоғын тексеру керек. Кітап біздің қорда бар болса, Сіз сайттағы онлайн- тапсырыс бөлімі арқылы, нұсқауларға сәйкес тапсырыс бере аласыз. Онлайн-анықтама Интернет қосылысы бар кез келген жерден библиографиялық, биобиблиографиялық және басқа да кітапханалық анықтамаларды алуға мүмкіндік береді.
Егер кітапхана кітабын жоғалтқан немесе бүлдірген болса, қолданушы келтірген залалының орнын толтыруға келесі міндетті: 1. Тура сондай кітаппен; 2. Кітапхана жоғалған кітаптың орнына тең келеді деп таныған басылыммен (ұсынылатын басылымдар тізімі); 3. Жоғалған басылымның нарықтық құнын төлеумен.

Жоғары оқу орындарының студенттерінен басқа сырттан келген пайдаланушылар және заңды тұлғалар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасында тиісті келісім-шарт жасалғаннан кейін, кітапхана қызметін ақылы келісім-шарт негізінде пайдалана алады.

Тиісті келісім-шарт жасалғаннан кейін үшінші тарап ұйымдарының қызметкерлері мен студенттеріне барлық оқу залдарында (абонементтерді, диссертациялық қорды, сирек басылымдар мен қолжазбалар қорын қоспағанда) қызмет көрсетіледі.

Да, вы можете подключиться к бесплатному Wi-Fi в здании библиотеки.
Қорымыздағы кітаптардың цифрлық нұсқаларымен таныстыру үшін кітапханамыз әзірлеген жеке деректер базасы карантин кезеңінде барлық адамдар үшін ашық, ал кейін бұл базаны қашықтан тек тіркелген қолданушылар ғана пайдалана алатын болады.
Жоғары оқу орнының ғылыми кітапханасы ретіндегі біздің негізгі міндетіміз - ең алдымен ҚазҰУ студенттері мен оқытушыларын оқу және ғылыми әдебиетпен қамтамасыз ету. Сондықтан сырттан келетін қолданушыларымызға кітаптар үйге берілмейді. Бірақ сырттан келетін қолданушыларымыз қалаған әдебиеттерін кітапхана залдарына келіп оқи алады немесе электронды нұсқада Интернетке қосылған кез келген құрылғыда онлайн оқи алады.
Іздегеніңізді таба алдыңыз ба?
Кітапханашыға сұрақ қойыңыз
Біз сондай-ақ қалдырылған пікірлерге қуаныштымыз.



    Яндекс.Метрика