Әл-Фараби кітапханасы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жаңалықтар
Абай Ғылыми-зерттеу институтының 15 жылдығына арналған іс-шара
06 декабря 2024
Жаңа түскен кітаптар көрмесіне шақырамыз
02 декабря 2024
Физика-техникалық факультетінде кітап көрмесі ұйымдастырылды
30 ноября 2024
Жаңа келіп түскен кітаптар
Жиі қойылатын сұрақтар
«Кітапқа тапсырыс беру» және «Онлайн- анықтама» деген онлайн- қызметтерді қалай алуға болады?
Кітаптарға тапсырыс беру үшін алдымен электронды каталогта қалаған кітаптың бар-жоғын тексеру керек. Кітап біздің қорда бар болса, Сіз сайттағы онлайн- тапсырыс бөлімі арқылы, нұсқауларға сәйкес тапсырыс бере аласыз. Онлайн-анықтама Интернет қосылысы бар кез келген жерден библиографиялық, биобиблиографиялық және басқа да кітапханалық анықтамаларды алуға мүмкіндік береді.
Кітап жоғалса не істеу керек?
Егер кітапхана кітабын жоғалтқан немесе бүлдірген болса, қолданушы келтірген залалының орнын толтыруға келесі міндетті:
1. Тура сондай кітаппен;
2. Кітапхана жоғалған кітаптың орнына тең келеді деп таныған басылыммен (ұсынылатын басылымдар тізімі);
3. Жоғалған басылымның нарықтық құнын төлеумен.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті/қызметкері болмасам кітапханаға келе аламын ба?
Жоғары оқу орындарының студенттерінен басқа сырттан келген пайдаланушылар және заңды тұлғалар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасында тиісті келісім-шарт жасалғаннан кейін, кітапхана қызметін ақылы келісім-шарт негізінде пайдалана алады.
Тиісті келісім-шарт жасалғаннан кейін үшінші тарап ұйымдарының қызметкерлері мен студенттеріне барлық оқу залдарында (абонементтерді, диссертациялық қорды, сирек басылымдар мен қолжазбалар қорын қоспағанда) қызмет көрсетіледі.
Кітапханада Интернет бар ма?
Да, вы можете подключиться к бесплатному Wi-Fi в здании библиотеки.
Толық мәтінді деректер базасын қолдана аламын ба?
Қорымыздағы кітаптардың цифрлық нұсқаларымен таныстыру үшін кітапханамыз әзірлеген жеке деректер базасы карантин кезеңінде барлық адамдар үшін ашық, ал кейін бұл базаны қашықтан тек тіркелген қолданушылар ғана пайдалана алатын болады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті немесе қызметкері болмасам, кітапханаға жазылып, кітаптарды өзіммен үйге алуыма бола ма?
Жоғары оқу орнының ғылыми кітапханасы ретіндегі біздің негізгі міндетіміз - ең алдымен ҚазҰУ студенттері мен оқытушыларын оқу және ғылыми әдебиетпен қамтамасыз ету. Сондықтан сырттан келетін қолданушыларымызға кітаптар үйге берілмейді. Бірақ сырттан келетін қолданушыларымыз қалаған әдебиеттерін кітапхана залдарына келіп оқи алады немесе электронды нұсқада Интернетке қосылған кез келген құрылғыда онлайн оқи алады.
Іздегеніңізді таба алдыңыз ба?
Кітапханашыға сұрақ қойыңыз
Біз сондай-ақ қалдырылған пікірлерге қуаныштымыз.
Виртуалды тур