Кітапхана қоры құнды ғылыми еңбектермен толықты

Әл-Фараби кітапханасында Месроп Маштоц атындағы «Матенадаран» көне қолжазбалар институтының делегациясымен ресми кездесу өтті. Іс-шара барысында екіжақты ғылыми ынтымақтастық мәселелері талқыланып, университет кітапханасына құнды ғылыми басылымдар табысталды.

Іс-шара барысында университет кітапханасының қорына ағылшын тіліндегі бірқатар маңызды ғылыми басылымдар сыйға берілді.делегация университет кітапханасының қорына «Осман империясының күрдтілді армяндары: сәйкестілік, тіл және баспа», «Матедаранның шет тіліндегі қолжазба сөздіктері», «Матедарандағы космографиялық және географиялық мұра», «Матедарандағы парсы қолжазбасының каталогы», «Матедаранның христиан-араб қолжазбасының каталогы» атты ағылшын тіліндегі құнды ғылыми басылымдарды табыстады. Аталған еңбектер көне қолжазбаларды зерттеу, шығыстану, түркология және тарих ғылымдары бағытындағы ғылыми ізденістерге жаңа серпін бермек,

Кездесу шеңберінде кітапхана қорынан мазмұнды әрі танымдық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Месроп Маштоц атындағы «Матенадаран» көне қолжазбалар институты тарапынан сыйға берілген ғылыми басылымдар, көне қолжазбаларды зерттеуге арналған еңбектер және қолжазбатану саласындағы іргелі зерттеулер қойылды. Сондай ақ,  Қазақстан мен Армения арасындағы мәдени-ғылыми ынтымақтастықты айқындайтын материалдар, Армения тарихы мен әдебиетіне қатысты кітаптар және армян халқының көрнекті жазушыларының шығармалары ұсынылды.

Көрме келушілерге армян халқының бай рухани мұрасымен тереңірек танысуға мүмкіндік беріп, екі ел арасындағы тарихи сабақтастық пен өзара құрметке негізделген байланыстарды дәріптеуге бағытталды.

Яндекс.Метрика