Әл-Фараби кітапханасы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жаңа келіп түскен кітаптар
Бұл шағын кітап ҚазҰУ түлектерінің студенттік өмірі, ұстаздары мен құрбы-құрдастары туралы естеліктерінен тұрады. 1987 жылғы түлектер Қазақстан Тәуелсіздігінің жаршысы болғандықтан, желтоқсан оқиғасының жазбалары да қамтылған.
Оқу
Бұл кітапта қазақ поэзиясындағы азаттық, тәуелсіздік тағылымдары, әсіресе, еліміз егемендік алғаннан кейінгі он жылдағы (1991-2001 жж.) қазақ поэзиясындағы көркемдік ізденістер жүйелей сараланып, осы кезеңде жарық көрген жыр жинақтарындағы өлеңдер көркемдік талап тұрғысынан іріктеп талданған.
Оқу
Қазақ әдебиетінің классигі, халқымыздың сүйікті жазушысы Ғабит Мүсіреповтің бұл кітабына туған тіліміздің, әдебиетіміздің тағдырына қатысты оның әр жылдарда жазылған айтулы мақалалары ой-толғаныстары топтастырылған.
Оқу
Жинаққа филология ғылымдарының докторы, профессор Талғат Сайрамбаев туралы тілші-ғалымдар, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, журналистер, әріптестері, жақындары мен шәкірттерінің көңіл түкпірінен шыққан естеліктері енгізілген.
Оқу
А.Байтұрсынұлының таңдамалы шығармалар жинағына «Оқу құралы», «Тіл-құрал», «Әдебиет танытқыш» сияқты оқулықтары және олардан үзінділер, мақалалары, баяндамалары енгізілді. Кітап алғаш рет ағылшын, орыс түрік тілдерінде оқырмандарға ұсынылып отыр.
Оқу
Оқу құралы "Кәсіптік оқыту" мамандығында және педагогикалық мамандықта оқитын студенттерге арналған. Тапсырмалар мазмұнына бейіндік мектепке арналған нормативтік, оқу-бағдарламалық, әдістемелік құжаттар, т.б. материалдар кіреді.
Оқу
«Кәсіби қарым-қатынас тіл мәдениеті» оқу құралы банк қызметкерлеріне, сол мамандықта білім алып жүрген студенттерге және оқытушыларға арналған. Құралда студенттерге, қызметкерлерге іскери қазақ тілін меңгеру мақсатында терминдер, граматикалық тапсырмалар, жаттығулар ұсынылып отыр.
Оқу
«Қазақ тілі» оқу құралында коммуникативтік дағдыларды дамытуға негіз болатын сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша тілдік материалдар, ережелер, лексикалық мәтіндер және тапсырмалар мен жаттығулар берілген.
Оқу
«Қазақ тіл біліміндегі антропоөзекті бағыттар» пәні «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының магистратура бөлімінде оқытылып келеді. Оқу құралында магистранттарға қазақ тіл білімінің жаңа бағыттары, олардың зерттелу нысаны, міндеттері жайлы мағлұмат берілген.
Оқу
Оқу құрал «Қазақ филологиясы», «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарында жоғары оқу орны компонеті ретінде оқытылып жүрген «Лингвомәдениеттану», «Қазақ терминологиясының негіздері» сияқты пәндерге теориялық және практикалық материалдар бола алады.
Оқу
Оқу-әдістемелік құралда жоғары оқу орындарының филология мамандықтарында оқытылатын «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» атты ғылыми курстың дәрістері ықшамдалып ұсынылды, студенттердің өзіндік жұмыстары, семинар және тест сұрақтары беріліп отыр.
Оқу
Оқу құралында тәуелсіздік жолында тер төккен хандар мен батырлар жайлы қазақтың тарихи романдарындағы заман шыңдығы мен бас қаһармандар бейнесін ашудағы жазушылардың стильдік шеберлігі сөз болады. Кейіпкерлер бойындағы заман рухына лайық болмыс-бітім және қаламгердің идеялық көркемдік ізденістері айқындалған.
Оқу
Оқу құралында қазақ тілі әліпбиінің тарихы мен қазақ халқының жазу мәдениетінде қолданылған әліпбилердің түрлері, олардың тілдік және графикалық ерекшеліктері, дыбыс-фонема-әріп арақатынасы, графема мен фонеманың қызметі қамтылған.
Оқу
Монографияда эмоционалды фразеологизмдердің классификациясы жасалып, когнитивті-сематикалық сипаты ғылыми тұрғыдан талданып, соңғы жылдары қалыптасқан лингвистика ғылымындағы жаңа қолданыстар негізінде кешенді мәлімет беріледі.
Оқу
Ағылшын тілін үйретуге арналған оқу құралы «Туризм» мамандығы бойынша жоғары оқу орындарындағы және кәсіптік білім беретін оқу орындарының студенттеріне ағылшын тілін үйретуге арналған.
Оқу
Оқу құралында Ақтөбе аймағының ең көрнекті өкілі, энциоклопедиялық білім иесі Қ. Жұбановтың рухани қазынасы толыққанды түрде жүйеленіп, оқырмандарға ұсынылып отыр. Қ. Жұбанов еңбектеріндегі өзекті мәселелер жаңаша көзқарас тұрғысынан сарапталды.
Оқу
Жиі қойылатын сұрақтар
Кітаптарға тапсырыс беру үшін алдымен электронды каталогта қалаған кітаптың бар-жоғын тексеру керек. Кітап біздің қорда бар болса, Сіз сайттағы онлайн- тапсырыс бөлімі арқылы, нұсқауларға сәйкес тапсырыс бере аласыз. Онлайн-анықтама Интернет қосылысы бар кез келген жерден библиографиялық, биобиблиографиялық және басқа да кітапханалық анықтамаларды алуға мүмкіндік береді.
Егер кітапхана кітабын жоғалтқан немесе бүлдірген болса, қолданушы келтірген залалының орнын толтыруға келесі міндетті: 1. Тура сондай кітаппен; 2. Кітапхана жоғалған кітаптың орнына тең келеді деп таныған басылыммен (ұсынылатын басылымдар тізімі); 3. Жоғалған басылымның нарықтық құнын төлеумен.

Жоғары оқу орындарының студенттерінен басқа сырттан келген пайдаланушылар және заңды тұлғалар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасында тиісті келісім-шарт жасалғаннан кейін, кітапхана қызметін ақылы келісім-шарт негізінде пайдалана алады.

Тиісті келісім-шарт жасалғаннан кейін үшінші тарап ұйымдарының қызметкерлері мен студенттеріне барлық оқу залдарында (абонементтерді, диссертациялық қорды, сирек басылымдар мен қолжазбалар қорын қоспағанда) қызмет көрсетіледі.

Да, вы можете подключиться к бесплатному Wi-Fi в здании библиотеки.
Қорымыздағы кітаптардың цифрлық нұсқаларымен таныстыру үшін кітапханамыз әзірлеген жеке деректер базасы карантин кезеңінде барлық адамдар үшін ашық, ал кейін бұл базаны қашықтан тек тіркелген қолданушылар ғана пайдалана алатын болады.
Жоғары оқу орнының ғылыми кітапханасы ретіндегі біздің негізгі міндетіміз - ең алдымен ҚазҰУ студенттері мен оқытушыларын оқу және ғылыми әдебиетпен қамтамасыз ету. Сондықтан сырттан келетін қолданушыларымызға кітаптар үйге берілмейді. Бірақ сырттан келетін қолданушыларымыз қалаған әдебиеттерін кітапхана залдарына келіп оқи алады немесе электронды нұсқада Интернетке қосылған кез келген құрылғыда онлайн оқи алады.
Не нашли что искали?
Задайте вопрос библиотекарю
Оставленному отзыву тоже будем рады



    Яндекс.Метрика