Springer Nature – жаратылыстану ғылымдары және әлеуметтік-гуманитарлық бағыттар бойынша академиялық журналдар мен кітаптар шығаруға мамандандырылған халықаралық баспа компаниясы. Баспа әлемдегі ең үздік 3 баспаның қатарына кіреді. Springer Nature журналдары Scopus, Web of science, Pub Med және т. б. озық ғылыми дерекқорларда индекстеледі.
Барлық Springer Nature кітаптары мен журналдары рецензияланған және қатаң және объективті сараптамадан өтеді.
Сайтқа сілтеме:
Журналдар, мақалалар: https://link.springer.com/
1997-2025 жылдардағы мақалаларға қол жетімділік бар. Олардың ішінде 2000-нан астам рейтингтік ғылыми журналдар мен барлық ғылыми бағыттар бойынша 6 млн.астам мақала бар.
Журналдар мен мақалалар: https://www.nature.com/
2020-2025 жылдардағы мақалаларға қолжетімділік бар. Жаратылыстану ғылымдары саласындағы әлемдегі озық және ықпалды 100-ден астам журнал, олардың ішінде Nature, Nature Biomedical Engineering, Nature Catalysis, Nature Chemistry және т. б. журналдар бар.
Тақырыптамасы: жаратылыстану ғылымдары; техникалық ғылымдар; гуманитарлық ғылымдар
Қор түрі: толық мәтінді
Басылым түрлері: ғылыми журналдар, кітаптар, дерекқорлар және т. б.
Көлемі: әлемнің түкпір-түкпірінен 3000-нан астам журнал, ТМД елдерінен ағылшын тілінде 200-ге жуық ғылыми журнал. Springer Nature журналының 2560-қа жуығы Web of Science-те импакт-факторға ие және Scopus-та 2700-ден астам журналы индекстелген, онда Нобель сыйлығы лауреаттарының, әлемнің жетекші ғалымдары мен мамандарының жарияланымдары бар.
Жарияланым тілі: ағылшын тілі
Жазылу мерзімі: 28.10.2025 – 01.12.2025
Мәліметтерді ұсыну форматы: pdf.