Тауман Амандосовтың туғанына 100 жыл

Әл-Фараби атындағы Қаз-ҰУ-да журналистика факультетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Т. С. Амандосовтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Журналистика, баспа ісі, медиадизайн: бүгінгі тренд және даму тенденциясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Тауман Салықбайұлы Амандосов филология ғылымдарының докторы, профессор, ғалым, журналист.

Тауман Амандосов қазақ публицистикасының теориясы мен практикасы, баспасөз жанрлары, бұқаралық ақпарат құралдарының   жүйесі мен журналистиканың қоғамда алатын орны туралы зерттеу еңбектерін жазды. Ғылыми зерттеу бағыты қазақ журналистикасының теориясы мен тарихы мәселелеріне арналған.  

Осы іс-шараға байланысты Әл-Фараби кітапханасы ақпараттық-құжаттық көрме ұйымдастырды.

Күні: 26.11.2021 ж

Көрмені ұйымдастырушы: әл-Фараби кітапханасы.

Көрме келесі бөлімдерден тұрады:

  • Ұстаз, ғалым, журналист – Тауман Амандосов
  • Тәуелсіздік жылдарындағы журналистика  

Ұстаз, ғалым, журналист – Тауман Амандосов Тауман Амандосов өзінің қарапайымдылығы, адами абзал қасиеті, сөзі мен ісінің бірлігі, жауапкершілігі және әділдігімен ерекшеленді. Ол кең пейілді қамқоршы, ғылыми ізденістерінде шәкірттеріне кеңесші, болмыс-бітімі биік тұлға еді. Ғалым жайында «Тауман Амандосов. Өнегелі өмір», «Ұлт сөзгерлері ұшқан ұя. Журналистика факультеті», М. Батырбеков «Высшая школа Казахстана в лицах» кітаптары жәнетағы басқа кітаптар мен мақалалар көрмеге қойылған.

Тәуелсіздік жылдарындағы журналистика ҚазҰУ-да журналист мамандығын Журналистика факультеті даярлайды. Көрменің журналистикаға арналған бөлімінде К. Қамзиннің «Журналистика негіздері», «Талдамалы журналистика», Н. Шыңғысованың «Журналистика социологиясы», Р. Жақсылықбаеваның «Журналист этикасы», С. Медеубекұлы «Журналистік шеберлік: таным мен талғам» және тағы басқа кітаптар қойылған.

Көрменің оқырмандық бағыты: конференцияға қатысушылар, қонақтар, кітапхана оқырмандары және т. б. қатысушылар.

Көрмеге қойылған құжаттар: кітаптар, журналдар.

Көрменің безендірілуі: фотосуреттер.

Көрменің нәтижесі: әл-Фараби кітапханасының қорындағы журналистика тақырыбына арналған материалдармен оқырмандарды таныстыру.

Яндекс.Метрика