Белгілі кәсіпкер әрі меценат Азамат Утенов әл-Фараби кітапханасына 64 кітап сыйға тартты. Кітаптар әртүрлі өзекті тақырыптарды қамтиды: тарих, өзін-өзі дамыту, көркем әдебиет және басқа да маңызды бағыттар. Бұл игі бастама жастардың білімге деген қызығушылығын арттырып, кітап қорын мазмұнды әрі құнды еңбектермен толықтыруға үлкен үлес қосты.
Әл-Фараби кітапханасы оқырмандарға сапалы білім мен рухани даму жолында қызмет етіп келеді. Осындай қолдаулар кітап мәдениетін дамытуға және оқуға деген ынтаны күшейтуге сеп болады.
Азамат мырзаға осындай игі ісі мен кітапханаға көрсеткен қолдауы үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!