Қазақстан Республикасының Конституция күні

Адамның және азаматтың құқықтық мәртебесін бекітудегі конституциялық құқықтың рөлі. Көрмеге қазақ мемлекетінің құрылу кезеңдері туралы материалдар, Қазақстанның тарихы мен елдегі конституциялық құқықтың дамуы жайындағы анықтамалық басылымдар қойылған. Конституция – мемлекеттің негізгі заңы, жоғарғы заңнамалық күші бар ерекше нормативтік құқықтық акт. Конституция мемлекеттің саяси, құқықтық және экономикалық жүйелерінің негіздерін анықтайды.

Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылғы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Конституция қысқа мерзімді перспективаларды қамтыды. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда жаңа Конституция жобасы қабылданды. Жыл сайын республикада бұл күн мемлекеттік басты мерекелерінің бірі ретінде аталып өтіледі.

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның Конституциясы бірнеше рет толықтырып, 1998, 2007, 2011 және 2017 жылдары өзгерістер енгізілді. Бірінше кезекте Конституция әр адамның құқығы мен еркіндігінің көрінісі, бүтін мемлекет идеологиясының келбеті болып қала береді. Біздің қоғамның әрбір азаматы өз құқықтарын, міндеттерін және ережелерін сақтап, заңдарды құрметтеуге міндетті.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Конституциясы демократиялық институттарды жаңғыру, нығайту, азаматтардың әл-ауқатын арттыру және әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену жолында қоғамды шоғырландырудың қуатты факторы болып табылады.

Виртуалды кітап көрмесін осы жерден көре аласыздар

Әл-Фараби кітапханасында ұйымдастырылған іс-шаралардың бейне жазбаларын біздің youtube каналымыздан көруге болады: осы жерде

Сондай-ақ, біздің Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі өзекті жаңалықтар мен іс-шараларға назар аударуды ұсынамыз, онда сіз одан әрі кеңес ала аласыз.

Сондай-ақ, «Кітапханашыға сұрақ қою» айдары арқылы Сізді қызықтырған сұрақтарға жауап алуға болатындығын еске саламыз.

Егер сіз кері байланыс нысаны арқылы пікір қалдырсаңыз, біз де қуанамыз (ауысу үшін басыңыз).

Яндекс.Метрика