2022 жылдың 10-маусым күні республикалық Достық үйінде – Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі – төрағаның орынбасары Марат Әзілханов этномәдени бірлестіктер өкілдерімен, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, БАҚ өкілдерімен кездесті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев қатысты.Марат Әзілханов өз сөзінде Жаңа Қазақстанды құру жолында еліміздегі бірлік пен ынтымақтың маңыздылығын атап өтті.
Оның пікірінше, қазіргі қоғамдағы негізгі проблемалардың бірі – жалған ақпарат пен арандатушылық әрекеттер, қоғамның бір бөлігін әртүрлі стереотиптер мен теріс пікірлерге, жалған ақпаратқа бейімділігі болып табылады. Осыған байланысты, аталған үрдістерді еңсерудегі ең тиімді шара – азаматтардың бейбітшілік пен келісім атмосферасына зиянын келтіретін деструктивті ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау қабілеті болып табылады. «Жалған ақпаратқа қарсы иммунитетті қалыптастыру — инфекцияларға қарсы биологиялық иммунитетті қалыптастыру секілді маңызды», – деп өз сөзін жалғастырды.
Өз кезегінде Мәлік Отарбаев, Жаңа және Әділ Қазақстан құрудың алғышарттарының бірі — Қазақ халқының бірлігін сақтау мен нығайту екендігін атап өтті. Мемлекет басшысының сөзіне сілтеме жасай отырып, ол Жаңа Қазақстан әділеттілік, сабақтастық пен прогресс сынды үш негізгі қағидатқа құрылып жатқандығына тоқталды.
Осы іс-шараға байланысты Әл-Фараби кітапханасы ақпараттық-құжаттық көрме ұйымдастырды.
Күні: 10 маусым 2022 жыл
Толығырақ: осы жерде