2022 жылдың 10-маусым күні республикалық Достық үйінде – Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі – төрағаның орынбасары Марат Әзілханов этномәдени бірлестіктер өкілдерімен, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, БАҚ өкілдерімен кездесті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев қатысты.Марат Әзілханов өз сөзінде Жаңа Қазақстанды құру жолында еліміздегі бірлік пен ынтымақтың маңыздылығын атап өтті.
Оның пікірінше, қазіргі қоғамдағы негізгі проблемалардың бірі — жалған ақпарат пен арандатушылық әрекеттер, қоғамның бір бөлігін әртүрлі стереотиптер мен теріс пікірлерге, жалған ақпаратқа бейімділігі болып табылады. Осыған байланысты, аталған үрдістерді еңсерудегі ең тиімді шара – азаматтардың бейбітшілік пен келісім атмосферасына зиянын келтіретін деструктивті ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау қабілеті болып табылады. «Жалған ақпаратқа қарсы иммунитетті қалыптастыру — инфекцияларға қарсы биологиялық иммунитетті қалыптастыру секілді маңызды», — деп өз сөзін жалғастырды.
Өз кезегінде Мәлік Отарбаев, Жаңа және Әділ Қазақстан құрудың алғышарттарының бірі — Қазақ халқының бірлігін сақтау мен нығайту екендігін атап өтті. Мемлекет басшысының сөзіне сілтеме жасай отырып, ол Жаңа Қазақстан әділеттілік, сабақтастық пен прогресс сынды үш негізгі қағидатқа құрылып жатқандығына тоқталды.
Осы іс-шараға байланысты Әл-Фараби кітапханасы ақпараттық-құжаттық көрме ұйымдастырды.
Күні: 10 маусым 2022 жыл
Көрменің мақсаты: Қазақ жазушыларының еңбектерін өзге тілдерге аударылған әдеби шығармаларын насихаттау. Сонымен қатар түрлі ұлт этностостарының тіліндегі әдебиеттерді дәріптей отырып, ұлттар арасындағы ынтымақтастықты, бірлікті қалыптастыру. Қазақ әдебиетімен басқа ұлт өкілдерінің әдебиетін байланыстырып, үйлестіре отырып кітапты дәріптеу. Сондай-ақ өзге ұлт өкілдерінен тұратын кітапхана пайдаланушыларының санын арттыру.
Көрме бөлімдері:
- Қазақ жазушыларының өзге тілдерге аударылған туындылары
- Әдебиет саласындағы өзге этнос өкілдерінің шығармалары
Қазақ жазушыларының өзге тілдерге аударылған туындылары. Аударма — өмір танытатын, білім тарататын, тәрбие беретін құрал ғана емес, ол сонымен қатар ұлтар арасындағы экономикалық, әлеуметтік, рухани, ғылыми қарым-қатынастың тәрбие –тағылым алмасудың үлгісі. Бүгінгі күні халықтардың өзара достық қарым-қатынасында, олардың бір біріне етене жақындасуың да аударма шығармалардың орны ерекше. Қазақ және әлем халқы ғасырлар бойы мәдени, әдеби кеңістікте айырықша тығыз байланыста өмір сүріп келеді. Ал қазақ елінің бүгінгі 30 жылдық тәуелсіздігі кезеңінде тарихи-қоғамдық жағдайдың ауысуынан, әдебиеттің идеялық-эстетикалық мазмұнының күрт өзгеруінен әдебиетаралық қарым-қатынас мәселесі жаңаша шешім таба бастады. Осыған сәйкес әлем әдебиетінің қазақ тіліне аударылуы, сонымен қатар қазақ әдебиетінің әлем тілдеріне аударылуы – қазақ және әлем әдебиетінің байланыстарын көрсетеді.Бұл бөлімге Қасым Қайсеновтың 2-томдық «Избранное» кітабы, Әзімхан Нұршайықовтың «Песня любви» (Махаббат қызық мол жылдар), Ильяс Есенберлиннің, Салық Зимановтың тағы басқа жазушылардың ағылшын, неміс, француз, қытай, араб тілдеріне аударылған кітаптар қойылды.
Әдебиет саласындағы өзге этнос өкілдерінің шығармалары. Көрменің бұл бөлімі белгілі ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Аслы Османның «Қазағым барда мен бармын» атты кітабынан бастау алды. Ұлттық әдебиет – достық көпірі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 2015 жылы елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы болып жарияланып, барлық этностық топтардың мәдениетін, дәстүрлерін, салттарын, тілдерін сақтап дамыту, бай ортақ тарихи-мәдени мұрамызды сақтау бойынша жұмыстарды жалғастыру туралы айтылған еді. Бұл ел ішіндегі тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім, оның өркендеуі мәңгілік болуы үшін өте қажет. Бұл көп ұлтты Қазақ елі үшін достықты, ынтымақтастықты, бірлікті көздей отырып әр ұлттың мәдени құндылықтарын сақтау деген сөз. көзқарас Ел ертеңі үшін аса қажетті дүние. Бүгінде Қазақстанды мекен еткен әр этностың өзінің мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын насихаттап, өз тілдерінде сөйлеуде бәрінің құқығы тең. Сондай ақ бұл бөлімге өзге этнос жазушыларының қазақ тіліне аударылған кітаптары қойылды.
Көрменің оқырмандық бағыты: форумға қатысушылар, қонақтар, БАҚ өкілдері.
Көрмеге қойылған құжаттар: кітаптар.