«Ұлт шамшырағы – Ыбырай Алтынсарин»

Әл-Фараби кітапханасы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл мерейтойына орай, классикалық оқу залында «Ұлт шамшырағы – Ыбырай Алтынсарин» тақырыбында дәстүрлі кітап көрмесін ұйымдастырды.

Ы.Алтынсарин аса талантты педагог, ағартушы, дарынды жазушы, аудармашы, тамаша ақын, көрнекті қоғам қайраткері, қазақ қоғамының мәдениет пен  экономика жағынан мешеу кезінде өмір сүріп,  халқымыздың демократиялық мәдениеті мен өнерінің бір сыпыра саласында жаңадан өсіп өркендеуіне айқын жол ашып, баянды негіз жасады. Оның өмірі өз Отанын шексіз сүйіп, оған бүкіл жан тәнімен қызмет етудің тамаша үлгілерінің бірі болып табылады. Өйткені әрбір ұлы адамзатпен бірге жасайтын мәңгі өшпес, ескірмес иделарды көтерді. Ол мақсат қазақ халқын ғасырлар бойы езіп келген надандық пен қараңғылықтың шырмауынан босатып, өнер-білімді, мәдениетті елдердің қатарына қосу еді. Сол мақсатта біздің де өз оқырмандарымызға Ы. Алтынсаринның ұлы ағартушылығымен таныстыру.

Күні: 02 қараша 2021 жыл

Көрме 3 бөлімнен тұрады:

  • «Ұлт шамшырағы – Ыбырай Алтынсарин»

Ы. Алтынсаринды зерттеген ғалымдардың еңбектері қойылды. Т. Шойынбаев шығармасында Ы.Алтынсарин халқымыздың мақтанышы, демократиялық бағыттағы ағартушысы, тұңғыш педогог, ақын-жазушы, қазқа елі үшін оқу-ағарту саласында игі еңбек сіңіргенін ашып айтты. А. Нұхұлының редакторлығымен 5 томық шығармалық жинағы, Ә.Ж. Дербисәлиннің Ы. Алтинсариннің жазушылық қызметі жайында жазған еңбегі жәнеде т. б. 

  • «Ыбырай Алтынсариннің – шығармалары»

Ы. Алтынсариннің өзінің еңбектері көркем әдебиеттері қойылды.

  • «Ұлы педагог – Ыбырай Алтынсарин»

Ұлттымыздың Ұлы педогогы жайлы ҚазҰУ-нің доценті Қанипаш Мәдібай Ы.Алтынсарин ислам дінінің негізгі ұстанымдарын қазақ баласына дұрыс тәрбие беруге бағыттады деп келтірген өз мақаласында. Және журналдар мен газет беттеріндегі көптеген мақалалар қойылды.

Яндекс.Метрика