Біздің Кітапханада Буккроссинг сөресі пайда болды!

Буккроссинг дегеніміз не?

Буккросинг немесе кітап алмасу – әлеуметтік желілер принципі бойынша әрекет ететін, флешмобқа жақын хобби және қоғамдық қозғалыс. Адам кітапты оқып біткен соң, оны басқа, кездейсоқ адам осы кітапты оқуы үшін  қоғамдық орында (саябақ, дәмхана, поезд, кітапхана, метро станциясында) қалдырады («босатады»), ол өз кезегінде дәл соны қайталау керек (ақпарат ашық көздерден).

Әл-Фараби кітапханасында Буккроссинг сөресі екінші қабатта классикалық оқу залында (217-кабинет) орналасқан. Ұнаған кітабыңыздың орнына басқа кітап қалдырып, алуыңызға болады.

Толығырақ менеджерлерден біліңіз.

Буккроссинг сөресі

Яндекс.Метрика