Кітапхана пайдаланушыларының құқықтары мен міндеттері

1. Кітапхана қолданушылары:

1.1 ұсынылатын кітапханалық-ақпараттық қызметтердің негізгі түрлерін тегін пайдалануға;
1.2 кітаптарды және ақпараттың басқа да көздерін уақытша пайдалану үшін кітапхананың барлық абонементтерінен алуға;
1.3 электрондық ақпарат және кітапханалық ақпарат берудің басқа да түрлері арқылы кітапхана қорларының құрамы туралы толық ақпарат алуға;
1.4 ақпарат көздерін іздеу мен таңдауда консультациялық көмек алуға;
1.5 Кітапхананың абонементтеріндегі Шағымдар мен ұсыныстарға арналған кітапқа Кітапхана жұмысы бойынша пікір, ескерту, ұсыныстарды жазып қалдыруға ҚҰҚЫЛЫ.

2. Қолданушылар:

2.1 Кітапхананы пайдалану ережелерімен, Кітапхана қолданушысының құқықтары және міндеттерімен танысып, оларды орындауға;
2.2 қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің талабы бойынша ID-картаны ұсынуға;
2.3 сырт киімді гардеробқа өткізіп, үлкен сөмке мен рюкзактарды сақтау камерасында қалдыруға;
2.4 кітапхана залдары мен абонементтерінде әдебиет алу үшін ID-картаны көрсетуге;
2.5 жеке ақпарат тасымалдағыштарды (флешкілер, дискілер)  қолдану барысында оларды вирусқа тексеруге;
2.6 кітаптарға, басқа да баспалық шығармаларға, кітапхана материалдары мен мүлкіне  ұқыпты болуға;
2.7 электрондық кітапхана мүлкіне (құрал-жабдық, техника, жиһаз, т.б.) залал келтірген жағдайда оның толық құнын өз есебінен өтеуге;
2.8 алған басылымдарды уақытында қайтаруға немесе қолдану мерзімін абонемент пен оқу залдарында ұзартып алуға;
2.9 кітапхана кітабын жоғалтқан немесе кітапты жыртып алған жағдайда келтірген залалын дәл сондай кітап әкеліп беру арқылы, кітапхана жоғалған басылымға сәйкес деп санайтын басылым әкеп беру арқылы (жоғалған кітаптардың орнына ұсынылған кітаптар тізімі ​) немесе жоғалған басылымның нарық құнын университет кассасында, болмаса   «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында төлеу арқылы толтыруға МІНДЕТТІ. 
Назар аударыңыз! Кітапхана қызметкеріне төлемақыны қолма-қол қаражат түрінде қабылдауға тыйым салынады, ондай жағдайда кітапхана әкімшілігіне (кабинет 206,  тел. 8(727)2211701) хабарласу керек немесе Шағымдар мен ұсыныстар кітабында қызметкердің аты-жөнін көрсетіп, шағым қалдыру керек.
2.10 Жоғарыда көрсетілген ережелерді сақтамаған жағдайда қолданушыға Кітапхана қызметтерін қолдануға толығымен немесе уақытша шектеу қойылуы мүмкін.
2.11 Ережелерді бұзған немесе кітапханаға залал келтірген тұлғалар Кітапхананы пайдалану ережелеріне ​ және ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік, азаматтық-құқықтық (материалдық) жауапкершілікке тартылады.

3. Қолданушыға:

3.1 әдебиет алу үшін басқа адамның құжатын пайдалануға тыйым салынады. Оқу залында басқа адамның ID-картасын пайдаланғаны үшін қолданушы 1 айға кітапхананы пайдалану құқығынан айырылады;
3.2 кітапхананың оқу залдарынан әдебиеттерді алып шығуға және жеке заттарын қараусыз қалдыруға тыйым салынады;
3.3 оқу залдарында қатты сөйлеуге, телефонды дыбыстық режимде қолдануға тыйым салынады;
3.4 оқу залдарында қайшы, өткір заттар, желім пайдалануға, кітапханалық басылымдарды бүлдіруге, оларға белгі қоюға, сызуға, парақтарын бүктеуге, кесуге, жыртуға, құжаттардың RFID-белгісін бүлдіруге, суреттерді, карталарды, сызбаларды бастырып алуға болмайды; кітапты бүлдіргені (парақтарын жыртқаны) үшін қолданушыға 3 айға дейін кітапхананы пайдалануына шектеу қойылады;
3.5 қызметтік бөлмелерге, оқу залдарының қосалқы қорларына және кітап сақтау қорына рұқсатсыз кіруге;
3.6 кітапхана бөлмелерін және кітапханалық материалдарды фотоға, бейнеге түсіруге.  Фотоға, бейнеге түсіру тек  кітапхана әкімшілігінің рұқсатымен жүзеге асырылады;
3.7 кітапхана аумағында темекі шегуге болмайды, сондай-ақ, мұнда қалыптан тыс әрекеттер мен дөрекі мінез көрсетуге рұқсат етілмейді.

4. Кітапхананың құқықтары мен міндеттері

4.1 Кітапхана міндеттері:

  • «Әл-Фараби атындағы кітапхана туралы ережеге» және осы ережеге сәйкес оқырмандарға қызмет көрсетуге;
  • ұсынылатын қызметтердің барлық түрлері туралы оқырмандарды ақпараттандыруға;
  • оқырмандарды кітапхананың барлық қорларын пайдалану мүмкіндігімен қамтамасыз етуге;
  • кітап қорын, көрсетілетін қызметтерді көпшілікке таныстыстырып отыруға, кітапқа деген қызығушылықты дамытып ынталандыруға;
  • компьютерлендіру мен озық технологияларды енгізе отырып, оқырмандарға кітапханалық және ақпараттық қызмет көрсетуді жетілдіруге;
  • кітапханада оқырмандардың жұмыс істеуіне ыңғайлы жағдай жасауға;
  • белгіленген ережелерге сәйкес қордағы бар кітаптардың, басқа басылымдар мен материалдардың пайдаланылуын, сақталуын және есеп жүргізілуін жүзеге асыруға;
  • мәдени ұлттық құндылығымыздың бір бөлігі болып саналатын қорлардың бүтінділігіне жауапты болуға;
  • кітапханада сақталған құжаттарға оқырмандардың қол жеткізуіне шектеу қоймауға міндетті.

4.2 Нормативтік талаптарға сәйкес кітапхана күндерін өткізуге құқығы бар. Бұл күні оқырмандарға қызмет көрсетілмейді

Яндекс.Метрика