Scopus – рецензияланған әдебиеттің ең ірі реферативтік және анықтамалық деректер қоры: ғылыми журналдар, кітаптар және конференциялардың материалдары. scopus.com
Неге Scopus дерекқорымен жұмыс істеу керек?
- Бүкіл әлемнен 5000-нан астам ғылыми басылым
- 22 мыңнан астам мерзімді басылым
- 70 миллионнан астам ғылыми мақала
- Scopus ғылыми мақалалар мен дәйексөздердің дерекқорлары арасында №1
- Сіздің ғылыми жұмысыңызды жақсартуға көмектесетін ғылыми материалдар мен зерттеулер нәтижелерінің талдау қоры
- Халықаралық ғылыми әлемде сыртқы сарапшылар мен әлеуетті қосымша авторларды табуға көмектесетін дерекқор
- Қаржыландыру жөнінде өтініш беруге немесе ұйымыңыздың зерттеу сұраныстарына қолдау көрсетуге болады
Жаңа пайдаланушы ретінде тіркелу үшін Register (Тіркеу) түймешігін басыңыз. Тіркеу терезесіне қажетті ақпаратты – аты-жөніңіз бен электрондық поштаңыздың мекен-жайын енгізіңіз.

Қолданушы ретінде тіркелгеннен кейін электрондық поштадан хабарламалар сияқты дербес функцияларды орнатуға болады.
Сол қолданушы аты мен құпия сөзді пайдалану арқылы ScienceDirect және Engineering Village-ға да кіре аласыз. Қайтадан авторизация жасау талап етілмейді.
Егер сізде қолданушы аты мен құпия сөз болса, Login-ді (Кіру) басып, оларды енгізудің тиісті жолдарына енгізіңіз. Осы ақпаратты компьютеріңізде сақтап, кірген сайын қайта енгізбеуіңіз үшін Remember me (Мені есте сақтау) белгісін қойыңыз.

Тіркелген қолданушыларға арналған функциялар:
- Сізді қызықтыратын тақырыптар бойынша жаңалықтардан хабардар болып отыру үшін электронды пошта хабарландыруларын орната аласыз.
- Сіздің іздеген сұраныс нәтижелеріне сәйкес келетін жаңа құжаттардың пайда болуы туралы хабарландырулар
- Автордан дәйексөз келтіру туралы хабарлама
- Құжаттан дәйексөз келтіру туралы хабарлама
- Менің тізімімді тексеру (Check My list)
- Сіз мақалаларды уақытша немесе сақталған тізімде тексере аласыз.
- Жеке баптауларды/құпия сөзді өзгерту
- Баптаулар (Settings) мәзірінен электрондық пошта мекен-жайын, құпия сөзді, RefWorks логин/паролін, т.б. өзгертуге болады.
- Тіркелген пайдаланушылар Scopus-тағы сыртқы көріністі және іздеу баптауларын дербестендіре алады.