М. С. Орынбековтың 75 жылдығына арналған конференция

Әл-Фараби кітапханасында философия және саясаттану факультетінің ұйымдастыруымен философия ғылымдарының докторы, профессор Орынбеков Мұханмадияр Серікбекұлының 75 жылдығы және Халықаралық толеранттылық күніне арналған «ДІНТАНУДАҒЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ. ПОСТНОРМАЛЬДЫ КЕЗЕҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ: АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ ДИСКУРС» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға өтті.

Конференцияның негізгі бағыттары:

  • Зайырлы мемлекеттегі дін және дінтану
  • Постнормальды кезең және алдағы перспективаларды дін призмасы арқылы саралау
  • Қазіргі әлемдегі конфессияаралық және мәдениетаралық диалог. Толеранттылық мәдениеті
  • Уақыт пен кеңістік аясындағы антропологиялық дискурс: кемел адам концепті 

Осы іс-шараға байланысты Әл-Фараби кітапханасы ақпараттық-құжаттық көрме ұйымдастырды.

Әл-Фараби кітапханасы профессор М. С. Орынбековке арналған «М. Орынбеков – ғалым, ұстаз» көрмесін ұсынды. Профессор Орынбековтың ғылыми ізденістерінің басты бағыттары – таным теориясы, ұлттық философияның тарихы, Абайдың ғылыми мұрасы мен ұлы ойшылдардың дүниетанымы.

Көрме келесі бөлімдерден тұрады

  • М. Орынбеков – ғалым, ұстаз
  • Дінтану
  • Философия

Көрмеге қысқаша шолу

М. Орынбеков – ғалым, ұстаз. М. Орынбеков өзінің қарапайымдылығы, адами абзал қасиеті, сөзі мен ісінің бірлігі, жауапкершілігі және әділдігімен ерекшеленді. Ол кең пейілді қамқоршы, ғылыми ізденістерінде шәкірттеріне кеңесші, болмыс-бітімі биік тұлға еді. Ғалым жайында Н. Байтенованың «Ғалым-ұстаз», Қ. Борбасованың «Жетістік жолында» мақалаларын көреміз.

Дінтану. Жоғары кәсіби білім беру жүйесінде дінтану зайырлы тұрғыдан оқытылады. Оқытушылар діни білімге, діни әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерге құрметпен қарайды. ҚазҰУ-да дінтану мамандығы оқытылады. Діни ғылымдардың тақырыбы мен мазмұны қайырымдылық, ізгілік, адамзатты сүю, толеранттылық, басқа дін өкілдеріне құрметпен қарау қағидаттары. Көрменің дінтануға арналған бөлімінде Б. Қ. Бейсеновтың «Зайырлы қоғамдағы діни құндылықтар» және дін тақырыбына арналған кітаптар қойылған.

Философия. Көрменің философияға арналған бөлімінде Т. Ғабитовтың «Қазақ философиясы» кітабы және философия тақырыбына арналған кітаптар қойылған.

Яндекс.Метрика