Жобалар мен іс-шаралар

Құрметті оқырмандар «Кітап оқу лидері» байқауы карантин себебінен уақытша тоқтатылды.

«Кітап оқу лидері» байқауы

«Кітап оқу лидері» байқауы жалпы университеттік «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» аясында өткізіледі. Байқау мақсаты: аталған жобаны университет студенттері арасында насихаттау, кітап пен кітап оқудың имиджін арттыру, қазіргі жастар бойында кітап оқуға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, оқырман талғамы мен қызығушылығын қалыптастыру және дамытуға ықпал ету, үздік оқырманды анықтап, ынталандыру.

«Кітап оқу лидері» байқауының жалпы ережелері

1. Жалпы ережелер

  • «ҚазҰУ-дың студенті оқуға тиіс 100 кітап» атты жалпы университеттік бағдарламаның аясында «Кітап оқу лидері» атты байқауы өткізіледі.

2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері

  1. «ҚазҰУ-дың студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасын насихаттау мен тарату;
  2. Кітапхананың, кітаптың кітап оқудың дәрежесін арттыру;
  3. Кітап оқу дәстүрін сақтау және дамыту;
  4. Үздік оқырмандарды анықтау және марапаттау;
  5. Университет студенттерінің шығармашылық қабілеттерін көрсету және дамыту.

3. Байқаудың құрылтайшылары мен ұйымдастырушылары

1. Байқаудың ұйымдастырушылары – Әл-Фараби атындағы кітапхана.

2. Байқаудың мақсаты мен міндеттерін қолдайтын, ұйымдастырылуы мен өткізілуіне қаржылық немесе іскерлік қолдау көрсетеміз деген кез-келген ұйым мен жеке тұлғалар Байқауың демеушісі  бола алады.

3. Байқаудың өткізілу тәртібін, құжаттарын рәсімдеу, байқаудың барлық кезеңдерінің мерзімдерін анықтау, олардың мазмұны мен талаптарын анықтайтын және сайыстың қорытынды салтанатты шарасын өткізу мерзімі мен орнын анықтайтын ұйымдастыру комитеті құрылады.

4. Байқау ұйымдастырушылары;

  • Барлық қатысушыларға тең жағдай жасау;
  • Байқаудың ашық және әділетті өткізілуін қамтамасыз ету;
  • Байқаудың аралық және қорытынды мәліметтерін ресми жарияланғанға дейін  құпия сақталуын бақылау

4. Мерзімі мен талаптары

Байқау 2018 жылдың 1-ші қыркүйегі мен 2019 жылдың 15 сәуір аралығында 4 кезең бойынша өткізіледі.

  • І кезең. Сауалнама

Байқауға қатысуға ниет білдірушілер кітапханаға келіп сауалнама парағын (сауалнама парағына өту) толтырады және сайысқа қатысу үшін жазбаша тестілеуден өтеді.

Қатысушылар «ҚазҰУ-дың студенті оқуға тиіс 100 кітап» тізіміне енген шығармаларды міндетті түрде оқуы керек. Бұл кітаптарды қатысушылар әл-Фараби атындағы кітапханасының қорларынан ала алады.​

Әдебиеттер тізімі

  1. Абай. Қара сөздері мен таңдамалы өлеңдері
  2. Мұхтар Әуезов. «Абай жолы»
  3. Ахмет Байтұрсынұлы. Өлеңдері  мен шығармалары
  4. Лев Толстой. «Соғыс пен бейбітшілік»
  5. Нұрсұлтан Назарбаев. «Қазақстандық жол»
  6. Шәкәрім Құдайбердіұлы. «Үш анық»
  7. Ілияс Есенберлин. «Көшпенділер» 
  8. Жүсіп Баласағұни. «Құтты білік»
  9. Олжас Сүлейменов. «Аз и Я»
  10. Ілияс Жансүгіров. «Құлагер»
  11. Бауыржан Момышұлы. «Ұшқан ұя»
  12. Мағжан Жұмабаев. Таңдамалы шығармалары
  13. Шекспир. «Ромео мен Джульетта»
  14. Сәкен Сейфуллин. «Көкшетау»
  15. Шыңғыс Айтматов. «Ақ кеме»
  16. Әбдіжәміл Нұрпейісов.  «Қан мен тер»
  17. Қорқыт ата.  «Қорқыттың нақыл сөздері»
  18. Иван Тургенев. «Әкелер мен балалар»
  19. Федор Достоевский. «Қылмыс пен жаза»
  20. Михаил Булгаков. «Мастер мен Маргарита»
  21. Ғабит Мүсірепов. «Ұлпан»
  22. Сәбит Мұқанов. «Өмір мектебі»
  23. Міржақып Дулатұлы.  «Бақытсыз Жамал»
  24. Николай Гоголь. «Ревизор»
  25. Мұқағали Мақатаев. Таңдамалы шығармалары
  26. Қожа Ахмет Йассауи. Диуани хикмет
  27. Бұқар жырау.  Таңдамалы толғаулары
  28. Жамбыл Жабаев. Өлеңдері мен дастандары
  29. Михаил Шолохов. «Тынық Дон»
  30. Жүсіпбек Аймауытов. «Ақбілек»
  31. Сұлтанмахмұт  Торайғыров. Таңдамалы шығармалары
  32. Мұхтар Шаханов.  «Өркениеттің адасуы»
  33. Әл Фараби. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат»
  34. Александр Грибоедов. «Ақылдың азабы»
  35. Міржақып Дулатов. «Оян, қазақ!»
  36. Махамбет Өтемісұлы. Таңдамалы шығармалары
  37. Бейімбет Майлин. «Шұғаның белгісі»
  38. Эрнест Хемингуэй. «Шал мен теңіз»
  39. Сәбит Мұқанов. «Мөлдір махаббат»
  40. Анна Ахматова. Таңдамалы шығармалары 
  41. Сергей Есенин. Таңдамалы өлеңдері
  42. Асан қайғы шығармалары. XV-XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы
  43. Ғабиден Мұстафин. «Дауылдан кейін»
  44. Гете. «Фауст»
  45. Даниэль Дефо. «Робинзон Крузо»
  46. Әзілхан Нұршайықов. «Ақиқат пен аңыз» 
  47. Шерхан Мұртаза. «Қызыл жебе»
  48. Гомер. «Одиссея», «Илиада»
  49. Борис Пастернак. «Доктор Живаго»
  50. Мұхтар Әуезов. Философия жайындағы мақалалары
  51. Сервантес. «Дон Кихот»
  52. Марина Цветаева. Таңдамалы өлеңдері  
  53. Қасым Аманжолов. Таңдамалы шығармалары
  54. Мұхтар Мағауин. «Аласапыран»
  55. Фариза Оңғарсынова. Таңдамалы шығармалары
  56. Теодор Драйзер. «Америкалық трагедия»
  57. Тұманбай Молдағалиев. Таңдамалы шығармалары
  58. Конфуций. «Лунь Юй»
  59. Дулат Бабатайұлы. «Өсиетнама» жинағы
  60. Қабдеш Жұмаділов. «Тағдыр»
  61. Эрнест Хемингуэй. «Қош, бол майдан»
  62. Михаил Лермонтов. Таңдамалы өлеңдері  
  63. Әнуар Әлімжанов. «Махамбеттің жебесі»
  64. Александр Пушкин. «Борис Годунов»
  65. Василий Шукшин. «Қызыл бүрген»
  66. Ақтамберді. XV-XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы
  67. Антон Чехов. «Шағала»
  68. Александр Островский. «Жасауы жоқ қалыңдық»
  69. Сапарғали Бегалин. «Шоқан асулары»
  70. Иса Байзақов. «Құралай сұлу»
  71. Стендаль. «Қызыл мен қара»
  72. Белла Ахмадуллина. Таңдамалы шығармалары  
  73. Әбіш Кекілбаев. «Үркер»
  74. Жұбан Молдағалиев.  «Жүректегі жазулар»
  75. Зейнолла Қабдолов. «Менің Әуезовім»
  76. Дулат Исабеков. «Тіршілік»
  77. Булат Окуджава. Таңдамалы шығармалары
  78. Әзілхан Нұршайықов. «Махаббат қызық – мол жылдар»  
  79. Тахауи Ахтанов. «Шырағың сөнбесін»
  80. Сәкен Жүнісов. «Ақан сері»
  81. Бердібек Соқпақбаев. «Өлгендер қайтып келмейді»
  82. Антон Чехов.  Әңгімелері.
  83. Софы Сматаев. «Елім-ай» трилогиясы
  84. Оскар Уайльд. «Дориан Грейдің бейнесі»
  85. Хамит Ерғалиев. «Құрманғазы»
  86. Федор Тютчев. «Сіз неге бүгін…»
  87. Евгений Евтушенко. Таңдамалы шығармалары
  88. Иван Гончаров. «Обломов»
  89. Аристотель. «Саясат»
  90. Оралхан Бөкеев. «Атау кере»
  91. Әбділдә Тәжібаев. «Монологтар»
  92. Саттар Ерубаев. «Менің құрдастарым»
  93. Зейтін Ақышев. «Жаяу Мұса»
  94. Томас Мор. «Утопия»
  95. Роберт Рождественский. Таңдамалы шығармалары
  96. Артур Шопенгауэр. «Әлем дегеніміз – ерік пен ұғым»
  97. Джек Лондон. «Қасқыр»
  98. Сәкен Жүнісов. «Аманай мен Заманай»
  99. Төлеген Айбергенов. Өлеңдер жинағы
  100. Бексұлтан Нұржекеев. «Бір өкініш, бір үміт»
  • ІІ Зияткерлік кезеңі (1 ақпан-1 сәуір аралығы)

Екінші кезеңде қатысушылардан «100 кітап» тізіміндегі шығармалар бойынша тест алынады

  • ІІІ Шығармашылық шеберлік кезеңі (8-15 сәуір аралығы)

Үшінші турға өткен студенттер өздерінің жазушылық қабілеттерін – сүйікті шығармасы, шығарманың көтерген мәселесі туралы немесе кітапқа деген қызығушылығын эссе жазу арқылы, немесе өзінің сүйікті шығармасынан үзіндіні жатқа оқиды.

  • IV кезең. Байқаудың қорытындысы және марапаттау (17-20 сәуір аралығы)

Байқаудың қорытындысын шығару үшін университет оқытушылары, кітапхана және университет қызметкерлері арасынан сараптамалық комиссия құрылады.

Барлық іріктеу кезеңдерінің қорытындылары бойынша әртүрлі номинацияларда «Кітап оқу лидері» анықталып және құрмет грамоталарымен және демеушілердің сыйлықтарымен марапатталады.

Анықтама үшін телефондар: + 7 (727) 377 33 33 ішкі (1712), +7 7073121701​

Әдеби оқулар. Іс-шараның басты міндеті – өз сезімін өлең-жыр, көркем сөзде білдіре білуді, бейтаныс қоғамда өзін-өзі сенімді ұстауды, шешендік қабілеттерін, көпшілдігін, командада жұмыс істей білуін, жетекші қасиеттері, қалыптан тыс ойлау қабілеттерін, жауапкершілікті, мұқияттылықты дамыту арқылы студент тұлғасын дамыту. Әдеби оқулар аясында тақырыптық жыр кештері өткізіледі, студенттер жоғары оқу орындары арасында өтетін әдеби кештерге, университетімізде өтетін шығармашылық іс-шараларға қатысады, жазушылармен кездесулер ұйымдастырылады.​


Оқырман конференцияларыІс-шара мақсаты – студенттер арасында кітапты қадірлеуді, кітап оқуды насихаттау, жастардың көпшілік алдында сөйлеп машықтанып, өзін-өзі дамытуына ықпал ету. Іс-шараларды кітапхана жыл бойы кітапхана жанындағы жастар кеңесімен және   «Көкжиек» студенттік клубымен бірлесе өткізеді.​

Яндекс.Метрика