Ағымдағы жылдың 2 желтоқсанда Әл-Фараби атындағы кітапханада халықаралық ғылыми деректер базалары — Scopus жәнеScienceDirect-пен тиімді жұмыс істеуге, сондай-ақ ғылыми мақалаларды жариялау үшін журналды дұрыс таңдауға арналған практикалық сабақ өтті. Іс-шара жас ғалымдарға, докторанттарға және ғылыми қауымдастықтағы халықаралық беделін арттырып, жарияланымдарының сапасын жақсартуға ұмтылған зерттеушілерге бағытталды.
Семинарға университеттің шамамен 50 докторанты мен жас зерттеушілері қатысты. Тақырыптың өзектілігіне байланысты шараға қызығушылық жоғары болды: жарияланымдық белсенділікке қойылатын талаптар күшейіп келеді, ал Scopus және ScienceDirect құралдарын меңгеру — қазіргі заманғы ғалымның маңызды құзыреті.
Семинар барысында қатысушылар ғылыми әдебиеттерді іздеу, дәйексөзді талдау және өзекті дереккөздерді іріктеу платформаларының мүмкіндіктерімен танысты. Журнал метрикаларымен — CiteScore, SJR, SNIP — жұмыс істеуге ерекше назар аударылды. Бұл көрсеткіштер басылымдардың сапасын бағалап, оларды зерттеу тақырыбына сәйкестігін анықтауға мүмкіндік береді.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылардың жарияланымдық сауаттылығы айтарлықтай артты, заманауи ғылыми-ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу дағдылары жетілді, сондай-ақ халықаралық ғылыми журналдардың талаптарын тереңірек түсіну қалыптасты.