… Мен сендерді Интернет алмастыра алмайтын белсенді түрде жан-жақты дамуға, спортпен, өнермен айналысуға, шет тілдерді үйренуге, отандық және әлемдік әдебиеттің терең мұраларын танып-білуге шақырамын…
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың
«Қазақстан білім қоғамы жолында» атты интерактивті дәрісі
«100 КІТАП» жобасы туралы
Бүгінгі ғылым мен техника қауырт дамыған, жастардың жаппай компьютерлік технологиямен әуестенуі кезеңінде рухани мұраттар мен құндылықтарды өркендету және әдеби көркем шығармашылыққа мұраға деген қызығушылықты қайта қалпына келтіру өзектілікті қажет етеді.
Студенттердің мәдени және білім деңгейін көтеру үшін «100 кітап» жобасы әзірленді, оның аясында ҚазҰУ студенті оқуға тиіс үздік отандық және әлемдік классиктердің шығармалары таңдалды және тізімі құрылды. «100 кітап» жобасын жүзеге асырудың алғашқы жылы университет студенттерінің кітап оқуға деген құмарлығы артып келе жатқанын байқатады.
Жоба мақсаты: кітап оқуға тарту арқылы студенттердің мәдени және білім деңгейін көтеру
Міндеттері:
- Әлеуеті биік, мәдениеті жоғары маман қалыптастыру.
- Сөйлеу мәдениетінің деңгейін арттыру
- Отандық және әлемдік әдебиеттерге деген қызығушылығын арттыру.
- Студенттің классикалық әдеби тілді үйренуіне, сөздік қорын тұрақты толықтыруға және байытуға, олардың грамматикалық нормалар мен ережелерді меңгеруіне, коммуникативтік дағдылар мен зейінін дамытуға, өз ойларын анық және айқын жеткізе білуге жұмылдыру.
Негізгі шаралар:
- Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алып жатқан жастарға үндеу тарату
- «Бір факультет – бір кітап» марафоны
- «Бір кітапты бір мерзімде оқу» акциясы
- Шығарма авторларымен, белгілі тұлғалармен кездесу
- Клубтар мен үйірме мүшелерінің арасында пікірталас, дөңгелек үстел, сайыстар
- Әлеуметтік желі қауымдастығында шығармаларды ашық талқылау
- Әдеби-мәдени кештер, кураторлық сағаттар
- Жұмыс нәтижелері туралы қоғамды ақпараттандыру
Күтілетін нәтижелер:
- Білім алып жатқан жастарға қазақ әдебиетінің, әлем классикасының, жалпы түркітілдес халықтар әдебиетінің алтын қорындағы аса құнды шығармаларды оқыту, үйрету.
- Жастар арасында кітап оқуды үрдіске айналдыру.
- Отандық және әлемдік әдебиеттің терең мұраларын танып-білген, рухани дүниемен сусындаған, бәсекеге қабілетті ҚазҰУ түлегін қалыптастыру.
Ақпараттық қолдау: Республикалық «Жас қазақ» газеті, «Қазақ университеті» газеті