Академик Ебіней Бөкетовтың 100 жылдығына арналған семинар өтті

Әл-Фараби кітапханасында академик Ебіней Бөкетовтың 100 жылдығына орай Түркітану және алтайтану ғылыми-зерттеу институты және Әл-Фараби кітапханасының ұйымдастыруымен «Ғылым персонологиясы: Е.Бөкетовтің тілдік тұлға тұжырымдамасынан қазіргі түркі-славян зерттеулеріне дейін» атты ғылыми білім беру семинары өтті. Семинар мақсаты — Е.Бөкетовтың ғылыми мұрасын құрметтей отырып, оның тіл біліміндегі концепциялары мен зерттеулерінің өзектілігін көрсету. 

Іс-шара барысында «Ғылым персонологиясындағы тілдік тұлға: академик Е.А. Бөкетовтың дискурсының талдауы» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Сонымен қатар семинарда академиктің көзін көрген ғалымдар мен оның мұрасын терең зерттеушілер сөз тізгінін алып жас ғалымдар мен білім алушыларға бағыт-бағдар көрсетті. Академиктің ғылым мен ізденіске толы ғұмыры туралы естеліктер кейінгі ұрпаққа мәңгі өшпес мұра болып қалары сөзсіз.

Айта кетейік, Ебіней Бөкетов Қазақстан ғылымының қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосқан ғалым. Әсіресе химия-металлургия саласына көп көңіл бөлген. Мамандығы химик бола тұра, әдебиетімізді ерекше жақсы көріп, қызығушылық танытқан.  Өзі де көркем шығармалар жазып, әрі аудармашылықпен де айралысқан. КСРО Жазушылар Одағының мүшесі болған.

Яндекс.Метрика