Электрондық кітапхана функционалды түрде келесі аймақтарға бөлінген:
Электронды порталмен, кітапхана каталогымен, университеттің корпоративтік басқару желісімен, интернет ресурстармен – әлемнің цифрлық кітапханаларымен, Қазақстан мен ТМД елдерінің онлайн кітапханаларымен, серіктес университеттердің кітапханаларымен жұмыс істеуге арналған Интернетпен жұмыс жасау аймағы.
Әлемдік баспалардың электрондық басылымдарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін Іздеу көздері қорымен жұмыс істеу аймағы.
Мультимедиалық мәліметтермен (бейне-, аудиоматериалдар, графика) жұмыс істеу аймағы Жаңа ресурстарды қарауға, өңдеуге және әзірлеуге мүмкіндік береді; телеарналар сайттарына кіруге мүмкіндік береді.
Бейнематериалдар мен цифрлық теледидар бағдарламаларын жеке және топтық көруге, онлайн-режимде көрсетілетін телевизиялық бағдарламаларға тіркелу мүмкіндігіне, «Қазақтелеком» тарапынан IDTV қызметін ұсынуға арналған Спутниктік теледидар аймағы.
Графикалық редакторлармен жұмыс істеу, карталарды құру («Картография» мамандығы бойынша), математикалық модельдеу, жобаларды компьютерлік 3D графикада орындау мүмкіндігін беретін Графикалық бағдарламалармен жұмыс істеу аймағы.
Студенттердің шет тілдерін өз бетінше меңгеруіне арналған Лингафон аймағы.
Жеке деректермен өз бетінше жұмыс істеу мүмкіндігін беретін Ноутбуктермен жұмыс істеу аймағы