Scopus, кітапхана қоры және үйден қол жетімді басқа да толықмәтінді дерек қорлары!

Құрметті оқытушылар, зерттеушілер, докторанттар, студенттер! Карантин режимінің күшейтілуіне байланысты көпшілік үйден жұмыс істеуге және оқуға мәжбүр, сондықтан біз сіздерге үйден қолжетімді дерек қорлар топтамасын ұсынамыз.

Әл-Фараби кітапханасының дербес деректер қоры үйден қол жетімді. Ол үшін Толықмәтінді деректер қоры сілтемесі бойынша өтіп, пайдаланушы аты мен парольді жасаған болсаңыз, жүйеге кіруіңіз немесе тіркелуіңіз керек. Содан кейін өріске атауын енгізу арқылы қажетті кітапты табыңыз немесе кілт сөздері бойынша барлық қол жетімді кітаптарды табыңыз.

Сонымен қатар сіздерге үйден біздің электрондық каталог қол жетімді. Каталогтан кітапхананың бүкіл қорындағы басылымдарды табуға болады, сондай-ақ серіктес ресурстардағы басылымдар да қол жетімді. Назар аударыңыз! Каталогпен жұмысты Univer жүйесінен өтіп істеу ұсынылады, сол кезде жүйе сізді университеттің компьютерінен кіріп жұмыс істеп жатқандай қабылдайды.

Сондай-ақ каталогтан қарыздарыңздың бар-жоғын тексере алатыныңызды еске саламыз (осы жерден көруге болады).

Scopus-тың реферативтік деректер қоры – зерттеушілердің маңызды құралдарының бірі, әлемдегі ең ірі мәліметтер базасының бірі. Бұған дейін біз оқытушылардың аккаунтты корпоративті электрондық пошта арқылы қалай белсендіре алатындығы туралы жазған болатынбыз. Қазір Elsevier компаниясы зерттеушілерге қолайлы болу үшін, әрбір қолданушының Scopus деректер қорына қашықтан қол жеткізуіне жағдай жасап қойды. Ол үшін электрондық мекен-жайыңызды tastankulov.yerkin@kaznu.kz мекен-жайына жіберіп, хат тақырыбына «Scopus деректер қорына қол жетімділік» деп көрсетіңіз. Әрі қарай, сол күні Elsevier баспасынан көрсетілген поштаға шақыру келеді, онда сілтеме, логин мен пароль көрсетіледі, олар арқылы сіз Scopus деректер базасын пайдалана аласыз.

«Эпиграф» отандық деректер қоры және Mbook мультимедиялық платформасы. Бұл ресурстар туралы және оларды қалай пайдалану керек туралы толығырақ мына жерден оқыңыз.

«Юрайт», IPRmedia, «Лань» ЭКЖ және Wiley немесе әл-Фараби кітапханасының электрондық каталогына біріктірілген дерек қорлары. Енді бұл дерек қорлары электрондық каталогтан қол жетімді. Ол үшін Univer жүйесіне авторизация жасап кіруге, содан кейін «Кітапхана» батырмасын таңдап басу қажет. Каталогка кіргеннен кейін қажет серіктестердің ресурстарын белгілеп, іздеу жолына кілт сөзін енгізіңіз. Бөгде (біздің университеттікі емес) қолданушылар үшін шектеулер болғандықтан, әр дерекқор туралы бөлек біліп алуға кеңес береміз.

IEEE Explore және Есептеу техникасы қауымдастығының Digital Library халықаралық ғылыми-техникалық базалары. Ақылы жазылымның жоқтығына қарамастан, зерттеушілерге ресурстарының бір бөлігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін мәліметтер базасы.

Үйден Web of Science дерек қорына кіру сіз өзіңіздің аккаунтыңызды университет аумағында немесе дерек қорына кіру мүмкіндігі бар ғылыми ұйым аумағында поштаңыздан белсендірген жағдайда ғана қамтамасыз етіледі. Мысалы, сіз әл-Фараби кітапханасының үшінші қабатындағы электрондық залға келіп, поштаңызды ашып (пароліңізді сақтамаңыз), Web of Science базасына кіріп, көрсетілген поштамен тіркеле аласыз. Сізге авторизация туралы сұраныс келеді, сілтеме бойынша өтесіз. Университет желісіндегі бір рет авторизацияланғаннан соң, кейін Web of Science мәліметтер базасы үйден қол жетімді болады.

Сұрақтар туындаса, tastankulov.yerkin@kaznu.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Немесе Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі парақшаларымызға тікелей жазыңыз

Сайттағы жаңалықтарды қадағалап отырыңыз, біздің серіктестер өз ресурстарын тиімді пайдалану бойынша семинарлар мен тренингтер өткізіп отырады, кейде, кейбір семинарларға қатысу нәтижесі бойынша тіпті сертификат алуға болады!

Яндекс.Метрика