
ҚазҰУ-да жаңа формациядағы университетті құру мақсатында ұлы ойшыл әл-Фарабидің ізгілікті қала туралы ілімі негізі болып табылатын «Аl-Farabi university — smart city» жобасы іске асуда.
Университеттің жаңа моделін жүзеге асыру технологиялық және рухани-адамгершілік концептердің синергизмі негізінде қазіргі қоғамның дамуына байланысты инновациялық ұстанымдарды негіздеуге мүмкіндік береді.
Парасатты университеттер — интеллектуалды ұлтты қалыптастырудың кепілі, нәтижесінде Smart — Қазақстанды құрайтын біздің мемлекетіміздің Smart — қалаларының негізі.