«Абай – руханияттың алтын қазығы» онлайн байқауы!

Әл-Фараби кітапханасында онлайн өткізілетін

«Абай  руханияттың алтын қазығы» байқауының

ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абай руханияттың алтын қазығы» байқауы өткізіледі. Бұл байқауға ниет білдірген оқырманның барлығы қатыса алады. Байқау онлайн түрінде жүргізіледі.

Байқау өткізу мерзімі: 2020 жылғы 6  — 28 сәуір . Осы уақыт аралығында өтініш, эссе жазу, видео сайыс — барлығы қабылдана береді.

Байқаудың мақсаты: Кітап – рухани қазына. Кітапхана қорындағы бай мұралардың бірі, рухани қазынамыз –Абай шығармашылығын оқырмандарға таныстыру. арқылы рухани құндылықтарымызды насихаттау. Эстетикалық талғамы жоғары, ойы зерек, қиялы жүйрік, жан-жақты білімді оқырмандар санатын іріктеу.

Тұжырымдаманың көрнекілігі: Слайд, нақыл сөздер

Нақыл сөздер:

  • Шын білім – ақиқат, анық білім.
  • Артық ғылым кітапта,
    Ерінбей оқып көруге.

Байқау ұйымдастырушысы: Әл-Фараби атындағы кітапхана.

Байқау өткізу тәртібі:

1.Өтініш (электронды нұсқада)

2.Эссе жазу (электронды нұсқада)

3. Видео сайыс (Абай шығармаларынан үзінді оқу)

4.Қорытынды және марапаттау

1.Өтініш

Байқауға қатысу үшін оқырмандар электронды нұсқада өтініш толтыруы керек. Өтініш толтыру үшін осы сілтемеге басыңыз (Өтініш толтыру). Қатысушылар Абай Құнанбаевтың шығармаларын әл-Фараби атындағы кітапхана сайтынан (Толықмәтінді дерекқорды ашу) оқи алады.

2. Эссе жазу

Тіркеуден өткеннен кейін байқауға қатысушылар Абай шығармалары бойынша эссе жазуы керек. Эссе электронды нұсқада жазылуы тиіс және көлемі 1000-1500 сөз болуы қажет. Жазылған эссені біздің Tastankulov.yerkin@kaznu.kz эл.почтаға жіберу қажет. Қатысушылардың эсселері жинақталып, біздің кітапхана сайтына онлайн жинақ ретінде қойылады.  Үздік эссені арнайы құрылған қазылар алқасы анықтайды (интернеттен көшіруге болмайды). Жақсы жазылған эсселер байқаудан соң мерзімді басылымдарға ұсынылады.

3. Видео сайыс

Бұл кезеңде қатысушылар Абай Құнанбаевтың шығармаларынан үзінді оқып, видеоға түсіріп жіберуі керек. Дайын видеосын қатысушылар Инстаграм парақшасына #abai_175_alfarabi_kitaphana хештегі арқылы жүктей алады. Жеңімпаз онлайн дауыс беру арқылы анықталады.

4. Қорытынды және марапаттау

Байқауды қорытындылау үшін университет оқытушылары мен кітапхана қызметкерлері арасынан арнайы қазылар алқасы құрылады. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталады.

Жеңімпаздар номинациялары:

  • Ең үздік эссе ( І, ІІ, ІІІ орын )
  • Ең сапалы видео ( І, ІІ, ІІІ орын )

Сұрақтар бойынша WatsApp нөмірі арқылы хабарласыңыз: +77078416651

Яндекс.Метрика