Құрметті ұстаздар қауымы!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ұстаз – адам бойына білім мен тәрбие дарытатын, өмірлік бағыт-бағдар беретін ұлы тұлға. Сіздер – білімнің шырақшылары, парасат пен ізгіліктің қайнар көзісіздер. Өз шәкірттеріңізге кітап пен ғылымға деген құрметті сіңіріп, олардың болашағына жол ашып келесіздер.
Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында жас ұрпақ тәлімді тәрбие алып, туған еліне қызмет ететін саналы азамат болып өсуде. Бұл – қоғам дамуының берік негізі.
Құрметті ұстаздар!
Еңбектеріңізге береке, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық пен амандық тілейміз. Шәкірттеріңіздің жетістігі әрдайым қуаныш сыйлап, еңбектеріңіздің жемісі ел игілігіне айнала берсін!