Станцияларды пайдалану нұсқаулығы

Safe Storage бағдарламалық жасақтамасы

Сақтау / брондау камерасы кітапхана пайдаланушыларының жеке заттарын уақытша сақтау және алдын ала брондалған тапсырыстарды беру үшін арналған.


Кітапхана оқырманының кітап тапсырысын алу тәртібі

Станциямен жұмысты бастау үшін авторизация қажет:

  1. Басты экранда «Жұмысты бастау» батырмасын басыңыз. Экранда оқырман билетін жақындатуды сұрайтын хабарлама пайда болады.
  2. Егер пайдаланушының жеке кабинетінде рәсімделген тапсырыстар болса, «Брондау» түймесі қолжетімді болады.
  3. Тапсырысты алу үшін жеке кабинеттегі «Брондау» түймесін басыңыз. Экранда беруге дайын тапсырыстар тізімі көрсетіледі.
  4. Тапсырысты таңдағанда оның мазмұны туралы ақпарат шығады. «Тапсырысты алу» түймесін басыңыз, сол кезде кітаптар салынған ұяшық ашылады.
  5. Ашылған ұяшықтан кітаптарды алыңыз, содан кейін ұяшықты міндетті түрде қайтадан жабыңыз.

Кітапхана пайдаланушыларының заттарын уақытша сақтау

Станциямен жұмысты бастау үшін авторизация қажет:

  1. Басты экранда «Жұмысты бастау» түймесін басыңыз. Экранда оқырман билетін жақындатуды сұрайтын хабарлама пайда болады.
  2. Авторизация сәтті өткеннен кейін экранда сәлемдесу хабарламасы шығады.
  3. Заттарды сақтау үшін «Заттарды сақтау» түймесін басыңыз. Егер бос ұяшықтар болса, олардың бірі ашылады. Егер бос ұяшықтар болмаса, тиісті хабарлама шығады.
  4. Заттарды алу үшін авторизациядан өтіп, «Заттарды алу» түймесін басыңыз.
  5. Ашылған ұяшықтан заттарыңызды алыңыз, содан кейін ұяшықты міндетті түрде қайтадан жабыңыз.

Яндекс.Метрика