Құрметті әріптестер мен қадірлі оқырмандар!
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл – ерлік пен батырлықтың, отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің символына айналған ерекше күн. Елінің тыныштығы мен амандығын қорғай білген нағыз азаматтарға деген құрмет пен алғыстың мерекесі.
Отан алдында адал қызмет етіп жүрген, бейбіт өміріміздің қалқанына айналған барлық батыр азаматтарымызға шын жүректен алғысымызды білдіреміз!
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге табыс, өмірлеріңізге шаттық пен бейбіт күн тілейміз!
Отанды сүю – жүректен, қорғау – ерліктен!
Ізгі тілекпен, Әл-Фараби кітапханасының ұжымы
