Құрметті әріптестер мен оқырмандар, Әл-Фараби кітапханасы сіздерді Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтайды!
Наурыз – жаңа жылдың, көктемнің, табиғаттың жаңаруының, ізгілік пен үміттің бастауы. Бұл мереке халықтардың ынтымақтастығы мен достығын нығайтып, барлық адамзатқа жақсылық, молшылық пен тыныштық тілейді.
Әл-Фараби кітапханасы әрқашан өз оқырмандарының рухани дамуына, білім алуға қолдау көрсетуді басты мақсат санайды. Бұл жылы да біз сіздерге жаңа мүмкіндіктер, жаңа ақпараттар мен қызықты жобалар ұсынуға дайынбыз. Бірге, ынтымақтастықта, шығармашылықпен жаңа жетістіктерге жетуге шақырамыз!
Кітапхана оқырмандарына шабыт, білім, және шығармашылық табыстар тілейміз. Әріптестерге ынтымақтастық пен жаңа жетістіктер тілеміз! Ұлыс оң болсын, Наурыз құтты болсын!
